Этнопсихология Дәріс тақырыбы 6: Қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы



бет3/6
Дата02.07.2018
өлшемі129,76 Kb.
#45868
1   2   3   4   5   6

Дәріс тақырыбы 7: Сабақта оқушының жұмысын белсендендіру
Дәрістің мақсаты: Сабақта оқушының жұмысын белсендендіру түсінік қалыптастыру
Сұрақтар:

1.Оқу іс-әрекетінің белсендендіру формалары: психология сабағында ақпаратты жазу, мұғалімнің сол немесе басқа тақырыптарды түсіндіруіне байланысты оқушыларға сұрақтар және осы сұрақтар бойынша қысқа пікір-талас, мұғалімге сол немесе басқа тақырыптар бойынша сұрақтар, психологиялық есептерді шығару.

2.Психология курсы бойынша қайталау.

Психологиядан жоғары оқу орындарында әр түрлі оқыту формалары мен оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері бар. Психологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру маманды даярлау бағытына сай, жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастыру жұмыс жоспары мен сабақ кестесі арқылы, мемлекеттік білім беру стандарты, типтік оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Оқу күндізгі, сырттай оқу бөлімдерінде жүреді. Оқу жылы бірінші қыркүйекте басталып, оқу жоспарына сай аяқталады. Ол екі семестрде, не триместрге бөлінеді. Оқу жұмысы семестр бойына апталық сабақ кестесі негізінде ұйымдастырылады. Аудиториялық сабақтың ұзақтығы жоғары мектеп белгілеген академиялық сағатты құрайды. Ол 40-50 минутты құрайды. Ескере кететін жайт оқыту, оқу процесін ұйымдастыру белгілі бір педагогикалық принциптерге негізделіп құрылады. Біз жоғарыда оқыту заңдылықтары мен оқыту қағидаларын қарастырып кеттік, ал төменде оқу үрдісін ұйымдастыру қағидасын сызба түрінде бердік. Ұйымдастыру қағидасын сақтау оқытушы мен студент әрекеттестігіндегі үйлесімділікті, мазмұн мен форманың бірлігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз оқытушы мен студенттердің іс-әрекетінің, қарым-қатынасының оқыту, оқу үшін арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде өтетін жұмысы, қызметі.

Педагогикалық әдебиеттерде, басылымдарда орта мектепте, арнаулы, жоғары оқу орындарында оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы туралы үздіксіз талас-тартыс туындап отырады.

Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені, әлі күнге дейін педагогика ғылымында «Оқытуды ұйымдастыру формасы», «Оқыту формасы», «Оқыту жұмысының формасы», «Оқытудың ұйымдастырушылық формасы» ұғымдарының (категорияларының) айқын анықтамасы жоқ. И.Ф. Харламов: «Өкінішке орай, бұл ұғымның әлі күнге дейін дидактикада толық, нақты анықтамасы жоқ», дей келе: «Көптеген ғалымдар бұл сұрақты сырт айналып өтіп, бұл категорияның мәні туралы болмыстық түсінікпен шектеліп қана қояды», - дейді. Осы ұғымды анықтауда И.М. Чередов жасаған жан-жақты, ұқыпты талдау оны көптеген ғалым-педагогтардың әр түрлі позициядан қарастырғандарымен, бұл ұғымға тым жалпы анықтама беретіндігін көрсетеді. Мұндай қорытынды жасауға И.Я. Лернердің бұл ұғымға берген анықтамасыда ықпал етеді. Оның: «біз оқытуды ұйымдастыру формасы деп: - «Алдын-ала анықталған тәртіп пен режим арқылы реттелетін белгілі бір мұғалім мен оқушының не оқушылардың өзара бірлесіп әрекет жасауын»», - түсінеміз деуі ұғымның жалпылық сипатын көруге себеп болды.

Жоғары, арнаулы орта оқу орындарында психологияны оқыту, психологиядан ғылыми-зерттеу, оқу жұмысын ұйымдастыру мәселелері С.М. Жақыпов, В.Я. Ляудис, В.Н. Карандашев еңбектерінде сөз болады. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында психологияны оқытудың әр түрлі формалары мен оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері қолданылуда.

Сөйтіп оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз не? Оның мәні неде? Ұйымдастыру дегенді қалай түсінеміз? Педагогикалық, әдістемелік категория ретінде оның негізі неден тұрады? Психологияны оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі неде? Ұйымдастыру – алда тұрған білім беру, оқыту, оқу, зерттеу мақсатына жету үшін қабылдаған шешімді орындау барысында басқарылып отырған жүйеде белгілі бір құрылым түзу. М.Н. Скаткин, Р.А. Низамов оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы ол – оқу сабақтарын ұйымдастырудың, құрудың, өткізудің тәсілі. Оқыту – оқу процесінде «оқытушы - студент», «стдент - студент», «мұғалім - оқушы», «мұғалім – оқушылар ұжымы», «оқушы - оқушы», «оқушы - оқушылар» ұжымы жүйесінде оқу, өз бетінше жұмыс, ғылыми-ізденіс барысында жеке-дара, жұптық, топтық, көпшілік жұмыс түрлерін жүргізу арқылы ұйымдастырушылық қарым-қатынастарды орнату, бірлесіп не бөлек атқаратын іс-әрекет, қызмет, іс-шараларды, операцияларды үйлестіру, «субъект - субъект», «объект - субъекті» арасындағы байланыс, қатынас, бірлескен жұмыста ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Ұйымдастырушылық қарым – қатынас – ол адамдар арасындағы байланыстар. Бұл қатынастар адамдар арасында қатарласып, бірлесіп жұмыс істегенде өзара қызметтік міндетті бөлгенде пайда болады. Ұйымдастыру дегеніміз – білім мазмұнын студенттер не студент топтарының құрамына, санына байланысты оқу материалын бірізді рет-ретімен, жоспарлы баяндау, ақпараттық мәлімет беру барысында еңбек бөлінісінің жүзеге асыру, орындалатын істі, әрекетті бөлшектерге, операцияларға бөлу, іс-әрекет тәсілдері мен амалдарын әрбір студенттің, оқушының мүмкіндігіне, қабілетіне, даму деңгейіне, өзіндік ерекшелігіне, шығармашылық әлеуетіне сәйкес қылып оқу тапсырмаларын бқліп беру, жұмысты тапсыру.

Ғылымда «форма», «түр» (вид) ұғымы лингвистикалық және философиялық тұрғыдан қарастырылады. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде форма ұғымы мазмұнына сәйкес айқындалған, анықталған бірдеңенің, бір нәрсенің құрылымы, конструкциясы, типі, құрылысы, жасалуы, түрі деп түсіндіріледі. Форма – бұл заттың, құбылыстың сыртқы түрі, бейнесінің көрінісі, пішімі, сызбасы, белгілі бір қалыптасқан тәртіп негізінде заттың орналасу реті.

Оқыту формасы – бұл арнайы ұйымдастырылған, оқытатын профессор-оқытушы, мұғалім мен оқитын (студент, оқушы, студенттер тобы) арасындағы бірлесіп атқарылатын оқу-оқыту әрекеті. Мұндағы басты нәрсе бірлесіп білім алу, білік, дағды қалыптастыру барысындағы қатынастар сипаты болып табылады. Педагогикалық процесті оқыту формасы атқаратын ролі мен алатын орны толық айқындалған деп айта алмаймыз. Өйткені әлі күнге «форма» мен «әдіс» ұғымдарының ара жігі ажыратылмай қатар қолданылып келеді. Оның айғағы лекция бірде әдіс, бірде форма ретінде қарастырылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Психологиядан жоғары оқу орындарында әр түрлі оқыту формалары

2. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері

3. Оқытуды ұйымдастыру формасы

4. Психологияны оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі неде?

5. Педагогикалық, әдістемелік категория ретінде оның негізі неден тұрады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұхамбетова С.Қ., Жәрменова Г.С., Дәрібаева С.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Ақтөбе, 2007

2. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2007. – 280б.

Дәріс тақырыбы 8: Оқушылардың өзіндік жұмысы
Дәрістің мақсаты: Оқушылардың өзіндік жұмысы
Сұрақтар:

1.Психология бойынша оқулықпен, дәптермен жұмыс.

2.Оқушылар үшін психология бойынша оқулықпен жұмыстың ерекшеліктері.

3.Психология бойынша дәптермен жұмыстың ерекшеліктері.

4.Психология бойынша оқу тапсырмаларының ерекшеліктері.
Өзіндік жұмыс негізінің жан-жақты зерттелгендігіне қарамастан әлі күнге студенттердің өздігінен білім алу, өз бетінше жұмыс істеу біліктілігі мен дағдысын қалыптастырудың психологиялық, дидактикалық шарттары толық зерттелмеген. Оқу процесі барысында студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үшін алдымен «өзіндік жұмыс», «өз бетінше жұмыс», «дербес орындалатын жұмыс», «өздігінен білім алу», «өзбетімен жұмыс істеу», «жеке-дара жүргізілетін жұмыс», «өздігінен білім алу білігі мен дағдысы» ұғымдарының мән-мағынасын ашып алу керек. Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс ұғымына түрлі анықтамалар берілген.

Өзіндік жұмысты ғалымдар түрліше түсіндіреді: бірде оқыту әдісі десе, екінші жағдайда оқыту принципі, үшіншіде оқыту формасы деп есептейді. Өзіндік жұмыс – оқыту принципі. Бұл дұрыс пікір емес. Себебі – оның өзі, яғни өзіндік жұмысты орындау басқа принциптерге тәуелді. Дәлірек айтсақ, білім алудағы студент белсенділігі өзіндік жұмыс – оқу әрекетінің бір түрі, оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, студенттердің оқу әрекетін жандандыру негізі.

Өзіндік оқу әрекетінде белсенділікті дамыту көзі – білім беруді компьютерлендіру, жаңа ақпараттық технооогияны кең қолдану, оқу процесінің тиімділігі мен сапасын көтеруге көмектеседі.

Ғылыми әдебиеттерде өзіндік жұмыста болмысы әр түрлі қырынан ашылады: оның орындалуын жетекшілердің тексеру жолын анықтау арқылы, оқу сабақтарын ұйымдастыру формаларын сипаттау, жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстар мақсатын айқындау.

Студенттердің өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі: мұндай жұмыстардың өзі әр түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Мысалы: жаттығу, психологиялық есепті, жағдаятты шешу, оқулықпен, ғылыми әдебиеттер мен сөздік, анықтағыш кітаппен жұмыс істеу, бақылау, эксперимент жүргізу, мәнжазба, баяндама, курстық, дипломдық жұмыс дайындау, оны қорғау, мәнжазбаға пікір айту (қарсы не жақтап), шығармашылық тапсырмалар орындау.

Әрбір оқыту әдісі студенттің өзіндік жұмысын қамтиды, міндеті – дербестігін арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыстың дербестілігі мен саналылығы принципі, студенттердің өз бетінше оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады. Студенттің өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол – оқу әрекетінің күрделі бір түрі, оқу жұмысын ұйымдастырудың арнайы формасы. Оқыту әдістері өзіндік жұмысты ұйымдастыруда қолданылады. Студенттің өзіндік жұмысына тән негізгі сипат пен ұйымдастыру шарттары:



  • Тапсырманы нақты беру;

  • Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;

  • Студенттердің жұмысты өз бетімен және қалауымен істеуі;

  • Дербестігінің көлемі, оған әсер ететін мотивтерді айқындау; т.б.

Студенттің өзіндік жұмысы – арнайы бөлінген уақыт ішінде, оқытушының басшылығымен бірақ тікелей көмегінсіз тапсырманы орындау. Өзіндік жұмысты оқытушы дұрыс басқара, ұйымдастыра білуі, студенттердің дербестік дәрежесін, қызығушылығын, ықыласын артып отыруы шарт.

Р.Г. Лембергтің пікірінше студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мына шарттарды: біріншіден, студент орындайтын жұмысының мақсатын түсінуі қажет; ә) жұмыстың жедел, жемісті аяқталуына, оның нәтижесіне қызығуы; б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы. Осы айтылған шарттарды назарға ала отырып студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда жұмыстың нәтижесі студенттің білім алу дәрежесіне ықпал етеді.

Оқытушы мен студенттің атқаратын қызметіне қарай студенттің өзіндік жұмысының негізін мынадай кестемен көрсетуге болады:





Оқытушының басқару функциясы



Студенттің өзін-өзі басқаруы

1

Тапсырманы анықтап беру. Әрекетінің мотиві, жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар.


Жұмыстың нақты мақсат-міндеттерін аңғару. Жұмыстың мәні мен пайдасын ұғыну, оған қызығушылық білдіру.

2

Жұмыс барысына бақылау жүргізу

Жұмысты орындаудың жоспарын жасау. Өзін-өзі бақылау.


3

Студенттің әрекетіне, амал-тәсіліне түзету жасау


Өз жұмысының қателерін түзету

4

Жұмысты тексеру, оның нәтижесін талдау, бақылау.


Өзін-өзі тексеру, бағалау.


Бақылау сұрақтары:

1. Оқу процесі барысында студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру

2. Өзіндік оқу әрекетінде белсенділікті дамыту көзі – білім беруді компьютерлендіру

3. Студенттердің өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі ретінде

4. Студенттің өзіндік жұмысына тән негізгі сипат пен ұйымдастыру шарттар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұхамбетова С.Қ., Жәрменова Г.С., Дәрібаева С.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Ақтөбе, 2007

2. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2007. – 280б.
Дәріс тақырыбы 9: Оқытудың компьютеризациясы
Дәрістің мақсаты: Оқытудың компьютеризациясы туралы жалпы түсінік
Сұрақтар:

1. Оқытуда компьтерлік техникаларды қолданудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.

2. Психология негіздерін оқытудың телекоммуникациялық жүйе мүмкіндіктері.

3. Топтық гипнопедия және резервтік мүмкіндіктерді белсендендіру әдісі.

4. Психология курсында оқытудың белсенді әдістерінің топтық формалары.

5. Ілімді топтық ұйымдастырудың ерекшеліктері.


Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағытта зерттеуге арқау етіп, оларды оқу процесінде қолданумен айналысқан ғалымдар: Б. Әбдікәрімұлы, В.П. Беспалько, Д.М. Жүсібалиева, М.В. Кларин, В.М. Монахов, Г.К. Селевко, Г.К. Нұрғалиева, Қ. Қабдықайырұлы, Ш. Таубаева т.б. ал психологияны оқытуда технологиялық қатынас мәселелері В.Я. Ляудис, В.С. Герасимова, Б.Ц. Бадмаев, В.Н. Карандашев, М.В. Буланова-Топоркова, А.В. Духавнева, в.С. Кукушин, П.Е. Решетников, Г.В. Сучков т.б. еңбектерінде қарастыралады.

Оқытуды технологиялық негізде ұйымдастырудың бір ерекшелігі – студенттің оқу-танымдық әрекетінің еркіндігінің шексіздігінде, өзін танытуға, даралануға, шығармашылық еңбекке бейімделу мүмкіндігінің молдығында. Оқытудың жаңа технологияларының психологиялық білім беру сапасын жақсартумен қатар, тәрбиелік құндылығы да ерекше. Ғалымдардың пікірінше инновациялық технологиялар жеке тұлғаның ой-пікірін дамытып, сөйлеу шеберлігін арттырып, өзіндік сана-сезімін туғызып рухани қалыптасуына көмектеседі. Маманның кәсіби біліктілігі мен білімін жүйелі түрде инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыруға болатындығы көрінеді.

Педагогикалық инновация терминін зерттеуші ғалымдар әр қырынан ашып көрсетеді. «Инновация» - латынның «novus» жаңалық, «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, «жаңару, жаңалық енгізу, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Энциклопедиялық сөздікте инновация ұғымы «жаңаша білім беру».

А.И. Кочетов «инновация» ұғымына «көрсетілген деңгейге апаруды» қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық, педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы деген анықтама береді. Р. Масырова, Т. Линчевская бұл анықтамамен келіспейді. Олар өз тұжырымдамасында «Егер баратын деңгей» алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация? – делінген.

В. Кваша, В. Латинаның пікірлерінше «инновация» - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет,мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.

Инновация – мөлшерлі іс-әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында сексенінші жылдардан бастап кеңінен таралды. Инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.

«Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан соң, алғаш қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».

Педагогикалық категория ретінде «инновация» - жоғары мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа білім мазмұнын, бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді, оқу-тәрбие жұмысына енгізуді айтамыз.

Н. Нұрмағамбетов: «Инновация - білім мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдеріне, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады», - дейді.

Автор инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге жіктейді.



Жеке түрі, дара өз алдына дербес



Модульдік түрі


Жүйелі түрі



Ғылыми әдебиеттерді инновацияны үш түрге бөледі:









Модификациялық

Қолда барды дамыту, түрін өзгерту В.Б. Шаталовтың әдістемелік жүйесі (тірек конспект, ұғым, сызба ...)

Комбинаторлық

Бұрын пайдаланылмаған белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру

Радикалдық

Білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады



Инновациялық үрдісте технологияның даму кезеңдері


Жалтақтап күдіктену

Даңғазашылдық


тұрақтаны


Ынтымақтастық қалыптасу





Бақылау сұрақтары:

1. Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттары

2. Оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыру

3. Педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғырту

4. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұхамбетова С.Қ., Жәрменова Г.С., Дәрібаева С.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Ақтөбе, 2007

2. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2007. – 280б.

Дәріс тақырыбы 10: Психотехникалық жаттығулар мен түзету бағдарламалары
Дәрістің мақсаты: Психотехникалық жаттығулар мен түзету бағдарламалары
Сұрақтар:

1.Психотехникалық жаттығулар мен түзету бағдарламалары.

2.Оқушылар тұлғасының интеллектілік және эмоциялық-еріктік сферасының дамуына бағытталған оқушы психология негізін оқытудың әдістемелері мен технологиялары.

3.Мектепке балалардың психологиялық бейімделуін жақсартуға түзету ойындарының бағдарламасы.

4.Кластан және мектептен тыс жұмыс.
Психологиялық кеңес және психокоррекцияны жүргізудің технологиясын жасағандардың бірі А.А. Бодалев. Ол отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуын зерттеу негізінде және осы жағдайды нормаға жақындату ерекшеліктерін түзетуге арналған психокоррекция технологиясын жасап, оның психологиялық кеңес беру жұмысымен ортақ жерлері өте көп екендігін көрсетті. Сондықтан түзету-дамыту жұмысының осы екі түрін ұштастырып пайдалану ерекшеліктерін жиі қолданған тиімді деп таптық. Психологиялық кеңес беру барысында көзделінетін негізгі мақсат – психологиялық проблемасы бар адамдарға осы проблеманы тудырған мәселелерін талдау арқылы оған негіз болған себебін түсіндіріп беру. Осы түсіндіру барысында клиент өзінің позициясының дұрыс емес екендігіне көзі жетсе проблема шешіледі. Ал психокоррекция барысында адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен арнайы әсер етіп, оның шыжырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилі ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.

Баланың жас ерекшеліктеріне және алдында тұрған проблемасына байланысты психологиялық кеңес беру және психокоррекцияжүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдері анықталады. Психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық жұмыс жүргізу өте күрделі жүйе болып табылады. Оны ұйымдастыру жолдарын зерттеушілер қызмет көрсетудің бұл түрін бірнеше блоктарға бөліп жүргізген дұрыс деп табады. Әр блоктың өзіне тән міндеттері бар, сондықтан оның мән-мағынасын ашып көрсеткен жөн.

1 – блок – психодиагностикалық. Бұл кезеңде баланың психологиялық қасиеттерінің дамуы бағаланып, нормаға сайлығы немесе ауытқуы бар болса ол ауытқулардың себебі, анықталып, ыңғайсыз жағдайға алып келген факторлар талданады және бала өміріндегі олардың орны анықталады. Шытырман жағдай зонасы отбасы, құрбылар ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі т.с.с. жерлер болуы мүмкін (сол адамның өмір сүру ортасы). Осы жағдайды тудырған ортаны анықтаудың мәні өте терең.

2 – блок – бағыт беру деп аталады. Бұл кезеңде клиенттің психологиялық жағдайы өзімен бірге отырып талданылады және ол психологиялық кеңес беру жұмыстарына қатынасуы. Психокоррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріліп, ол жұмыстың ерекшеліктері түсіндіріледі. Психокоррекция көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әдіс.

Оның ішінде коррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері өте үлкен:

а) психолог пен коррекцияға қатынасушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (ұштасып, түйісіп, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл байланыс құбылмалы. Өйткені ол қатынасушылардың психологқа сеніміне байланысты өзгеріп тұрады.

б) қатынасып отырғандардың психологқа және бір-біріне сенуі, осы сенімнің күшеюі, оны білдіруі. Бұл құбылысқа байланысты әркім өз сырын айтады немесе түйсініп қалады.

в) сенімнің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жететінін түсінуінің белгісі болып табылады. Баланың проблемасы отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты болса коррекциялық жұмыс балалармен және олардың ата-аналарымен немесе оларды тәрбиелеуші үлкендермен параллель жүргізіледі. Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағынада болуы мүмкін:

- баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды қалыптасқан талаптарға сай келтіру;

- мінез-құлықта қалыптасқан жағымсыз құрылыстарды бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта құру;

- мінез-құлықта көрініс беретін жағымсыз стереотиптерді және оның эмоционалдық көрініс беру формаларын өзгерту;

- жалпы даму барысын реконструкциялау (құрылымын өңдеу);

- ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінің барлық жас кезеңдерінде маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болып табылатын ойын әрекеттің орны ерекше. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ол үлкендер үшін өздерінің балалық «Менін» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық механизмдері

Психотерапияның вербальды емес формаларына өнермен қарым-қатынас емдік әсеріне негізделген әдістер жатады: музыкатерапия, библиотерапия, имоготерапия, арттерапия, натурапсихотерапия, имиталттерапия, трансок анализ, мориттерапия.

Музыкатерапия – бұл әдіс тиімді деп есептелуі, егер әнді психотерапевт өзі орындаса, аяқастына өзара әрекеттесу жағдайпайда болуы, сенімділік орнайды. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар жоғары үрейлік, шаршау, тітіркенушілік.

Библиотераия – кітап оқу көмегімен сырқат психикасына емдік әсер етуі. Кітап оқу барысында клиент күнделік жүргізеді, оны талдау сырқаттың күйін объективті бағалауға көмектеседі, бұл әдіс жекелей және топтық формада жүргізіледі.

Арттерапия – өнермен емдеу. Жиі қолданбалы өнер түрлері пайдаланылады. Арттерапиялық сабақтар екі нұсқада жүзеге асырылады: сабақтың аяқталуы, тақырыпты орындау мәнерін талдаумен аяқталады.

Натурапсихотерапия немесе табиғат әсері. Табиғат әсерімен клиентті емдеу. Логотерапия немесе әңгімелесупсихотерапия. Психолог клиентпен әңгімелесуде, оның эмоциялық күйінвербальдайды, соның көмегімен клиент өзі қиын жағдайды түзетеді, оның жеке басында қайта құрылулар жүреді.



Каталог: uploads -> doc -> 041d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
041d -> «Қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру»
041d -> Білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курсының алғашқы бес күнінің рефлексивті күнделігі
041d -> Сабақтыңтақырыбы: Фф дыбысы мен әрпі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет