Әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтер



бет2/5
Дата25.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#12298
1   2   3   4   5

Дене дайындығы бойынша

ерлерге арналған бақылау нормативтері:



р/с

Жаттығулар атауы

бағасы

Жас шамасы бойынша топтар

I

II

III

IV

V

VI

VII

Күштік дайындық деңгейі


1

1 еркін жаттығулар кешені

Жаттығуды орындау шарттары бағаланады

2

2 еркін жаттығулар кешені

Жаттығуды орындау шарттары бағаланады

3


Түрнекке тартылу

(қанша рет)



өте жақсы

15

13

11

9

7

5




жақсы

13

11

9

7

5

3




қанағат

11

9

7

5

3

2



4


Кешенді күштік жаттығу

(қанша рет)



өте жақсы

50

46

40

36

32

28




жақсы

46

42

36

32

28

24




қанағат

42

38

32

28

24

20



5


Етпетінен жатқан күйде еденге тірелген қолдарды бүгу және жазу (қанша рет)

өте жақсы

35

30

25

20

17

13




жақсы

30

25

20

15

13

9




қанағат

25

20

15

10

8

6




Жылдамдық дайындық деңгейі

6


100 метрге жүгіру

(секунд)


өте жақсы

13.9

14.0

14.8

15.4










жақсы

14.4

14.5

15.4

16.0










қанағат

15.2

15.3

16.2

16.8









7


10х10 м ерсілі-қарсылы жүгіру

(секунд)


өте жақсы

25

26

27

28










жақсы

26

27

28

29










қанағат

27

28

29

30









8


Орнынан

ұзындыққа секіру

(сантиметр)



өте жақсы

220

215

210

205

200

195




жақсы

215

210

205

200

195

190




қанағат

210

205

200

195

190

185




Төзімділік деңгейі

9


1000 метрге жүгіру

(минут/секунд)



өте жақсы

3.40

4.00

4.20

4.40

5.00

5.20




жақсы

4.00

4.20

4.40

5.00

5.20

5.40




қанағат

4.20

4.40

5.00

5.20

5.40

6.00



10


3000 метрге жүгіру

(минут/секунд)



өте жақсы

12.30

13.15

14.00

14.45

15.30







жақсы

13.15

14.00

14.45

15.30

16.15







қанағат

14.00

14.45

15.30

16.15

17.00








Дене дайындығы бойынша

әйелдерге арналған бақылау нормативтері:



р/с

Жаттығулар атауы

бағасы

Жас шамасы бойынша топтар

I

II

III

IV

V

Күштік дайындық деңгейі


1

1 еркін жаттығулар кешені

Жаттығуды орындау шарттары бағаланады

2

2 еркін жаттығулар кешені

Жаттығуды орындау шарттары бағаланады

3


Кешенді күштік жаттығу

(қанша рет)



өте жақсы

32

28

24

20




жақсы

28

24

20

16




қанағат

24

20

16

12




4

Шалқалай жатқан қалыптан денені көтеру

(қанша рет)




өте жақсы

35

30

25

20




жақсы

30

25

20

15




қанағат

25

20

15

10




Жылдамдық дайындық деңгейі

5


100 метрге жүгіру

(секунд)



өте жақсы

16.6

17.2










жақсы

17.2

17.8










қанағат

18.0

18.6









6


60 метрге жүгіру

(секунд)



өте жақсы

9.9

10.4










жақсы

10.3

10.8










қанағат

10.7

11.2









7


10х10 м ерсілі-қарсылы жүгіру

(секунд)


өте жақсы

28

30










жақсы

29

31










қанағат

30

32










Төзімділік деңгейі

9


1000 метрге жүгіру

(минут/секунд)



өте жақсы

4.00

4.25

4.55

5.25




жақсы

4.25

4.50

5.20

5.50




қанағат

4.35

5.15

5.45

6.15



10


Орнынан

ұзындыққа секіру

(сантиметров)



өте жақсы

180

170

165

160




жақсы

175

165

160

155




қанағат

170

160

155

150



5 қосымша



әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге
Жаттығуларды орындау шарттары

  1. Күштік дайындық.

Кермеге (түрнекке) асылып тұру; тік қолдармен қозғалыссыз асылып тұрған жағдайда (үзіліс 1-2 секунд), екі аяқты бірге ұстап, жұлқымай және серпіліссіз тартылу (иек керменің деңгейінен жоғары). Жаттығу иек кермеден жоғары көтерілген жағдайда орындалды деп саналады. Жаттығу барысында 5 секундтан артық тоқтауға (демалуға) рұқсат етілмейді.

Шалқалай жатқан қалыптан денені көтеру қолды иыққа қою, аяқты тік және түзу ұстау (аяқты сәл бүгуге рұқсат етіледі), аяқты әріптесі ұстап тұруға болады, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырын міндетті түрде еденге тиюі тиіс.

Етпетінен жатқан күйде еденге тірелген қолдарды бүгу және жазу денені тік ұстап және кеудесін еденге тигізуі керек.

Ерлер мен әйелдер үшін кешенді күш салу жаттығу (ККЖ) бір минут ішінде орындалады:

бастапқы 30 секундта – шалқалай жатқан қалыптан шынтақты тізеге тигізе отырып барынша көп мөлшерде алға еңкею, қолдар айқасқан күйде желкеге қойылады, аяқтар бекітіледі (аяқты сәл бүгуге рұқсат етіледі, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырын міндетті түрде еденге тиюі тиіс);

кейінгі 30 секундта – етпетінен жатқан күйде еденге тірелген қолдарды барынша көп мөлшерде бүгіп-жазу (денені тік ұстап, қолдарды кеуде еденге тигенге дейін бүгу қажет).



  1. Жылдамдық дайындығы.

60 м және 100 м жүгіру стадионның жүгіру жолымен немесе кез келген тегіс алаңда жоғарғы старттан орындалады.

10х10 м ерсілі-қарсылы жүгіру (климаттық, материалды-техникалық және өзге) жағдайлардың болу-болмауына байланысты пайдаланылады.

Старт алу және бұрылу сызықтары белгіленген тегіс алаңда орындалады. Старт алу және бұрылу сызықтарының ені 10 м кесіндіге кіреді. «ЖҮГІР» командасы бойынша 10 м жүгіру, бұрылыс сызығының сыртындағы жерге дененің кез-келген бөлігін тигізу, кері айналып, осылайша ерсілі-қарсылы тағы сегіз рет 10 м жүгіру. Бұрылған кезде тірелу үшін қандай да бір жасанды немесе табиғи заттарды, жүгіру жолынан шығып тұрған кедір-бұдырларды пайдалануға тыйым салынады.

Орыннан ұзындыққа секіру старт алу сызығынан екі аяқпен бірдей жұлқи секіру арқылы орындалады. Секіруге дейін аяқты еденнен ажыратуға (көтеруге) болмайды. Нәтижесі бақылау сызығынан секіріп түскен жеріне дейінгі қашықтықтан анықталады.

Әр әскери қызметшіге үш мүмкіндік беріледі. Сеқірген қашықтықты өлшеу дененің кез келген жерімен еденді тиюі арқылы жүргізіледі.


  1. Төзімділік.

1000м және 3000м жүгіру (кросс) стадионның жүгіру жолымен немесе кез келген тегіс алаңда жоғарғы старттан орындалады, онда старт пен мәре бір жерде болуы тиіс.

  1. Еркін жаттығу кешенін орындау бағасы.

«өте жақсы» – егер жаттығу сипаттамаға сәйкес, бірізді, қатесіз, жеңіл және сенімді орындалса;

«жақсы» – егер жаттығу сипаттамаға сәйкес, бірізді орындалса, дегенмен аз да болса қателіктер жіберілген жағдайда;

«қанағаттанарлық» – егер жаттығу сипаттамаға сәйкес орындалса, бірақ көп қателіктер жіберілсе: бірізділігі (2 реттен артық емес) бұзылса, жаттығулар біріктіріле орындалатын жерде кідіріс жасаған жағдайда;

«қанағаттанарлықсыз» – егер жаттығу орындалмаса немесе бұрмаланса (бірізділігі 2 реттен артық бұзылса, элемент қалдырып кету, құлау және т.с.с.) жағдайда.



  1. Нормативтерді жеңілдету.

Жаттығуларды күнделікті (далалық) киім нысанымен орындау барысында нормативтерді жеңілдетуге жол беріледі:

  1. 100 метрге жүгіруде - 1 секундқа;

  2. 10х10 м ерсілі-қарсылы жүгіруде - 2 секундқа;

  3. 60 метрге жүгіруде - 0,5 секундқа;

  4. 1000 метрге жүгіруде - 10 секундқа;

  5. 3000 метрге жүгіруде - 30 секундқа;

  6. кермеге тартылуда – бір тартылуға.

6 қосымша



әскери прокуратура органдарындағы

дене дайындығы жөніндегі Нормативтерге

16 есепке арналған еркін жаттығулардың кешені

Бірінші кешен
Бастапқы қалып – саптық тұрыс.

«Бір-екі» – аяқ ұшына тұрып, қолды ақырын алға және сосын жоғарыға көтеру; саусақтарды жұдырыққа жұму, алақан ішкері, жоғары қарау, керілу.

«Үш» – аяқ басына отыра, күшпен қолды бүгу, саусақтарды иыққа қойып, тіктеле қарау.

«Төрт» – қолды жоғарыға жазу, иілу, жоғарыға қарау.

«Бес» – аяқ ұшын қоса, аяқ басына барынша отыру, алақандар жамбаста, шынтақтар екі жақта.

«Алты» – түзеу, қолдарын алға көтере және екі жаққа бұру, барынша артқа бұру (жұлқи қимыл соңында); саусақтар жұдырықта қысулы .

«Жеті» – барынша аяқ басына отыру, алақандар жамбаста, шынтақтар екі жақта.

«Сегіз» – секіре тұру, екі аяқты бөлек кең адымға, қолды белге.

«Тоғыз» – сол қолды жаза және оны бір жаққа бұра, барынша артқа бұра (саусақтар жұдырықта жұмулы), кеудені бір рет солға бұру, аяқты бір орыннан қозғалтпау, сол қолдың білегіне қарау.

«Он» – кеудені тік бұру, екі қол белде.

«Он бір» – оң қолды жаза және оны бір жаққа бұра, барынша артқа бұра (саусақтар жұдырықта жұмулы), бір жолы кеудені оңға бұру, аяқты бір орыннан қозғалтпау, оң қолдың білегіне қарау.

«Он екі» – кеудені тік бұру, қолды белге.

«Он үш» – кенет алға жерге қол тигенше еңкею, аяқтар тіктелу.

«Он төрт» – тіктелу, қолдарды алға көтеру және оларды екі жаққа бұра, бүгілу.

«Он бес» – кенет алға жерге қол тигенше еңкею, аяқтар тіктелу.

«Он алты» – тіктелу, секіріп екі аяқты қосып саптық тұрыс алу.



1 – 2 3 4 5 6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет