«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
35
Нұрсұлтан Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай
көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-
туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады,» - деп, отбасылық
құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл аударып келеді. Тəуелсіздік
жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында көптеген шаралар
атқарылды. Бəсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ
қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясаттың нəтижесінде ана мен баланы
қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау
стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай
жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда, көп балалы отбасыларды əлеуметтік
қорғау бағытындағы мемлекеттік жəрдемақы түрлерінің əр жыл сайын артып,
көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Бұл мақсаттарға тек 2019 жылғы республикалық бюджеттен 193,7 млрд.
теңге қаржы қарастырылған жəне ол жыл сайын кемінде 15 пайызға артып келе
жатыр. Көп балалы отбасыларын насихаттау, оларға қолдау көрсету Қызылорда
облысында ерекше қолға алынған. Бала туу көрсеткіші бойынша, Сыр өңірі
республикада 4-орында тұр. Облыстағы 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27
мыңдайы - Батыр Ана. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді тербеткен»
алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы - «Алтын алқа»,13 мыңдайы
«Күміс алқа» иегері. Осындай отбасыларын таныту, отбасы құндылығын
насихаттау – жастарға үлгі, өнеге берудің үздік үлгісі. 2014 жылдан бері
дəстүрлі ұйымдастырылып жүрген «Мерейлі отбасы» байқауы да осы мақсатты
көздейді. Отбасы құндылығын дəріптеудің ұлттың демографиялық өсіміне де
оң əсері бар. (252 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: