«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет25/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
27 
6-тапсырма 
Біз күнделікті тұрмыстық қажеттілігімізді табиғаттан аламыз. 
Үйімізге қажетті жиһазды да, құрылыс материалын да дайындауда ағаш 
сияқты табиғи, таза өнімді пайдаланамыз. Дегенмен, кесілген ағаштың 
орнын толтыруға ондаған жылдар қажеттігін де ескерген жөн. 
Сондықтан, әрбір ағашты, әрбір бұтақты ыждағаттылықпен сақтау, 
қамқор болу – басты міндеттің бірі. «Сіз қалай ойлайсыз, табиғи ағаш 
өнімдерін қоршаған ортаға зиянын тигізбей пайдаланудың тиімді жолдары 
бар ма?». Берілген мәтіндердегі ақпараттарды негізге алып,өз ойыңызды 
дәлелдеп эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 
170-200
 сөз болуы қажет.[20]
 
А мәтіні: ғаламтор бетінен алынған мақала
Ағаштан жасалған бұйымдар 
 
Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең 
таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың 
түгел дерлігінің заты – ағаш. Себебі, ертеде қазақтың киіз үйінен бастап, 
қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған.
Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. 
Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен, қатты жерінен жасап 
отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап, май сіңіру керек. 
Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші əдіс – оны құрсаулау. Күбінің, үлкен 
шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып 
кетпеуден сақтайды жəне ыдыстың сырты, түбі əр затқа соғылып мүжіліп 
кетпесін дегеннен туған.
Бұрынғы уақытта ағашты ию, жұмсартудың тəсілдері болған. Әкемнен 
естуімше, ертеде ағашты малдың қиымен араластырып, су құйып жерге көміп 
тастайды екен. Сол кезде ол қызады да, белгілі бір күйге жеткенде ағаш 
жұмсарады. Дəл осы сəтте қазып алып, тезге салып, өзіне қажетті қалыпқа иіп 
жасап алады. Міне, осындай күрделі əдіс-тəсілдердің арқасында бүгінгі күні 
адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған. 
Бүгінгі күні де тұрмыстық заттарды дайындауда ағаш сұранысқа ие. 
Себебі бұл – зиянды заттар бөлмейтін жəне адам үшін қауіпсіз табиғи 
экологиялық материал. Оның үстіне сапалы ағаш жиһаз уақыт өтсе де, өзінің 
табиғи сипатын сақтайды. 
Ағашпен жұмыс істеу – күрделі жəне көп еңбекті қажет ететін үдеріс.
Жалпы алғанда, жиһаз өндірісінде қолданылатын барлық ағаш 
тұқымдары қатты жəне жұмсақ болып бөлінеді. 
Бірінші санатқа жататын шамшат, емен, шаған, шілік, шегіршін жəне 
күнделікті конструкцияларды (мысалы, жиһаз қаңқалары) жасау үшін 
пайдаланылатын басқа ағаштар жатады. 
Жұмсақ ағаштар үлкен жүк түспейтін элементтерді дайындауға 
пайдаланылады. Сондай-ақ, осы мақсаттарда қарағайдан басқа қандыағаш, 
көктерек, тал, балқарағай немесе терек ағашын пайдалануға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет