«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
41
А мәтіні: ғаламтордан алынған
Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар
Дүниежүзінде қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Олар: Табиғат жəне
табиғат
ресурстарын қорғаудың халықаралық одағы, Құстарды қорғау жөніндегі
халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі дүниежүзілік федерация,
Альпі аудандарын
қорғау жөніндегі халықаралық федерация.
Тəуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде 1992
жылғы ақпанда
«Экология жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара əрекеттестік
туралы» келісімге қол қойылды. Бұл келісімге Қазақстан, Әзірбайжан,
Армения,
Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тəжікстан,
Түрікменстан,
Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін
Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологиялық қор
құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау
ынтымақтастығын дамытуда
Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады.
Оның құрамында Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлім құрылған.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі əртүрлі мемлекеттікк
жəне қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік
емес экологиялық
«Гринпис» ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары
мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару
жөніндегі комитет, «Табиғат» экологиялық одағы, «Невада-Семей», «Каспий
табиғаты», «Көкті сақтау»,
Ауқымды экологиялық қор, «Жастар экология мен
мəдениет үшін» азаматтық қозғалыстары, «Тау» орталығы (Алматы) жəне басқа
да қоғамдық экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге
болады
Достарыңызбен бөлісу: