«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет37/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
37 
өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да осы шығар: адамды 
өзгерту жəне əлемді тану...
 
(220)
 
 
 
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
Сәния Қабдиева,
Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының 
меңгерушісі, профессор:
– Қазіргі қазақ театры өнерінде буын алмасу мəселесі аса маңызды болып 
тұр. Театр қашан да өз кезеңінің асқақ рухын көрсетуі тиіс. Ал сахнадан өзекті 
тақырыптарды арқау еткен елеулі дүние қою үшін заманауи драматургиялық 
материал қажет. Бірақ жас режиссерлер пьеса жазып жүрген авторлар арасынан 
өздерімен мүдделес, əрі кəсіби деңгейде жұмыс істейтін драматургтерді 
таппайды. Бүгінде пьеса жазумен шұғылданып жүргендерді драматург деп 
айтуға да келмейді, себебі олардың жазғандары кəсіби өлшемдерге сай емес. 
Авторлар көрерменді толғандыратын күрделі мəселелерді айтып, өздерінің 
шығармашылық келбетін табудың орнына жағымды жəне жағымсыз болып 
бөлінген, бір бояумен əрленген кейіпкерлері бар, қарабайыр ашық тартысқа 
құрылған шындыққа жанаспайтын оқиғаларды ойдан шығарып жүр. Олар 
өздері бейнелеген кейіпкерлерінің тағдырына, мінез ерекшелігіне, тіпті көңіл 
бөлмейді. Соның салдарынан үзік-үзік көріністерді бейберекет біріктіре салған 
сапасыз драматургиялық шығармалар көбейіп кетті. Ондай қойылымдарда өнер 
көрсеткен актерлер өз қаһармандарының ішкі тебіреністері мен толғаныстарын 
ашып көрсете алмайды. Бұл күнде спектакльдерде астарлы мағына, екінші план 
деген ұғымдар мүлде көрінбейді. «Жақсы» деп баға беруге татымайтын 
қойылымдардың көбеюі актерлік жəне режиссерлік кəсібиліктің ғана емес, жал-
пы сахналық мəдениеттің деңгейін төмендетті. Режиссерлер жаңа жазылған 
сапалы пьеса таппағандықтан прозалық шығармаларды сахнаға лайықтап 
немесе 
классикалық 
дүниелерді 
интерпретациялаумен 
шектеледі. 
Қазақстандағы театр өнерін дамытуда маңызды фактордың бірі – шеттен 
шақырылған режиссерлермен жұмыс істеу. Бұл біріншіден, кəсіби тəжірибе 
алмасу болса, екіншіден, театрлық мəдениеттер байланысын нығайтуға ықпал 
етеді. (214)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет