«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
28
Алайда, ағаштың жұмсақ түрлері беріктіктің жеткілікті түрде жоғары
көрсеткіштеріне ие жəне олардан шағын шкафтар, үстелдер, сөрелер, тіпті
стеллаждар жасалады. Алайда мұндай бұйымдар шамшат немесе емен
ағаштарынан жасалған шкафтар мен стеллаждар сияқты ұзақ қызмет етпейді
(281 сөз).
Ә мәтіні:
газеттен алынған мақала
Соңғы жылдары елімізде облыста ағаш өңдеу саласы жақсы дамып
келеді. Әсіресе, ағаштан баспана тұрғызу қарқын алуда. Ол үшін өңірдегі орман
шаруашылығы мен оны пайдаланушылар өзара ынтымақтастық орнатқан. Тек
Зырян ауданының өзінде ағаш өңдеумен ондаған жеке кəсіпкер айналысады.
Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 2 мың текше метр ағаш өңдеуге
рұқсат беріледі. Дегенмен, өңірдегі орман қорын пайдаланып, ағаш
өңдеушілер осы берілген шекті көлемінің 10-15% ғана игереді. Орманды
құрайтын негізгі ағаш тұқымдары – қарағай, майқарағай, шырша, самырсын
жəне балқарағай. Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста 13 мемлекеттік
мекеме жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен жəне өз
еркімен кесуден сақтау, қайта қалпына келтіру, орманды қорғау іс-шараларын
жүргізу болып табылады.
Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы көлемі 1,7 млн.
гектар болатын он сегіз ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды.
Бұлардың негізгі қызметі – биологиялық əралуандықты сақтау жəне қалпына
келтіру, ғылыми-зерттеу, рекреациялық жəне экологиялық-ағартушылық
қызметтерді жүргізу. Келешекте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін
əрі қарай дамыту, қазіргі барларын кеңейту жəне Сауыр, Тарбағатай, Зайсан
қазан шұңқырында жаңадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
ұйымдастыру жоспарланып отыр (163 сөз).
7-тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты
Достарыңызбен бөлісу: |