“Этнос”, “халық”, ”ұлт”, “этникалық топ” ұғымдарын салыстыру



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі490,94 Kb.
#123644
1   2   3   4   5
Байланысты:
әлеуметтану срс9

“Ұлт”

Ұлтқоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.

КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым.[1][2][3] Бұл Сталинниің ұлттқа берген қате анықтамасы негізінде айтылған көзқарас. Себебі бұл жиынтықта айтылған компоненттерде саяси ерік және осы еріктің негізінде туындайтын саяси мемлекет туралы еш нәрсе айтылмайды. Марксистік идеология негізінде ұлттың негізгі саяси компоненті жойылып, ұлт ұғымы этнос деңгейіне дейін төмендетілген. Оның бірнеше себептері болған. Біріншіден, марксистік көзқарас бойынша коммунизм орнағаннан кейін ұлттар жойылу керек еді болашақта. Екіншіден, отарлаушы мемлекетте ұлттың шынайы саяси көрініс табуы мүмкін емес еді. Сондықтан советтік кезеңнен қалған шолақ анықтамалардан сақ болу керек.

“Этникалық топ”

Этникалық топтілі туыстас, мәдениеті жақын адамдардың қауымдастығы. Э. т-тарға көне түріктерді, ежелгі славяндарды, ежелгі германдықтарды жатқызуға болады. Мамандар тарапынан Этникалық топтарға тілдік тұтастығын жоғалтқан, бірақ мәдени және этногр. өзіндік кескін-келбетін сақтап қалған кельттер, палеоазиаттық халықтар, эскимостар, үндістер, арабтар, т.б. жатқызылады.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

  • Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
  • Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:
    • Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;
    • Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;
    • Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;
    • Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;
    • Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет