Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет8/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,89 Mb.
#37168
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қазақ өлкелік әскери комиссариаты жанында құрылған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

8 Тақырып: Қазақтың 48-ұлттық атты әскери полкі (1925-1938).



Дәріс мақсаты: Қазақтың 48-ұлттық атты әскери полкі (1925-1938) туралы мәлімет беру.
Қарастырылған сұрақтар:

  1. Қазақтың 48-ұлттық атты әскери полкі (1925-1938)?


Дәріс.

Азамат соғысы аякталғаннан кейін кеңес халқы бейбіт құрылысқа кірісті. Кеңес Армиясының сандық құрамы қысқартылып, ұлттық бөлімдер таратылды. 1924 ж. аяғында Революциялык - Әскери Кеңестің кеңесі ұлттық бөлімдер мен құрамаларды құрудың жоспарын бекітті, бұл жоспарда Өзбек КСР-і, Түрікмен КСР-і, Закавказье Кеңестік Федеративтік Республикасы, Тәжік, Қырғыз, Бурят-Монғол, Якут, Татар және башқұрт АКСР-лерінде және т.б. жерлерде ұлттык әскери бөлімдер мен құрамаларды кеңейту мәселесі қаралған еді.



1925 ж. мамырда болған КСРО Кеңестерінің III съезі Революциялық-Әскери Кеңестің Қызыл Армияның ұлттык Құрылымдары саласындағы жұмысын мақұлдап, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетіне және КСРО Халық Комиссарлар Кеңесіне "Социалистік Отанды қорғау ісінде Кеңес Одағының барлық халықтарының мүдделеріне сәйкес ұлттық құрамалардың белгіленген жоспарын орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Съезд шешімдерінде жаңадан құрылған бөлімдер өзінің жауынгерлік қабілеті жөнінен жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының бұрыннан бар бөлімдерінен артта қалмауы үшін ұлттық бөлімдерді кұру жоспарын бірте-бірте іске асыру қажет екеніне назар аударды.

1925 ж. қазанда Қазақ АКСР-і өскери комиссариатынын №127/3 бұйрығы бойынша Қызылорда қаласында атты өскердің кіші командирлік құрамын дайындайтын қазак ұлттық әскери мектебі құрылды. 1927 ж. қазанда бұл мектеп М.В.Фрунзе атыңдағы жеке қазақ ұлттық атты әскер дивизионы болып қайта құрылды. Дивизионнын командалық-саяси кұрамында мына жолдастар болды: дивизион командирі -Троицкий Александр; комиссары - Қаратаев Шәміл; қылышты эскадрон командирі - Ақаев Абдулла; дивизион әскери мектебінің бастығы — Нұрбеков Әшім; дивизионның саяси жетекшілері - Әзмұхамбетов Әбілхайыр мен Мәжитов Хамит.

КСРО Революциялық-Әскери Кеңесінің 1930 ж. №199 бұйрығы бойынша 1931 ж. қаңтарынан бастап дивизион жеке қазақ территориялық атты әскер полкі болып қайта құрылды. Полкте төрт қылышты эскадрон, бір пулемет эскадроны, кіші командалық құрам дайындайтьш полк мектебі, байланыс эс-кадроны (жарты эскадрон), жеке химиялық взвод, жеке саперлер взводы, жеке трубочистер взводы, қылышты эскадрондардың әрқайсысы мен пулемет эскадроны 4 взводтан тұрды, әр взводта 30-40 адам болды. Полктің қару-жарағы үшсызықты орыс винтовкасы, қылыш, Максимнің станокты пулеметі, Дегтеревтің қол пулеметі, револьвер, ТТ пистолеті. Полкті қару-жарақпен және көлік жабдықтарымен Орта Азия әскери округі қамтамасыз етіп отырды. Полк негізінен жергілікті халықтан (қазақтардан) толық-тырылып отырды. Полктің жеке құрамьшың шамамен 90 проценті жергілікті халық өкілі болды. Полк территориялык сипатта еді, сондықтан полкті толықтырушылар Алматы, Семей облыстарының еңбеккерлері болды. Бұл полктің командирі азамат соғысына қатысқан Ә.Жанкелдиннің досы Толесін Әлиев, комиссары Катков, штаб бастығы Никифоров, Борисов болды, Кейіннен полк командирі Александр Лучинский, комиссарлары Истамбеков, Омельченко, соңғы жылдарда Нұрхан Мусин тағайындалды. Штаб бастығының көмекшілері Байке Тыштыбаев, Орынтай Саурықов, Хусайын Меңдіғалиев, Кәрім Әсенов, Янышев болды. Полк клубының меңгерушілері Сатыбалдиев пен Мырза Жанков болды. Полк үгітшісі Сатыбаев Фазыл, полк командирінің көмекшілері Ганженко, Озимин, Бейсенбаев Сейітқали болды. Партия ұйымының хатшылары Жангудинов, Бекбаев, Баймолдин, Есқайыр Қожақметов болды. Полк дәрігерлері болып Арганчеев Шәміл, Макиров Қуаныш, Губанов, Иван Транклевский қызмет істеді. Комсомол ұйымының хатшылары Жетпісбаев, Тұрсынов, Ибраев болды. Олардың ішінде Балтабек Жетпісбаев ерекше көзге түсті, ол жауынгерлік және оқу жаттығуларында басқаларға айтарлықтай үлгі болды. Полк Қытайда бір жылға жуық болып, өзінін иитернационалистік борышын өтеді де, Алматыға оралды. 1938 ж. 8 наурыздағы мәлімет бойынша қазақ атты әскер полкінің сан құрамы мынадай болды. Тізім бойынша саны — 60 командир, 573 қызыл әскер, қазақтар саны - 415.

1930 ж. аяғына қарай Қызыл Армияның жауынгерлік қуаты өсті, қару-жарақтың саны өсіп, сапасы жақсарды, ұйымдық құрылымы мен жауынгерлік дайындығы әжептәуір жақсарды, Қызыл Армия жабдықтаудың территориялык жүйесінен экстерриториялық, кадрлық жүйесіне толык көшті. Ұлттық құрылымдар өз территориясына бекітілген еді. Бұл жауынгерлер мен бөлімдердің әр түрлі табиғат жағдайлары мен жауынгерлік жағдайда соғыс әрекеттерін жүргізуге дайын болуына кедергі келтірді.

Ұлттық бөлімдерде әскери істі оқып-үйрену, басқару жұмыстары ұлттық тілде жүргізілді. Сонымен қатар қызыл әскерлердің командалық бұйрықтарды орыс тілінде үйрену ісі де жүргізілді. Мұның бөрі жауынгерлерді үйрету және тәрбиелеу процесін күрделеңдіріп жіберді және ұлттық құрылым-дар тілдерінде жарғылар мен ережелер жасауды қиындатты.Қару-жарақ және басқа жауынгерлік техниканын күрделенуіне байланысты жеке құрамды жауынгерлік дайындықтан өткізудің маңызды шарттарының бірі әскери оқуды бір ғана жалпы ұлттық тілде өткізу қажет болды. Орыс емес ұлттар халықтарының орыс тілін меңгеруін заман талап етті, бұған көп ұлтты Кеңес Қарулы Күштерін одан әрі нығайту ісі де мүдделі еді. Ұлттық бөлімдерде офицерлер құрамынын қызмет бабында өсуі тек полк, дивизия шегінде ғана еді, бұған командалық-басқару құрамындағылар наразы болды. Жоғарыдағы жағдайларға байланысты ВКП (б) Орталык Комитеті және КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1938 ж. 7 наурызда "Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының ұлттык құрылымдары мен бөлімдері туралы" каулы қабылдады.



Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қазақтың 48-ұлттық атты әскери полкі (1925-1938)

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

9 Тақырып: Екінші дүниежүзілік соғыста қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары (1941-1945). Жорық жолын мәскеуден бастаған құрамалар. Мәскеуді қорғаған қазақтың ұлттық құрамалары.



Дәріс мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыста қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары (1941-1945). Жорық жолын мәскеуден бастаған құрамалар. Мәскеуді қорғаған қазақтың ұлттық құрамалары. жайлы студенттердің түсініктерін қалыптастыру.
Қарастырылған сұрақтар:

  1. Екінші дүниежүзілік соғыста қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары (1941-1945).?

  2. Жорық жолын мәскеуден бастаған құрамалар?

  3. Мәскеуді қорғаған қазақтың ұлттық құрамалары?


Дәріс.

Қазақстандықтар өз Отанының қаһармандық жолын заңды мақтаныш етеді. Өткен сұрапыл соғыс жылдарында Қазақстан еңбекшілері жеңіске үлкен үлес қосты. Қазақстанда Қызыл Армияның ірі құрамалары Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, Семей және басқа қалаларда жасақталды. Олардың арасында 238, 316-дивизиялармен қатар, 310, 312, 314, 387, 391-атқыштар дивизиялары болды. 1941 жылдың аяғына дейін тағы бір дивизия және үш бригада - 74, 75-теңіздік атқыштар және 39-курсанттық атқыштар бригадалары құрылды. Бұл құрамалар соғыс басталысымен іле-шала жасақталып, жедел әскери дайындықтан отіп, майданға жөнелтілген қазақстандық дивизиялардың алғашқы тобына жатады. 1942 жылдың бас кезінде Қазақстаннан майданға 3 атқыштар және бір атты әскер дивизиясы, бір атқыштар бригадасы аттандырылды. Олардың ішінде 8-атқыштар дивизиясы (Семейде құрылған), 29-атқыштар дивизиясы (Ақмолада құрылған), 38-атқыштар дивизиясы (Алматыда құрылған) және 152-атқыштар бригадасы (Оралда жасақталған), 81-атты өскер дивизиясы (Жамбылда құрылған) болды. Қазақстандық әскери құрамалар жұмысшылардан (40 проценттейі), колхозшылардан (50 проценттейі) және зиялыардан (10 проценттейі) жасақталды. Дивизиялар құрамына: 3-4 атқыштар, бір артиллерия полкі, жеке танк жойғыш дивизион, миномет, сапер, байланыс, дәрігерлік-санитарлык батальондар, зениттік-артиллериялық батарея, барлау ротасы, авторота, химиялық қорғаныс ротасы, т.б. бөлімдер біріктірілді. Атқыштар бригадасындағы адам саны 4356-дан 6000-ға дейін жетті. Онда 3—4 атқыштар батальоны, артиллерия және миномет дивизиондары мен басқа да белімдері болды.

Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақстанда барлығы 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада жасақталып, майданға аттандырылды. Бұдан кейінірек 6 артиллериялык жөне авиация полкі, 12-құрылыс, 2 автобатальон, 7 автоматшылар батальоны құрылды. Осы кезенде соғысып жатқан армияға толықтыру ретінде тылдағы он мыңдаған қазақстандық барып қосылды2. Қазақстан аумағында жасақталған дивизиялар Ұлы Отан соғысының алғашқы қиын кезеңінде ерлікпен шайқасып, Кеңес Қарулы Күштерінің мақтанышына айналды. Олардың мұнан кейінгі ерлікке толы жауынгерлік жолы да Ұлы Отан соғысы тарихынан лайықты орын алды. Қазақстан еңбекшілерінің майдандағы ерлігі халықаралық құрметке де ие болды. Ағылшын тарихшысы А.Верт былай деп жазды: "Қызыл Армияньщ табанды жауынгерлерінін бірі - қазақтар еді, соғыстың барысында қазақтар өздерін ен жақсы жақтарынан көрсетіп отырды. Ал Сталинградта үздік жауынгерлер қатарында Орта Азия халықтарының өкілдері -қырғыз, қазақ және башқұрттар болды".

Қазақстанда құрылған әскери құрамалар мен бөлімдер тамаша ерлік үлгісін көрсетті. Олардың бесеуіне гвардиялык дивизия деген құрметті атақ берілді. Бұлар 8-Панфилов атындағы, 72, 73-сталинградтық, 30, 27-гвардиялық дивизиялар еді. Соғыстың басынан аяғына дейін қазақстандық 9 дивизия өзгермей сақталды: 314, 310, 316 (8-гвардиялық атқыштар), 238 (30-гвардиялық атқыштар), 391, 387, 8, 29 (72-гвардиялык атқыштар), 38 (73-гвардиялық атқыштар)-дивизиялары. Қызыл Ту орденімен наградталды, оған "Красноград дивизиясы" құрметті атағы берілді. 118-Дивизия "Мелитополь ди-визиясы", 27-гвардиялық дивизия "Новобуг дивизиясы" және Қызыл Тулы дивизия болды, 387-атқыштар дивизиясы Қырымды азат ету жолындағы шайқастарда "Перекоп дивизиясы", 8-атқыштар дивизиясы "Ямполь дивизиясы" және осы дивизияның екі полкі - 15-атқыштар және 62-артиллерия полкі "Карпат полкі" болып аталды, ал 229 жөне 310-атқыштар полкі - бірі - III дәрежелі Суворов орденімен, екіншісі — III дәрежелі Кутузов орденімен наградталды. Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығымен оларға бірнеше мәрте алғыс жарияланды, қаһарман кеңес жауынгерлерінің ерлігі бірнеше рет салютпен атап өтілді.



Соғыстың қарсаңыңда Гитлер былай деп салдырақтағанды: "Немістен басқа бір де біреудің қару ұстауьша ешқашан жол беруге болмайды... Славянин де, чех та, қазақта, украин да емес, тек неміс қана қару ұстауга құқықты" '. Бұл сөздердің ғұмыры ұзаққа бармады. Өмір шындығы оның жал-ғандығын тағы да дәлелдеді. Қазақстанда соғыс жағдайынын барлық талаптарына жауап беретіндей қуатты құрамалар жасақталды. 1941 ж. аяғы мен 1942 ж. бас кезінде мұнда 100 және 101-дербес ұлттық атқыштар бригадалары, үш атты әскер дивизиясы құрылды.

Бұл жылдары Қазақстанда барлығы 20-дан астам атқыштар және атты әскер дивизиясы мен бригадасы, бірнеше артиллерия және авиация полкі, алуан түрлі әскер түрлерінін ондаған батальоны жасақталып, майданға аттанды.

КСРО-ға қарсы соғыс жоспарын жасағанда фашистік Германияның стратегтері Кеңес Одағының астанасын басып алуға бірінші дәрежелі мән берді. "Бұл қаланы басьш алу, — деп атап корсетілді "Барбаросса" жоспарында, - саяси жағынан да шешуші табыс деген сөз".



Мәскеу түбіндегі ұрыстарда батальон командирі аға лейтенант Б.Момышұлыньщ әскери шеберлігі айқын керінді. Горюны, Покровское деревняларында жене Матренино станциясында тіректі пункттерге орналасқан атқыштар батальоны мен 1-гвардиялық танк бригадасының алты танкі, екі артиллерия батареясы, пулеметшілер ротасы және саперлер взводымен күшейтілген Момышұлының батальоны төрт тәулік бойы өз позицияларын ұстап тұрып, дивизияның жаңа шепке ауысып, ұрысқа даярлануына көмектесті. Волоколам тас жолындағы ұрыстан кейін көп кешікпей аға лейтенант Б.Момышұлы полк командирі болып тағайындалды2. Бұл позициядағы дивизия жауынгерлерінің көрсеткен ерліктері, жұмсаған күш-жігері жайлы армияның әскери кеңесі: "1941 ж. 20-27 қазан аралығындағы ұрыс кезінде 316-дивизия жаудың 3 жаяу әскер және бір танк дивизиясымен шайқасты, бірде-бір жауынгер жау танкісінен сескеніп, кейін шегінбеді. Дивизияның кұрамындағы жеке бөлімдер өжеттікпен шайқасты. Қолдарында жанғыш бөтелкелері бар әр жауынгер танктерді жойды. Осы шабуылдарда дивизия көптеген каруластарынан айрылды"3, — деп көрсетті.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Екінші дүниежүзілік соғыста қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары (1941-1945).?

  2. Жорық жолын Мәскеуден бастаған құрамалар?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

10 Тақырып: Сталинградты қорғаушы қазақстандықтар.



Дәріс мақсаты: Сталинградты қорғаушы қазақстандықтар жайлы студенттерге мәлімет беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сталинградты қорғаушы қазақстандықтар?


Дәріс.

Сталинград майданының операциясы Ұлы Отан соғысындағы және еқінші дүнцежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі өзгерістің басталғанын көрсетті. 41942 ж. 28-30 маусым аралығында фашистер оңтүстік-батыс бағытта кең келемді шабуылға шықты. Бұл шабуылдын мақфты Қызыл Армияның Донның батыс жағындағы бөлімдері мен құрамаларын ығыстырып, Кавказдың мұнайлы аудандарын басып алу, Сталинград-Астрахань бағыты арқылы жеделдетіп Еділге шығу еді. Жау бұл мақсатта біраз алға жылжып, Дон езеніне жетті. Осы уақытта Сталинград пен Солтүстік Кавказға зор қауіп төнді. Сталинград бағытында қару-жарақтың барлық түрлерімен жақсы жарақтанған, Еуропадағы соғыста көп тәжірибе жинақтаған 6-далалық ар-миядан құралған фашистің 14 дивизиясьі тұрды. Оларда 270 мың адам, 3 мың зеңбірек пен миномет, 500-ге жуық танк, 1200 ұшақ болды. Жауға қарсы 62, 63 және 64-армияның 12 дивизиясы (160 мың адам, 2 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 400-ге жуық танк, 452 ұиіақ) тұрды. Жоғарғы Бас Командование 12 шілдеде Сталинград бағытында тұрған 62, 63 және 64-армиялардан Сталинград майданын құрды. Оның құрамына жоғарыда аталғаңдардан басқа бес жалпы әскери және бір әуе армиясы енді. Сталинград майданында жауға қарсы соққы бере отырып, 520 километрлік аралықта қорғаныс белдеуін құру мақсаты көзделді. Ал фашистердің біздің күштен адам саны жағынан 1,7 есе, зеңбірек пен танктен - 1,3, ұшақтан - екі еседен астам артық болғанын ескерсек, бұл міндетті жүзеге асыру оңай болған жок. КСРО халықтарының берік топтасқандығының, олардын жауды жеңуге деген сенімдерінің үлгісі Сталинград шайқасы болды.

Волга үстіндегі ірі шайқас 1942 ж. шілдеде неміс-фашист ескерлерінің екпінді белімдерінің Донға шабуылынан басталып 6,5 айға созылды. Бұл фашист 1941-1942 жж. қысқы жеңілістерінен кейінгі Шығысқа қарай жасаған аса қуатты шабуылы болды. Мәскеуге шабуыл жасау кезіңде жүзеге асыра алмаған әскери-саяси мақсаттарын алға қоя отырып, Гитлер мен оның маңындағылар өз әскерлерінін 1942 ж. жазда жеңіске жететіндіктеріне сенімді еді. Бірак олардың бұл есебі тағы да жүзеге аспай қалды.Волгадағы шайқасқа қатысқан кеңес жауынгерлерінін құрамы көп ұлтты болды. "Біз бұл Волга жағалауына Отанымыздың түкпір-түкпірінен, шексіз орыс қыратынан, Украина жазығынан, Белоруссия ормандарынан, Кавказ тауларынан, Қазақстан даласынан, алыстағы Сібірден келдік", - деп жазды Сталинград майданының жауынгерлері. Көп ұлтты Кеңес мемлекеті халықтарының ұлдары тығыз топтасқан жауынгерлік сапта Сталинградты ерлікпен, жауға деген ашу - ызамен бір кісідей қорғады.

1942 ж. қазан айында даңқты 62-армия құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан орыс емес халықтардьщ саны 49,4 процент3 болды. Тек Қазақстанның батыстағы үш облысы (Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан) 1942 ж. маусым — қараша айларында Сталинград майданына 26225 ұл-қызын жіберді4.

Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың негізгі кіндігі болған қазақстандықтар Сталинград майданына аттанып бара жатып былай деп жазды: "Біздің әскери жаттығуларымызды отпен сынаудың кезі келді... деп қазақ халқына ант етеміз"'. Сталинград маңында қоршауға алынған неміс-фашист әскерлерін жою жөніндегі қарымды ұрыстарға қатыса отырып, командирлер мен саяси қызметкерлер пәрменді шабуыл жасауда инициатива көрсетіп, аз қолмен күші өзінен бірнеше есе басым жауды жеңе алатындықтарын танытты.



29-атқыштар дивизиясының бүкіл жауынгерлік жолы - неміс-фашист басқыншыларына қарсы қажырлы күрес жүргізу жолы, бұл жолда дивизия бөлімдерінің жауынгерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз артып отырды, бұл жағдай маған дивизияны Қызыл Армияның тандаулы құрамаларының қата-рынан санап, оған гвардиялық атақ беруді сұрауға құқык береді".

Сөйтіп 29-атқыштар дивизиясына Сталинград шайқасында көрсеткен ерлігі үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялык дивизия деген атақ берілді. Кеңес гвардиясы деген құрметгі атақты дивизия жауынгерлері әрдайым жоғары ұстап, Отан соғысының ән бойында өздерін даңқты істерімен көрсете білді. Сталинград түбіндегі шайқастан кейін 64-армия 7-гвардиялық армия деп аталды да, ендігі жерде Дон майданына қарасты әскерлердің бөрі Курск теңірегіне топтастырылды. 1943 жылғы наурызда дивизия Воронеж майданынын құрамына келіп қосылды. Жазда Курск шайқасына, онан соң немістердің Белгород — Харьков плацдармын жоюға қатысты.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Сталинградты қорғаушы қазақстандықтар?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

11 Тақырып: Ленинград қаласын қорғаған қазақстандық құрамалардың ерлік жолы.



Дәріс мақсаты: Ленинград қаласын қорғаған қазақстандық құрамалардың ерлік жолы туралы мағлұмат беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ленинград қаласын қорғаған қазақстандық құрамалардың ерлік жолы.?


Дәріс.

Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алады. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мын ұшақ болды. Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық қыс кезінде көз жүмды. Қызыл Армияның Ленинградты қорғаудағы ерлігі Ұлы Отан соғысында фашистіқ Германияны талқандауда үлкен рөл" атқарды. Өйткені Ленйнградты тікелей шабуылмен ала алмайтынына көзі жеткен неміс-фашист командованиесі оны қорғаушыларды аштан қырамыз, алыстан атқылап, тынымсыз бомба жаудырып, жігерін құм қыламыз деп ойлады. Сөйтіп ұзаққа созылған қоршау басталды. Халықтың қолдауымен, жауынгерлермен қала тұрғындары кескілескен шайқас пен ауыр еңбек үстіңде, қаланы жанқиярлықпен қорғады. Олар ауыр жағдай мен аштық азабын табандылықпен жеңіп отырды. Осындай қиын-қыстау кун таяп, Ленинград қаласына қара бұлт тонген кезде, ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барды.



Бұл шақ неміс-фашист әскерлері "Солтүстік" армия тобының Лениградқа шабуыл жасап, оны қоршауға алу әрекетін жүргізіп жатқан кезі болатын. Гитлер командованиесінін "Барбаросса" жоспары бойышпа жүргізілген жазга стратегиялық операциясы сәтсіз аяқталды, сөйтіп, жаз айларында-ак Ленинград пен Мәскеуді басып алып, оларды жермен-жексен ету керек деген Гитлердің бұйрығы орындалмады. Жау әскерлері Қызыл Армияньің мықты қарсылығына тап болып, Мөскеу мен Ленинградтың шалғай шептерінде үлкен шығынға ұшырады. Жоғарғы Бас Командованиенің Ставкасы Мәскеу мен Ленинград бағытын жаңа резервтермен толықтырып, жауға қарсы соққыны үдете түсті. Міне, осындай резервтер катарындағы 310-атқыштар дивизиясы шілде - тамыз айларында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында жасақталып, жауынгерлері қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтті. Онын қатарында Ақмола маңының тұрғындарынан басқа Қостанай, Қарағанды облыстарының еңбекшілері болды. Дивизиянын командирлігіне полковник Н.М.Замировский, комиссарлығына С.И.ІІІаманин, штаб бастықтығына полковник М.И.Кружков тағайындалды, Жаңа жасақталып жатқан дивизиянын кіші командалық құрамы Ташкент пен Алматының әскери училищелерін бітірген жас командирлерден тұрды.

Дивизияның басшы командирлері мен саяси қызметкерлері бұрын әскери қызметте ысылған, тәжірибелі адамдар, ал саяси жетекшілердің қалған құрамы Орта Азия әскери округіне қарасты әскери саяси училищелерде тәрбиеленгендер немесе партия, кеңес органдарында істеген, саяси және өмір мектебінен өткендер еді. 310-дивизия құрамының 40 проценті — қазақтар, 30 проценті - орыстар, 25 проценті - украиндар, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. Олардың 30 проценті - жұмысшылар, 60 проценті - колхозшылар, 10 проценті зиялылар еді. Дивизияның командалық құрамының 15 проценттен астамы коммунистер мен комсомол мүшелері болды.

Кару-жарақтармен толық жабдықталғаннан кейін 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап, Ленинград, Волхов және Карель майданының түрлі учаскелерінде шайқастарға қатысты. 1943 ж. қазанның аяғына дейін дивизия, 54-армияның басқа да құрамаларымен бірге, қахарман қаланың блокадасын бұзып өтуге ұмтылды. Ал жау қоршаудың екінші шеңберін тұйықтау үшін Волхов өзенінің орта ағысынан Тихвин қаласына қарай шабуылға шыққан кезде 310-дивизия жедел түрде осында жіберілді. Дивизия мен оған көрші құрама кеп шығынға ұшыраса да, Кириши ауданындағы Пчевжа селосы түбінде жаудың щабуыльша бір апта бойы төтеп берді. Бұл аптаны біздің командование жаңа күштер жеткізу, сейтіп, жаудың жоспарын біржолата іске асыртпай тастау үшін пайдаланды. Аса маңызды торап - Волхов қаласы біздің қолымызда тұрды.

Неміс басқыншылары өлермендікпен үнемі алға ұмтылып, қысқы суық түскенше, қайткен күнде де Ладога көліне жетуді көздеді және солтүстіктен шабуыл жасап келе жатқан фин әскерлерімен қосылуды көздеді. Волхов қаласы үшін жау айдан астам арпалыса ұрыс жүргізгенімен, одан ешбір нәтиже шығара алған жоқ. Ленинград майданындағы дивизия бөлімдерінің көрсеткен ерлік істері жайлы Кеңес информбюросының 1941 ж. 23 қараша күні берген хабарында былай делінді: "Ленинград майданы учаскелерінің бірінде қимыл жасаған Замировский жолдастың бөлімі екі ай бойы жүргізген ұрыстың нөтижесінде, толық емес мәлімет бойынша, 3000-нан астам немістің солдаты мен офицерің жер жастандырды. Екі айдын ішінде Замировский жолдастың жауынгерлері 11 неміс танкісін, екі қару-жарақ қоймасын, екі ұшағын жойды, сонымен бірге жаудың 9 зеңбірегін, 22 минометін, 26 станокты және 104 қол пулеметін, үш полкінің туын, көптеген винтовкаларды, снарядтарды, автоматтарды, мина мен патроңдарды қолға түсірді".

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет