«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


-тапсырма  Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл



Pdf көрінісі
бет30/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

9-тапсырма 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл 
кітап» қорғаған аң-құстарды біз қорғай алмаймыз ба?» деген тақырыпта 
эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20] 
 
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
«Қызыл кітап» - табиғат қорғау негізі 
 
Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» — халықаралық 
дəрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не 
жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін 
жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Кітаптың беттері əртүрлі түстен 
тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, 
сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың 
түрлері көрсетілген. 
Қазақстанда бұл кітап 3 рет басылып, соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта 
құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың 
ішінде: ақбөкен, гепард, арқар, барыс, бұғы жəне қарақұйрық т.б.бар. Қызыл 
түс қауіптілікті білдіреді.Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға шешім 
қабылданды. Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам 
болғандықтан, қоршаған орта мен табиғатқа баса назар аударуымыз қажет. 
«Қызыл кітап» - табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен 
тəрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Онда жойылу қаупі бар түрлердің 
тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы 
кеңестер жазылған. 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
32 
“Қазақстанның қызыл кітабының” əрі танымдық, əрі тəрбиелік мəні зор. 
Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тəрбиелейді.
(164 сөз) 
Ә мәтіні: газет мақаласынан үзінді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет