Тұқым қуалаушылық ағзаларда пайда болған өзгерістерді гендер, хромосомдар арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа бекітіп беріп отырады.
Мутациялар бұл генотипте жаңадан пайда болып отыратын өзгерістер.
Мутация кезінде хромосомалардың санында немесе құрылысында өзгерістер болуы мүмкін, сондықтан мутацияларды геномды, хромосомалық, гендік мутациялар деп ажыратады.
Тұқым қуаламайтын немесе модификациялық өзгергіштік. Бұл өзгергіштік кезінде ағзалардың фенотиптері өзгеріске ұшырайды. Фенотип дегеніміз - ағзалардың ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы. Түрдің даралары белгілі бір себеп әсерінен бір бағытқа қарай өзгереді. Сондықтан Дарвин бұл өзгергіштікке анықталған (яғни өзгеріс тудыратын факторлар белгілі, топтық өзгергіштік деген ат берген, үйткені өзгеріске тұқым қуалайтын өзгергіштегі секілді бір дара ғана ұшырамай, түр дараларының тобы өзгереді.
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік сыртқы ортаның әртүрлі биотикалық және абиотикалық факторларының әсерінен пайда болады.