Әуезов кәдімгі қазақтың «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі, Ұлы тұлғасы



бет2/2
Дата12.10.2020
өлшемі46 Kb.
#68160
1   2
Салыстыру кестесі

РІс

М. Әуезов көзімен

 Оқушыға сұрақ

1.

Абайдың әжесі мен Барлас, Байкөкшеден тыңдаған жыр-дастандары

 Қазіргі бала әжесі ертегі жыр айтса  не жыраулар жыр жырласа тыңдай ма?

2.

«Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый  беріп аттандырыңызшы»,- деген Абай сөзі

Сендер ата-аналарыңмен Абай сияқты сөйлесіп, өз ойларыңды жеткізе аласыңдар ма?

3.

Абайдың зеректігіне  Барлас ақын тақпақтап бата беріп,  Абайға домбыра  ұсынады.

Туған күніңе әкең бата беріп, саған домбыра сыйласа қуанар ма едің?

 

 

   Осы кестеден шығатын сөз  , сайып келгенде ,қазақ әдебиетінің  қорына жазылған «Еділ-Жайық», «Құламерген» ертегілерін әжесінен  тыңдап өскен бала мен қазіргі әжесі компьютер мен қалталы телефонға айналған , кез-келген деректі кітаптан емес, ғаламтордан іздеуге  үйренген  ұрпақ өкілдерінің пікірін салыстыра алмайсың.  Сонда да болса әр мұғалімнің шеберлігімен осы жырлар оқушыға жетсе  нұр үстіне нұр болар еді.   Өнер мен өмірді астастырған , халықтың мұрасына айналған  6-сыныпта берілген «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінде  негізгі тақырыбы- өнерді, өнерпазды қадірлеу. Жетекші ой -өмірге, өнерге  деген махаббат.  Сол махаббатты мұғалім сұрақтары арқылы дәлелдеп,  Абайдың ән өнерін беріле сүйетінін,  әнді қадірлеп жоғары бағалайтынын  айқындай түседі. Жас өнерпаздарға Абайды үлгі етеді.    Қазіргі таңдағы  күні-түні даңғаза , шулы жеңіл- желпі билеуге арналған әуенді құлағына қыстырып алып, не айқайлата әуен қойып тыңдауды үйреніп келе жатқан жеткіншекке халқымыздың бірегей тұлғасы, Арқаға аты шыққан Біржан салды таныстырып, халық өнерінің бір парағын ашқызып,  бар ынтасымен ән мен өлең сөзді  өнерлінің өзін қосып  бір бітім біртұтас тұлғадай қиял суретімен елестететіп,көріп отырған Абайдың көзін  көз алдыңа әкеліп, төгілген ән арқылы  Сарыарқа мен Көкшені елестетесің . Біржанның шырқаған әндерінің өзінен  сол уақыттағы  мұң мен зар араласқан әуен екенін оқушыға ұғындыра отырып,  оқушыларға мынадай болжау сұрақтарын қою арқылы  олардың өнерге деген сүйіспеншілігін білуге болады. 



                                          Болжау сұрақтары:

  1. Біржан сал дәл осы сәтте ортада ән салып тұрса тыңдар ма едің?

  2.  Өзің жақсы көретін шет ел  әндерінің жинағы мен  қазақтың әндер жинағын берсе қайсысын таңдар едің?

  3. Дәл сол кездегі менменсіген Жанбота Азынабайлар есімі ел ішінде сақтала ма, әлде Біржан салдың әндері жақсы сақтала ма?

       Мұхтар Әуезовтің тағы бір төл  туындысы    7- сыныпта    берілген «Көксерек »әңгімесі. Жас Мұхтардың көксерекке сонша елжіреп, жанының бар мейірін, жылуын төгуі, іші-бауыры жабыса мейірілденіп, сүйіп жазған себебі де сол бас бір параметрлермен келетін астарлы мағынасынан еді. Өйткені, адам алдымен өзін таниды. Сөйтіп дүниеге қарайды. Сөйтіп құдайын мойындайды.»Жақсылықты өзіңе қыл, өзіңнен асса досыңа қыл»,- деген мақал осы әңгіменің мазмұнын аша түскендей.

  Адам — бөлтірік – орта.Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір жарасы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Қайта шапқан қасқырлар артынан еріп Көксеректің дөң асуы оның табиғатына шәркез қылық еместі. Адасып қалып, жырылып кетіп тепкіден бетер еріксіздік торына түскен қырдың дүлей перзентінің  бостандыққа ұмтылуы, ата-бабалары жортқан иен далаға тартуы, ұяластарын іздеуі жаратылыс заңы еді. Бірақ кәсібі бір болғанмен өзге ортада өскен Көксеректі қасқырлар оп-оңай тобына қосып алмасы түсінікті. Бұл әңгімені оқыта отырып бала  бойына адамгершілікті, аяушылық сезімді, бауырмал болуға оқушыларды тәрбиелейміз.  Осындай жұмыстармен бірге әр шығарманың құрылысына да талдау жасау,  ол шығармада кездесетін бейнелеу, кейіпкерлер келбеттері арқылы  мінездеме беру оқушыларды одан әрі қызықтырады. Шығармадағы әр кейіпкердің іс — әрекетіне қарай отырып, өз өмірлеріне керекті жақсы нәрселерді алып,  жаман қасиеттерден аулақ болуға жетелейді.

   Қорыта айтқанда, Абай қазақ халқының рухани шыңдалуын мұрат тұтса, ұлы Әуезов сол үлгілі құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқаралы шыңдарымен жалғастырған алтын көпір болып тарихта мәңгі қалды. Олай болса, Әуезовті тану – ұлтты тану деген ұлы ұғыммен ұштасады. Ал ұлтты тану – ұлттық дамудың негізгі шарты.Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды. Келер ғасырда да кемелдене беретін кемеңгер М.Әуезов – тек сіз бен бізді ғана емес, әлі дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игілігі, өлшеусіз бақыты. Өйткені, М.Әуезов құдіреті оның елге деген шексіз махаббаты мен сенімінде жатыр. Осы бір ақиқатты сезіну мына біздерге, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жігер қосады.

   Бұл – ұлы Әуезов қашанда бізбен бірге деген сөз. Ұлы қаламгердің рухына көрсетер ең биік құрметіміз – елдігімізді нығайту жолындағы ерен еңбегіміз бен жігерлі күресіміз болмақшы.

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.    Әуезов М. “Көксерек”



 2.  «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» Қ. Бітібаева

3. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 5-сынып  «Атамұра» баспасы

4. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 7-сынып « Атамұра» баспасы

5. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 6-сынып «Атамұра» баспасы



4.    Кемелбаева А. “Әуезов және шығармасы” (Эссе)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет