«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

12-тапсырма 
Берілген мәтіндерді қолдана отырып
«Театр қойылымдарының 
сапасына көңіліңіз тола ма?»
тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседегі сөз 
көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20] 
 
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді. 
Театр–адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы 
 
Ағылшын халқы ерлерінің басым бөлігі театрға барған уақытта биік 
қалпақ (цилиндр) киіп барады. Олар таксиге отырғанда бас киімі төбеге тиіп 
қалмай, ыңғайлы отыруы керек. Сол үшін таксилердің төбесін биіктеткен. 
Міне, қызық. Былай қарасаң, машинаның төбесін аласартып, адамдарға бас 
киімін шеше салған немесе баскиімді қысқарта салған – қандай тұрғыда 
болмасын тиімді емес пе? Жоқ, бірақ ағылшындар олай жасамаған. Себебі, 
театрға баратын өздерінің қалыптасқан мəдениеті бар. Сол үшін арнайы 
автомобильдер құрастырған. Яғни, театр өнері, театр мəдениеті бүкіл халықты, 
экономиканы, өндірісті, саясатты, дизайнды толықтай өзіне бағындырып отыр 
деген сөз емес пе бұл? Қазір биік қалпақты (цилиндр) күнделікті киіп жүретін 
дəуір емес. Бұл бас киім көбіне театрға барғанда ғана киіледі оларда. Осындай 
күшке ие болып отырған бұл театр деген қандай өнер? Қайдан шыққан? Ол 
адамға не береді? Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны 
береді. 
Аймауытов айтқандай «... театр деген нəрсе ермек емес, көңіл көтеру де 
емес, ол – үлгі, ол – тəрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі, онда ізгілік пен 
махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың 
айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, 
имандылық жолды көрсетеді. Театр өнерін жинақтаушы тек қана əртістер мен 
режиссерлер, суретшілерді, драматургтарды, композиторларды ғана емес
сонымен қатар көрерменмен диалог тудырушы өнер ретінде тану керек. Бұл өте 
маңызды. Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет