Ет өндіру кәсіпорнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ет өңдеу кәсіпорнының жобалануына қойылатын талаптар



бет3/11
Дата13.06.2023
өлшемі61,89 Kb.
#178736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ет өндіру кәсіпорны

Ет комбинатының өндіріс цехтары
Ет комбинатының барлық цехтары негізінде ет-майлы, тоңазытқыш, шұжық корпустарында жинақталған.
Малды біріншілік өңдеу цехы. Оның құрамына 2 сағатта малмен қамтамасыз ету үшін артық малға сою алдындағы қора мен малды өңдеу залы кіреді.
Малды қайта өңдеу цехында малды тұншықтыру бокстармен, ілмелі жолдармен жабдықталады. Басқа цехтарда тағамдық шикізаттың әр түрлі түрлерін тасымалдау үшін жылжымалы арбалары болу керек. Конфискаттарға арналған ажырататын түске боялған бөлек арбалар мен түсірмелер қарастырылуы керек.
Малды біріншілік өңдеу барысында ауруға күдікті ұшалардың анықталуы мүмкін. Осы ұшалардың басқа ұшалармен жанаспауы үшін цехта жекелендірілген аумақ бөлінеді. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне дейін күдікті ұшаларды осы аумаққа орналастырады.
Цехта аппаратураларды санитариялық өңдеу үшін, тағамдық қанды жинау үшін, троллерді тазалап, майлау үшін, ілмектерді жуып, кептіру үшін бөлмелер болуы керек. Мүшелеу барысында мүшелер мен ұшаларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін арнайы орындар қарастырылады. Оларды жақсы жарықтандырған алаңдармен және аспаптарды жуып, дезинфекциялау үшін құрылғылармен жабдықтайды.


Ішек цехы
Ол біріншілік өңдеу цехына жақын орналастырылады. Ішектерді тасымалдау үшін цехты арнайы түсіргіштермен және ілмелі ожаулармен немесе арбалармен жабдықтайды. Міндетті түрде эпидемиологиялық талаптардың бірі- жұмыс орындағы ішектерді тазалап жуу үшін шашырататын себезгі құралдарының болуы. Қазіргі механизация деңгейінде ішек цехының тағамдық емес қалдықтары сорпалық өнім цехтары сияқты басқа жабдықтардан ажыратылатын түске боялған бактарға жиналады.
Ішек цехында тұзды дұрыс сақтау жағдайларын қарастыру қажет, себебі оның тазалығына консервіленетін ішектің сапасы тікелей байланысты. Сондықтан цехта тұзды сақтау үшін зат қоймасы болуы керек, жоқ дегенде астық салатын үлкен жәшік (цехтың өзінде) болуы керек.


Тағамдық және сүйек майы цехы
Қазіргі ет комбинаттарында майды шығару, торталау үшін үздіксіз ағынды механикаландырылған тораптар қолданылады. Яғни, шала өнім-майды қайта өңдеу жабық жүйеде өндіріледі. Бұл цехтың жұмысына қойылған санитариялық жағдайды қамтамасыз етеді. Бірақ кейбір ет комбинаттарда техникалық жабдықтың жетіспеушілігінен үздіксіз ағымдылық сақталмайды. Бұл жағдайда кейбір жекелеген технологиялық үрдістерді (шикізат дайындығы, торталау, тазалау, құю, буып-түю) бір бөлмеде орындауға болады. Тек қана сүйекті ұнтап, бөлшектеп, үгіту кезінде өнімге сүйек жарықшалары түспеу үшін жеке бөлмеде жасау керек. Кездейсоқ жарақаттардың алдын алу үшін бұл цехтың және жақын жатқан алаңның едені рифлен тақталарымен қапталуы керек. Бұл үйкеліс коэффицентін жоғарылатады. Ыдыстар мен тазалау саймандарына арналған бөлме жақын орналасуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет