Этнопсихология Дәріс тақырыбы 6: Қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы



бет6/6
Дата02.07.2018
өлшемі129,76 Kb.
#45868
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Кадрларды іріктеу тәсілдеріне жалпы сипаттама

2. Менеджер қызметінің бос орнына үміткерлерді іріктегенде персоналды бағалау мен іріктеудің қандай әдістері қолданылады?

3. Сауалнама сұрақтары қандай болуы мүмкін? Мысал келтіріңіз

4. Үміткерлерді бағалау және іріктеу әдістері

5. Сауалнамалық мәліметтерді талдау жәнем жүргізу туралы түсінік



Ұсынылатын әдебиеттер:


Дәріс тақырыбы 9: Кәсіби-психологиялық іріктеу шараларын материалдық-техникалық қамтамасыздандыру
Дәріс мақсаты: Әлеуметтік желілердегі жарнама, транзитті жарнама, саяси жарнама, ақпарат құралдарындағы жарнама түрлерінің психологиялық сипаттамасын ұғындыру.
Қарастырылатын сұрақтар:

1.Жеке әңгімелесу және топтық зерттеуге арналған бөлмелерді жабдықтау.

2.Құжатхананы, бланкілерді және аппаратураларды дайындау.
Персоналды басқару жүйесінің негізгі элементі, жұмыс орын болып табылады. Жұмыс орнының негізгі құрамдас екі бөлігін көрсетуге болады:


  • Жұмыс орнын жобалау, оны атесттациялау мен технологияны жасау, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті жедел жобалауға байланысты техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелер;

  • Жұмыс орнына қажетті еңбек ресурстары мен капитал салымдарын жоспарлау мәселелері.

Бірінші тобындағы жұмыс орны бір жұмыскердің немесе бригаданың еңбек әрекетінің аймағы және өндірістік кеңістіктің бір бөлігі ретінде (мысалы, цехтар) қарастырлады. Екінші топ мәселесі үшін ( еңбек ресурсы деп атайық) жұмыс орны өндірісті жұмыс күшімен немесе халықты жұмыспен қамтамасыз ету түрінде қарастырылуы керек. Еңбек ресурсының аспектісі түрінде жұмыс орны – сәйкес біліктілігі бар бір жұмыскердің еңбек ету ортасы немесе жұмыскердің орындауға міндетті қызметтерінің функциялар жиынтығы. Мысалы, егер бір станокта жұмыс істеу үшін екі жұмысшы қажет болса, онда техналогиялық және эргономикалық аспект бойынша бұл жүйе бір жұмыс орны ретінде қарастырылады, ал еңбек ресурстық аспектте – әр ауысымда екі жұмыс орны ретінде қарастырылады.

Ұйымда адам факторын басқару ісі – тәжірбиелік іс-әрекетінде кейбір қадамдарда көрсетуге болады. Солардың ең бастысы болып жұмыс орнын талдау (ЖОТ) саналады.

Сонымен қатар өндірістік ортаның және еңбек өмірінің сапасының жақсаруына байланысты жұмыс орнын жобалау (ЖОЖ) маңызды рөл атқарады.

Жұмыс орнын талдау осы жұмыс орнын саралануына (дифференциациялауын) көрсетеді. Бір жағынан іске асатын мәселелер арқылы, екінші жағынан осы жұмыс орнында іс-әрекетті табысты орындау үшін керекті білімге, тәжірибеге және жауапкершілікке қойылатын талаптармен жүзеге асады. Жұмыс орнын талдау екі бөліктен тұрады:



  1. Жұмыс орнын суреттеу – іс әрекет түрлерін санап шығу (осы жұмыс орнында қолданылатын еңбек шарттарын, материалдар және құрал жабдықтар қорларын).

  2. Жұмыс орнын санамалап теру- осы жұмыс орнында жемісті орындалатын мәселелер мен тәжірибеге және біліктілікке қойылатын талаптардың саны.

Жұмыс орнын талдау келесі маңызды ұйымдастырушылық пен персоналдық мәселелерді шешуге бағытталады:

  1. Жұмыс орнын жобалауға;

  2. Ұйымға қажетті қызметкерлерді іздеуге;

  3. Қызметкерлерді обьективті таңдауға;

  4. Қызметкерлердің орындаған жұмысын формальді бағалауға;

  5. Персоналды біліктілікке дайындау және қайта дайындауға;

  6. Қызметкер мансабын ұйымдастыруға;

  7. Персоналды материалдық және рухани ынталадыруға;

  8. Еңбек қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге

Менеджердің жұмыс орнына керекті құжаттары (жұмыс орнында қызмет етуші орындаушыға қажет жеке және кәсіби қасиеттер):

  1. Дайындық және жұмыс тәжірибесі. Бар кәсіп бойынша жұмыс тәжірибесі кең көлемде болуы қажет. Жұмыс өтілімі – кемінде 6 жыл.

  2. Білім. Персонал жұмысына кәсіптелген жұмыстарды басқару немесе өнеркәсіптік психологияға мамандандырылған универсиетет білімі.

  3. Білім, дағды және қабілеттілік. Персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін толық меңгеру, үміткерлерді іріктей білу жұмыскерлерді қызметке тағайындау және бағалау.

  4. Жауапкершілік деңгейі. Персоналды басқаруға мамандандырылған үш қызметкерден тұратын бөлімді басқару.

Жұмыс орыны кәсіпорынның өндірістік құрылымының бастапқы және негізгі бөлімі болып табылады. Ол өндірістік операцияны орындау үшін жұмысшыларға бөлінген өндірістік кеңістіктің бір бөлігі болып табылады. Жұмыс орнын жабдықтау негізгі және қосалқы құрал- жабдықтаудан, техналогиялық және тұйымдастырушылақ жабдықтардан тұрады. Еңбек бөліктерінің сипаттамасы мен қажеттілігі дәлелделінген және оның кеңістікке орналасу тізбегі бар ұйымдастырушылық құжаттар жасауды жұмыс орнын жобалау деп түсіну керек. Жобалау шешімдері жұмысшының барынша тиімді жұмыс істеуіне ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар, бекітілген талаптар мен стандартқа сай, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауы керек.

Жұмыс орнын жабдықтау мен жоспарлау кезеңінде барлық санитарлық нормалар мен құрал-жабдықтарды пайдалану, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік эстетика сақталуы туралы нұсқаулар толығымен орындалуға тиісті.Жұмыс орнын жоспарлауда бірнеше жалпылама талаптар ескерілуі қажет. Бірінші кезекте барлық жағдайды орынды пайдалану. Еңбек үдерістерінде қажетсіз еңбек іс қимылдарды, әдістерді мүмкіндігінше шектеу керек. Бұл мәселені шешу үшін еңбек қимылының траекториясы мен ұзындығы анықталынады, еңбек қимыл құрылымының үлгісі жасалынады, жұмысшының жұмыс бабында жүретін жолының ұтымды маршруты жасалынады. Өмірдің тәжірибесі көрсеткендей, көп жағдайда жұмыс орында байқалатын артық қимылдар мен оған кеткен уақытты ешқандай техникалық өзгерістер енгізбей-ақ жұмыс орнын ұтымды жобалау, әдістерді орындау кезегін өзгерту керек құрал жабдықтарды дұрыс орналасыру арқылы жоюға болады. Жұмыс орнының жабдықталу деңгейін анықтағанда «адам-машина-орта» жүйесінің бөлшектерінің тиімді әрекеттесуін ескере отырып, эргономикалық талаптарды есепке алу қажет.



Бақылау сұрақтары:

1. Персоналды басқару жүйесінің негізгі элементі

2. Менеджердің жұмыс орнына керекті құжаттары

3. Персоналды басқару теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік

4. Жұмыс орнын жабдықтау мен жоспарлау

5. Персонал жұмысына кәсіптелген жұмыстарды басқару



Ұсынылатын әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет