Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет5/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны

Сумен жабдықтау және канализация
Етті өңдеу кәсіпорындарында су техникалық үрдістерге, бу шаруашылығына және шаруашылық мақсатта қажет. Кәсіпорынды сумен қалалық су құбырларына қосу арқылы немесе жеке су құбырының құрылыстарын салу арқылы қамтамасыз етеді. Өндірістік мақсатта, ішуге және санитариялық қолданылатын су ішер суға қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
Техникалық сумен тағамдық өнімдерді өңдемейтін қондырғыларды жабдықтауға болады. Мысалы, компрессорлар, вакуум-насостар, барометрлік конденсаторлар, т.б. Техникалық судың құбырлары айырықша түске боялуы қажет.
Тоңазытқыштардан алынған суды ішуге немесе тағамдық өнімдерді өндіру үшін қайта пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай сумен еденді, жабдықтарды жууға, сонымен қатар техникалық мақсаттарда қолдануға болады.
Санитариялық шаралар кешенінде канализациялық жүйенің дұрыс құрылуы маңызды болып табылады. Ет комбинатының ағынды суларының ластану сипатына қарай шартты таза және лас болып бөлінеді. Соңғысы құрамында майы бар және майсыз деп бөлінеді. өндірістің ағынды суларының құрамы әр түрлі екенін біле отырып, ет комбинатында бөлек жеке канализация көздерін жобалау қажет:

  1. конденсатордан, вакуум-аппараттардан және т.б. алынған шартты таза суға арналған;

  2. құрамында майы бар өндіріс суларына арналған;

  3. кір жуатын бөлменің, әжеттхананың, себезгінің шаруашылық- нәжістік суларына арналған.

Егер ет комбинаттарында ағынды суларды биологиялық тазартудың өзіндік құрылысы болса, онда құрамында шартты таза және майы жоқ ластанған суларды бір көзге біріктіруге болады. Шартты таза суларды труба құбырларының жабық жүйесінде айналдырады және олар тазартуды талап етпейді. Суытылған соң (бассейнде және градирде) оларды сол жабық жүйеде пайдаланады, егер су құбырларының жабық жүйесіндегі су ішер судың сапасына сәйкес болса, онда мұндай шартты таза суларды жабдықтарды жууға және себезгіге пайдалануға болады.
Ет комбинаттарындағы ағынды суларды ұтымды тазарту үшін келесі тазарту қондырғылары міндетті түрде болуы керек:
а) санитариялық қасапхана, изолятор, карантиннің ағынды сулары үшін қи-көң ұстағыштар мен хлораторлы қондырғы;
б) малды ұстайтын бөлмені ағынды суларына торлы қи-көң ұстағыштар;
с) өндірістік сулар үшін торлар, құм және май ұстағыштар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет