«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
39
Осындай кемшіліктеріне қарамастан, қалыпқа келе алатын энергия
көздеріне жағдай жасау арқылы экологиялық
проблемаларды да шешуге
болады. Көмір, мұнай өнімдері атмосфераға, қоршаған ортаға көп қалдық
шығарады, адамдар мен жануарлардың тіршілік ету аумағын улайды. Соңғы
кезде баламалы энергияға сұраныс артты, осы салаға құйылатын инвестиция да
көбейіп келеді. Бұл жағдай балама энергияны
пайдалану құнын болашақта
арзандатуы тиіс.
14-тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Қазіргі
жаһандану мәселесі қалай жүзеге асуда?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20]
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Жаһандану және қазақ менталитеті
Қазіргі кезде жаһандану мəселесіне ерекше назар аударылуда.
Әлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды жəне жағымсыз
жақтарын зерделеп, методологиялық жəне танымдық, аксиологиялық тұрғыдан
ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің
экономикалық, саяси, əлеуметтік,
ақпараттық, мəдени астарлары терең зерделенуде. Мұндай қарқынды жəне
жұйелі зерттеулер əсіресе 21 ғасрда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен
жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, əлемдік сипатта дамып, бүкіл
адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды
болмаған өзгерістер мен
жаңғырулар
əкелуде.
Жаһанданудың
басты
типтік
жəне
сапалық
көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық,
сауда- қаражаттық, мəдени, ақпараттық байланыстармен өзара əрекеттердің
интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен
тауар, капитал, жұмыс күшінің
интернационалдық сипат алуын, трансұлттық
корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі
бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика,
демократиялық
сипаттағы əлеуметтік саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық
тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер,
мемлекет аралық жəне мемлекеттен жоғары тұратын саяси жəне құқықтық
иституттар құруды жаһандану үрдісінің басты көрсеткіштері ретінде
қарастыруда.
Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мəдени
көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда.Кейбір ғалымдардың пікірінше
жаһанданудың мəдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі жəне
«локомотиві», басқа салаларды анықтауыш күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман
бойынша, «мəдениет- биосфера тəрізді құрылымдықтың генераторы,