«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
30
8-тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бұқаралық
ақпарат құралдарының адам өмірінде маңызы бар ма?» деген тақырыпта
эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20]
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы, PhD доктор Мұхтар
Сеңгірбай мен тілші сұхбаты
Ақпарат кеңістігіндегі бəсекеге шыдас беру үшін газеттер ендігі жерде не
істеуі керек?
Осыдан 5-6 жыл бұрын қазақ газеттері жойылады деген
болжамдар жасалған. Бірақ
уақыттың өзі көрсетіп отырғандай, жоғала қойған
жоқ. Өйткені цифрлы техника,
алдымен, адам денсаулығына зиян, адамның
ойлануына мүмкіндік бермейді, жалқаулыққа
жетелейді.
«Цифрлы ғасырда газет атаулы жойылады» деген түсінік қате, менің
ойымша, «газет» деген сөздің өзі мəн-мағынасын өзгертіп, ақпарат құралы
ретінде оның формасы да, мазмұны да, таралу əдісі де, оқырмандары да
түгелімен ауысады жəне бұл қазір болып та жатыр.
Кез келген БАҚ-тың бүкіл əлемге таралуына мүмкіндік бар. Ақпарат
құралдары оқырман назары үшін əлем деңгейінде бəсекеге түседі. Мəселен,
Орталық Азия халқының өміріне қызығатын адам оны New York Times-тан
емес, «Егемен Қазақстаннан» оқи алатындай болуы үшін не істеу керек?
Қағаз түріндегі газет ақпарат таратудың бір формасы ретінде сақталады,
ол планшеттен жалыққан немесе бір ауық көзін демалтқысы келетін, яки
асықпай оқып, ой қорытқысы келетін оқырманға қосымша мəлімет береді. ХХІ
ғасыр оқырманы жай мəтін оқып қоя салатын адам емес, ол басылымның
мазмұнын қалыптастырып, оны бағыттап, байытып отырады.
Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, тəрбие беруші құрал. Кез
келген журналистің біліктілігін арттыру газеттен, журналдан бастау алу керек.
Тегінде, Қытайда мектеп оқушыларына қаламсаппен жазғызбайтын.
Жазуларыңды бұзады деп. Оның орнына сиялы қаламмен жазуға үгіттейтін.
Себебі қаламсап пен сиялы қаламның айырмасы бар. Біреуі - дайын өнім,
екіншісі - еңбек. Себебі сияға малып мəнерлеп жазу – тəрбие. Осы тұрғыдан
келгенде, газеттің бəсі басым екенін айту керек. (229 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |