Эволюциялық ілім



бет44/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Тас көмір кезеңінің жылы және ылғалды климаты құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл кездегі өсімдіктер спора арқылы көбейетін алып шаңжапырақтар қырықбуындар мен плаундар болды. Олардан кейін келе тұқыммен көбейетін шаңжапырақтар шықты. Ылғалы мол батпақты ормандарда ертедегі қосмекенділер стегоцефальдар тіршілік етті. Ірі қанатты буынаяқтылардан таракандар отряды мен шегірткелер ауада ұшып жүруге бейімделді. Тас көмір кезеңінің аяқ шенінде климаттың құрғап салқындауынан стегоцефальдар жойылып – сумен байланысын толық үзген нағыз құрлық жануарлары – бауырмен жорғалаушылар дамыды.
Пермь кезеңінде құрлықтың көлемі едәуір артып, климат одан әрі салқындай түсті. Алып ну ормандар экваторға қарай жылжып шаңжапырақ тәрізділер жойыла бастады. Оларды жалаңаштұқымды өсімдіктер ығыстыра бастады. Стегоцефальдар біржола жойылып, енді ертедегі бауырмен жорғалаушылардың түрлері дами бастады. Іштей ұрықтану және жұмыртқа жасушасында сары уыздың молаюы – бауырмен жорғалаушыларға құрлықта көбеюге мүмкіндік туғызды. Ұрықтың дамуы суда емес құрлықта жүретін болды, жұмыртқаның сырты қатты қабықпен жабылып, дамып келе жатқан ұрықтардың айналасында үш ұрықтық қабықша қалыптасты (амнион, аллантоис, серозды). Ұрықтық қабықшаның біреуі – амнион дамып келе жатқан ұрықтың айналасында сулы орта түзіп, аллантоис тыныс алу, зәр шығару қызметін, ал серозды қабықша қорғаныш қызметін атқарады. Жорғалаушылардың терісінің сыртына мүйізді қабыршақтан тұратын қорғаныш қабат пайда болды. Тыныс алу тек өкпе арқылы жүзеге асты. Жүректерінің қарыншасының ортасында толық емес бөлме пайда болды, тұлғамен аралас қан аққанмен, оның құрамында венозды қанға қарағанда артериальды қан көбірек болды. Сөйтіп денеде жүретін зат алмасу үрдісі біраз қарқындай түсті. Осындай бейімдеушілік белгілерінің дамуына байланысты палеозой заманының ең соңында бауырымен жорғалаушылардың алуан түрлі өкілдері әртүрлі тіршілік орталарын иемдене бастады. Птерозаврлар ауада қалықтап ұшып, ихтиозаврлар сулы ортаны, диплодок құрлықты мекендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет