«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
26
күнделікті тұтынуға болатын ауызсу ретінде білеміз. Медицинада адам
денсаулығы тұтынатын судың құрамына тікелей байланысты екені дəлелденіп,
ауызсудың физиологиялық толыққандылығы деген түсінік енгізілген. Ол адам
ағзасында туындайтын химия-биологиялық процесстерді реттеуге септігін
тигізеді. Мұндай элементтерге кальций, магний, йод, фтор, гидрокарбонаттар
жатады.
Бұлақ суына келсек, бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи минералды
су. Бұлақ суын кез-келген табиғи су секілді ішер алдында міндетті түрде
тексеру керек.Егер оның минералды құрамы адам үшін мінсіз екенін, улы
элементтері мен патогендік бактериялары жоқ екенін анықтаса, яғни
физиологиялық тұрғыдан толыққанды болса, онда қайнатылмаған жəне
сүзгіден өтпеген табиғи күйіндегі бұлақ суы өте құнды деген сөз.(213 сөз)
(сұхбат)
https://special.nur.kz/water-kz-truth-kaz
Достарыңызбен бөлісу: