Эссе «Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі» Қазақ музыка өнері



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі21,11 Kb.
#87031
1   2   3
Байланысты:
ЕРЖАН ЭССЕ

Қазақстандағы композиторлар
ХІХ-шы ғасырдың соңы мен ХХ-шы ғасырдың басында халықтың әнші композиторларының туындылары пайда бола бастады. Ондағы негізгі тақырып үстем таптың зорлық-зомбылығы, теңдік іздеген шаруалардың арман тілегі өзек болды. Қазан төңкерісінен кейін ұлттық музыка мәдениеті қайта туып өркендеді. Ол даму жолында халықтың бай ұлттық музыка шығармаларымен қатар, орыс және шетел классиктері дәстүрін кеңінен пайдаланды. Қазақстанда музыкалық қоғам өмірі жанданып, музыка көркемөнерпаздар үйірмелері мен хор ұжымдары ашылды. Музыка фольклорын жазып алу және оны зерттеу жұмыстары жүргізілді. Затаевич халық ән-күйлерінң жинағын құрастырып шығарды. Әншілердің, ақындардың, музыканттардың өнер сайысы алғаш рет 1919 жылы Верныйда қолдауын тапты. Халық музыкалық шығармашылығының жаңа жанрлары, музыкалық аспаптары сүйемелімен хор орындау қалыптасты. Орындаушылық өнердің түрі көбейді. 1934 жылы Алматы қаласында Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының бірінші слеті өтіп, оның артынша ҚазЦИК атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі (1944 жылдан Құрманғазы атындағы) ұйымдастырылды. 1935 жылы құрамында хор ұжымы ұлт аспаптар оркестрі би ансамблімен әншілер тобы бар Қазақ филармониясы ашылды. 1933 жылы Алматыда музыкалық студия ашылып, 1934 жылы Қазақтың музыкалық театры болып қайта құрылды. Музыкалық спектакльдерге әншілер: К.Байсейітова, Ж.Жандарбекова, Қ.Байсейтов, М.Ержанов, т.б. қатысты. 1934 жылы қазақ халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы Брусиловскийдің «Қыз Жібек», одан кейін «Жалбыр» (1935ж.) мен «Ер Тарғын» (1937ж.) қойылды. 30-40 жж. Қазақтың көпшілік әндері, романстары, хор музыкасы қалыптасты. 1939 жылы Қазақтан композиторлар одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1942 жылы Брусиловскийдің Кеңес жау-фашист басқыншыларына қарсы «Гвардия алға» операсының қойылуы музыка өміріндегі елеулі табыстардың бірі болып табылды. 1944 жылы Алматыда қазақ консерваториясы ашылды. Соғыстан кейін қаһармандық-ерлік тақырыбына арналған жаңа опералар туды. Брусиловский мен Төлебаевтың «Аманкелді» операсы, халық композиторы Біржан Қожағұл жайындағы Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы елеулі оқиға болды. XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде–кем. Ахмет Қуанұлының бүкіл саналы ғұмыры өз елінің музыка мәдениетін қалыптастыру және оны көркейту жолындағы белсенді қызмет үстінде өтті. Ол көптеген келелі істің басында болды, атап айтқанда: музыкалық фольклористика, қазақ музыкатану ілімі, Қазақстан Композиторлар одағы, кәсіптік музыкалық білім беру саласы. А. Жұбанов қазақ мәдениетіне музыкаландырудың тың формасын таныстырды. Ол – қазақ халық аспаптар оркестрі. Қазір жұртшылық бұл ұжымжы атақты Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі деп біледі. Ахмет Қуанұлы тамаша музыкалық туындылардың авторы, өңдеушісі және дирижері ғана емес, сонымен қоса оларды үйретуші, таратушы, насихаттаушы педогог–лектор болды, халық шығармашылығынан мыңнан астам ән мен күй жазып алып нотаға түсірді. Халық композиторлары туралы ел аузынан жинаған мәліметтер бірқатар ғылыми мақалалар мен шығармаларға арқау болды. А. Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан теңдесі жоқ үлесі адам қабілетінің қандай құдіретті болатындығының шынайы көрінісі. . Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе облысында туды. Он үш жасында әкесінен айырылған Ахметтің саналы тәрбие, сапалы білім алуына ағасы Құдайберген Жұбанов өте үлкен ықпал етеді. Құдайберген Жұбановтың өзі де кейін ғылымның асқар биігіне шығып, қазақтың тұңғыш лингвист профессоры ретінде танылады. 1929 жылы оқуға жіберілген Құдайберген, Ленинградқа інісі Ахмет Жұбановпен бірге аттанады. Әлемдік білім мен ғылымның орталығы болған бұл қалада Ахмет танымал музыкатанушылардың, филологтардың, этнографтардың дәрістерін тыңдайды, Ленинград консерваториясының студенті атанады, кейіннен Өнер академиясының аспирантурасына түседі. Алматыда музыкалық драма техникумының ашылуына байланысты Ахмет Қуанұлы оқу бөлімінің бастығы қызметіне шақырылады. Бұл кезде Ахмет Жұбанов тек қазақ музыкалық фольклорын ғана емес, өзінің ең бірінші музыкалық–теориялық еңбегі «Музыка әліппесін» жаза бастаған еді. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ – халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық–драмалық театрдың 11 домбрашы–студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. Осы ансамбльдің Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрін құруда негізгі творчестволық ұйтқы болғаны бәрімізге аян. Дәстүрлі қазақ музыкасының Европаның, орыстың музыка мәдениетімен жақындасуының өзара ықпалдасуының басы осылай басталған еді. Соның нәтижесі – Қазақстанның қазіргі музыка өнері. А. Жұбанов өзінің шығармашылық дарындылығы, кемел білімі, ғажайып ұйымдастырушылық қабілеті арқылы қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған дарын иесі. .Қазақ халық аспаптары оркестрі – А. Жұбановтың шығармашылық қызметінің аса елеулі, қайталанбас тұстарының бірі. Оның көп дауысты ұлттық оркестр құруы – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениеті деген ұғымды нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдырды. Ахмет Қуанұлы оркестр репертуарын қалыптастыру, музыканттардың кәсіби деңгейін жетілдіру бағытында да аянбай еңбек етті. . А. Жұбанов композитор ретінде түрлі жанрда қайталанбас құнды туындыларды: аспаптық, вокалдық шығармаларды, хорлар мен музыкалық-драмалық шығармаларды (опера, драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге жазылған музыкаларды) дүниеге әкелді. А. Жұбановтың «Ария», «Романс», «Көктем» сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде “Тәжік биі”, “Қазақ биі” шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Ұмытпа», «Ақ Шолпан» сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады. Оркестрге арналған шығармаларының ішіндегі қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап жазған «Абай» сиютасы өз алдына бір төбе. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет