Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет11/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны

Құс өңдеу кәсіпорнына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Технологиялық үрдістері: қабылдау, бордақылау, құсты сою, тоңазытқышта өнімдерді сақтау, экспедиция. Құс өңдейтін нысанның өндірістік үй-жайларының негізгі жинағы 1 кестеде келтірілген.




1 кесте. Құс өңдейтін нысанның өндірістік үй-жайларының
негізгі жинағы



Бөлімшелердің атауы

1

Құсты ветеринариялық тексеріп-қарау және қабылдау

2

Автомашиналарды, контейнерлерді және ыдыстарды дезжуу пункті

3

Құстарды конвейердің аспаларына ілу, электрмен өшіру, сою, құстың тұтас етін қансыздандыру бөлімшесі

4

Жылумен өңдеу, қауырсынын жұлу, суда жүзетін құстың тұтас етін балауыздау және балауыз массасын регенерациялау бөлімшесі

5

Құстың тұтас етін жуу, ішек-қарыннан тазарту бөлімшесі

6

Құстың тұтас етін салқындату бөлімшесі

7

Сұрыптау, өлшеп-орау және қаптамалау бөлімшесі; құс етін және ет өнімдерін салқындатуға, мұздатуға және сақтауға арналған тоңазытқыш

8

Жартылай фабрикаттарды шығаратын бөлімше

9

Шұжық-аспаздық өнімдерді және қорытылған майды өндіретін бөлімше

1

Консервілерді өндіретін бөлімше

1

Механикалық шаншылған етті өндіру бөлімшесі

1

Санитариялық камера бөлімшесі (шартты түрде жарамды құс етін өңдейтін учаскесі мен шикізат пен өнімді сақтауға арналған тоңазытқышы бар)

1

Қайтарылатын ыдысты санитариялық өңдеу және дезинфекциялау бөлімшесі (дайын өнім үшін)

1

Қауырсын-мамық шикізатын бастапқы өңдеу бөлімшесі

1

Техникалық қалдықтарды қайта өңдеу бөлімшесі

1

Мұздатылған және құрғақ жұмыртқа өнімдерін өндіретін бөлімше немесе цех

Қабылдау цехы басқа цехтардан оңаша орналасуы керек. Құстың әрбір партиясымен ветеринариялық ілеспе құжаттары қоса жүреді. Бұл цехта құстарды сұрыптап, мал дәрігерлік тексеру жүргізеді. Сараптама кезінде семіз құсты союға, ал арық құсты бордақылау цехына жібереді. Ауруға күдікті құстарды изоляторға жібереді. Осы өндіріс сатысында құсты сою цехына инфекцияның түспеуін қадағалау керек. Құсты бордақылау цехы тауықтар мен күркетауықтарға және суда жүзетін құстарға арналған 2 жекелеген бөлімнен тұрады.


Құсты сою цехында сою алдындағы күту бөлмелері болу керек. 4-18 сағат аралығында ашықтыру арқылы ішек-қарындағы қалдықтардан босатылған құс союға дайын болып есептеледі. Бұл кезеңде құстарға ішті айдау үшін тұзды ерітінділер беріледі. Құстың қауырсындарын тазартады, ал суда жүзетін құстар су қоймасында сақталып, арнайы желдетілетін бөлмеде кептіріледі.
Құсты ауыз арқылы сояды. Бірінші сатысында қайшымен немесе арнайы пышақпен көк тамырлар аралығындағы анастомоз кесіледі. Екінші сатысы – таңдай саңылауы арқылы мишықты теседі. Содан соң құсты конвейерде, қансыздандырады. Еттің сақталу ұзақтығы қансыздандыру сапасына байланысты.
Құстың тұтас етінің қанын сорғытуды цехта оның шашырауын және жұмыс үдерісі кезінде науаларда жиналуын болдырмайтын, туннельдерде немесе жабық жерде жүргізіледі. Құстың қауырсындарын алған кезде машиналар қоршалады, қауырсын жинауға және өңдеуге арналған науалар торлармен жабдықталады. Құстың тұтас еттеріне және қауырсын алатын машиналардың жұмыс орнына құстан қауырсын алу кезінде +45 - +500С температурадағы су үздіксіз берілуі тиіс.
Бастапқы өңдеу, ішек-қарнын ақтару, салқындату конвейерінің аспасынан құстың тұтас еттерін лақтыру орындарындағы ленталы транспортерде немесе үстелдерде, қаптау және сорттау учаскесінде тұтас еттің еденге түсуін болдырмайтын қоршаулар немесе құралдар орнатылады. Ішек-қарны аршылғаннан кейін тұтас еттің сыртқы және ішкі беттері су құбырының суымен жуылады. Тұтас еттің ішкі қуыстарын жуу үшін саптамасы бар шлангілер қолданылады. Құрсақ қуысын жарған кезде және ішкі мүшелерін алған кезде асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына және оның ішіндегісінің тұтас етке және жабдықтарға түсуіне жол берілмейді.
Тұтас етті салқындату ластануына қарай, бірақ ауысымына кемінде 1 рет ауыстырылатын суы бар астауда жүргізіледі. Шартты жарамды, ішек-қарыны аршылмаған және жартылай аршылған құстың тұтас етін суға батырып салқындатуға жол берілмейді.
Құстың тұтас етін өңдеу үшін құрамында ауыз суға арналған талаптардан асатын шоғырланудағы хлоры бар ерітінділерді қолдануға жол берілмейді.
Құстың тұтас еттері алдын ала пергамент қағаз төселген жәшіктерге салынады немесе кейіннен жәшіктерге салынатын жеке пакеттерге қапталады. Қапталған құстың тұтас етінің тоңазытқышқа жіберілгенге дейін цехта болу уақыты 30 мин аспауы тиіс. Тоңазыту камераларында тұтас ет салынған жәшіктерді табандықтарға орналастырады, 0 – +2ºС температурада 5 тәуліктен асырмай сақтайды.
Ішек-қарынды алдын ала тазартпай және ішін жумай сақтауға жол берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет