Эссе Жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсінік бірдей қаралады
Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсінік бірдей қаралады Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен болған кезінде оны түзете алмайсың» деген нақыл сөздер бар. Осы сөздерді ұстана жүріп, баланың бойына жастайынан ұлтжанды, патриоттық, ізгілік, мейірімділік, адамгершілік тағы да басқа құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімді етіп тәрбиелеуде балабақшаның маңызы зор. Француз педагогы Жан Жак Руссо:«Бала туылғанда ақ қағаздай аппақ болып туылады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне дәл солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.
Ата-бабаларымыз айтып кеткендей, бала тәрбиесі тал бесіктен басталады. Ал, қазіргі кезеңде дені сау бала тәрбиелеу – ұлтымыздың ең басты мәселесі. Әлемдегі дәрігерлер мен педагогтар әлдеқашан ортақ пікірге келген еді: ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді біріктіру және оны балалар денсаулығын қорғауға бағыттау. Білім беру ұйымдарында балаларға білім берумен қатар, олардың дені сау, дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Бүгінгі біздің алдымыздағы жас бүлдіршін – ертеңгі еліміздің экокномикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін жеке тұлға. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан 2030»бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемелекеттік маңызы бар мәселелерімен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Салауатты өмір салтын насихаттауда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіру оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек бола алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге келтіру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысын іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлері баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады. Мен де , дене шынықтыру жетекшісі ретінде баланың денсаулығы үйлесімді дамып, дұрыс сақталуын қамтамасыз етуде денсаулыққа пайдалы жүйелі құрылған жалпы дамытушы жаттығулар, іс-шаралар, неше түрлі спорттық мерекелер ұйымдастырып, жас бүлдіршіндердің салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал етіп отырамын.
Дене шынықтыру іс - әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай оқу іс - әрекетіне дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеймін, ал аттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән беремін. Негізгі дене қимылдары жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе - теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды талап етемін, оларға нақты нұсқаулар беруге, орындалуларына көмек көрсетуге тырысамын. Дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерін жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеймін.
Сөзімді қорытсам, бала тәрбиесінде дене шынықтырудың алатын орны ерекше дей келе бүгінгі заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, дені сау, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұрғанын естен шығармайық.
№31 «Күншуақ»мектепке дейінгі ұйымы
Жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі