«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


(178 сөз) old.el.kz Ә мәтіні: газет мақаласынан



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі


(178 сөз)
old.el.kz
Ә мәтіні: газет мақаласынан
 
Арал жайында біраз нəрсе білуші едім: басқасын қойғанда, дүниежүзінде 
жалғыз Арал теңізінің суында оттегі мол. Бекіре мен қаяз екі-ақ теңізді аймақта 
– Атырау мен Аралда болды. Кейінгі кезде Балтық теңізіндегі аты шулы 
салаканы Аралда өсіре бастады. Ғажабы: Арал суында өскен салакалар өзінің 
атамекеніндегі салакалардан екі есе ірі болып шықты. 
Көктем кезінде Изенді деген жерде шемая балығын аулау маусымы 
басталады. Бір қызығы, көктемде шемая деген балық Шулығанның көк тасына 
жиналады. Балықшылар да жылда осы араға келіп, бір айдай «ұлы дүбір» 
салады. Бұл кездегі балықтың көптігі сонша – оларды кей жылдары Аралдағы 
бүкіл балық зауыттары жабылып игере алмайды... «Әр журналдан бір оқып, 
үзіп-жұлып алған шым-шым əсерлерін дəл бір өз басынан шыққан дүниедей 
қып жүргендерге Арал теңізінің осы бір көірінісін көрсетер ме еді!» – деп ойлай
сың. 
Айта берсең, Аралда ғажайып нəрселер көп. (125 сөз)

 Ә.Нұрпейісов


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
42 
16-тапсырма 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, 
«Қазіргі 
жастардың салт-дәстүрді менсінбей қарауы, бұрмалануы болашақ үшін 
қаншалықты қауіпті деп санайсыз?» 
деген тақырыпта эссе жазыңыз. 
Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20] 
 
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді. 
«Тұсаукесер салты» туралы 
 
Жақында ағайынның қуанышына ортақтасып, тұсаукесер тойына бардық. 
Көпшілікке жайылған ақ дастарханнан кейін қонақтар тұсаукесер салтын 
тамашалауға жиналды. Баланың табан жолына кестеленген «тəй-тəй» 
төселді. Ата-анасы баланы алып шығып аяғына ала жіп байлады. Көпшілік 
баланың тұсауын кім кесер екен деп тағатсыздана күтіп отырған сəтте ортаға 20 
жастағы жігіт шықты.
Үлкендерден бата сұрамастан баланың тұсауын кесті. Тұсаукесер жыры 
да айтылған жоқ. Сəби болса, автокөліктің кілтін алып ата-анасын мəз етті. 
Үлкендер жағы күбір-күбір ете қалды: «Жас балаға кестіргені несі? Көпті 
көрген, өнегелі жолы бар неге үлкендерге кестірмеді? Бата беру керек емес пе? 
Қазір жастар өз білгендерін жасайды. Салт-дəстүрді бұрмалап, мағынасын 
жоғалтып бітті» деген сыбыр көбейе бастады. Үлкен кісілердің де пікірі 
орынды. Бірақ таңдау ата-ананың өз еркінде болған. Сөйтсе, əлгі бала үлкен 
ағаларының жалғыз түйір ұлы екен. Шетелде оқиды. Әсілі, бір жасар балақай 
да соған ұқсап, сырт ел асып, оқымысты болсын деген шығар? Кім білсін! 
Той əйтеуір мəресіне жетті. Көпшілік тарқасты. Бірақ бəрінде бір ой кетті. 
Расында қазір салт-дəстүріміздің көбі бұрмаланып жүр. Мəселен, үйлену 
тойында ағылшынша əн айтылып, жастар «Love story» түсіруді сəнге 
айналдырды. Тіпті осы «Love story» үшін шетел асатын жастарымыз бар. 
Қыздарымыз да өзінің қара шаңырағынан емес, түннің бір жарымында 
мейрамханалардан ұзатылып жатыр. 
Осы тұста Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова 
бүгінгі жас ата-аналардың баланың тұсауын кескен кезде көптеген қателіктерге 
бой алдырып жүргенін атаған еді. Бұл салт-дəстүрдегі ұстанымдардың 
мағынасын бұзатынын жəне кейінгі буынға өзгертіліп жететініне алаңдау-
шылық білдірген. ( 221сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет