Эволюциялық ілім



бет41/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

11 лекция - Органикалық дүниенің дамуының қысқаша тарихы
Дәрістің мақсаты: Органикалық дүниесінің дамуының қысқаша тарихымен, архей, протозои, палезои, мезозой, кайназой эраларындағы тіршілік формаларына сиспаттамамен танысу.
Сұрақтар:

  1. Органикалық дүниесінің дамуының қысқаша тарихы

  2. Эраларың тіршілік формаларына сиспаттама: архей заманы, протеразой заманы, палеозой заманы, кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь, мезозой заманы, триас, юра, бор, кайнозой заманы.

Ғалымдар жердің жасы 4,5 – 5 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы келесідей 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертеде түзілген жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады.
Архей заманы – жер қыртысының тарихындағы көне заман. Біздің уақытымызға дейінгі оның жасы 3 500 млн жыл. Осы эрада жер бетінде тіршілік пайда болған. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың қалдықтары табылған. Бұл ағзалар тіршіліктің ядросыз формалары – прокариоттарға жатады. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде теңіз сулары бірте-бірте оттегіге қаныққан.
Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан келесідей ірі араморфоздарды атап көрсетуге болады:
1) Прокариоттық ағзалардан эукариоттық ағзалардың дамуы.
2) Жасыл өсімдіктерге тән коректену әдісі фотосинтездің пайда болуы барлық тірі ағзаларды коректену және зат алмасу әдістері бойынша екіге бөлінуіне бастама берді: автотрофты әдіспен коректенуші жасыл өсімдіктер, дайын органикалық заттар мен коректенетін – гетеротрофтылар немесе жануарлар.
3) Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, сөйтіп гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
4) Көпжасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенеді, ортаның жағдайларына бейімделушіліктер қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет