«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді 
Газет – өмір айнасы 
Цифрлы дəуірде тек қағаз түрінде басылып, белгілі бір аумаққа таралатын 
ақпараттық газет шығарудың мəні жоқ екені түсінікті. Әлем бойынша газет, 
журнал атаулының таралымы күрт төмендеуде, себебі жаңа буын жаңалықты 
планшет пен смартфоннан, компьютерден оқуға ойысып барады. Өйткені 
аптасына, айына шығатын газеттердің беретін ақпаратын күн сайын, сағат 
сайын жаңалап отыратын жылдам желі жеңіп кетті. Ал сізге белгілі ақпаратты 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
31 
қайталап оқудың қажеті бар ма?! Кезінде газетті ақпарат алмасу үшін, қоғамда 
не болып жатқанын білу үшін оқитын едік. Енді тек архивін қазып, жазбасын 
жаңартуға, одан қалса, оттық ретінде пайдаланамыз. 
АҚШ-тың «New York Times» газеті 1851 жылдан бері тоқтамай жасап 
келеді. Оны таласа оқитын оқырманы жетерлік. Тіпті əлемдік БАҚ сол газеттен 
сілтеме жасау арқылы ақпараттар таратып жатады. Күніге ақпартты 
толықтырып, мəні мен мағынасы толысқан мақала жазу- тілшінің шеберлігі. 
Ендеше, біздің тілшілеріміз əлсіз бе?! Әлсіздіктен гөрі ізденімпаздық пен 
жаңашылдыққа ұмтылу үдерісі жоқ секілді. Олай дейтініміз – аптасына бір 
келетін газеттің бетінен қайталанған, сылдыр сөзден сүбелі сөз құраған 
авторлардың мақаласы мен қаптаған құттықтаулар оқимыз. Адам газетті, ең 
бірінші, «кеше немесе осы аптада не болды екен?» деп ашады. Одан кейін 
«əлем не дейді, қоғам ше?» деген екінші ой келеді. Бəрінен шаршаған кезде 
ғана танымдық не қызықты дүние іздейді. Ал бізде алғашқы екеуі бар, оның 
өзінде сараптау емес, тек «болды, бітті, өтті, енді не болмақ?» деген жанама 
сұрақтары бар тақырыптар. Ал оқырманын қызықтыратын газеттің 
жаңашылдық көзқарасы жоқтың қасы. (220 сөз)
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет