Әзілхан Нұршайықов


Сұрақ: Сіз бұл кітапты қайда: курортта, теңіз жағасында ма, әлде



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Сұрақ: Сіз бұл кітапты қайда: курортта, теңіз жағасында ма, әлде 
үйде, тек кабинетте отырып қана жаздыңыз ба? Қалай жаздыңыз, 
басынан бастап аяғынан бір-ақ шықтыңыз ба? 
Жауап:
Бізде кабинет деген болмайды. Бір бҿлмеде тҿрт бҧрыш болса, 
оның бір бҧрышын «кітапхана», екіншісін – «ас ішетін орын», ҥшіншісін – 
«қонақ бҿлме», тҿртіншісін «кабинет» деп атаймыз. Кітаптың кҿпшілік 
беттерін со «кабинетте» жаздым. Жеке тарауларын ауруханада жатып 
жалғастыруыма тура келді. Мысалы, Меңтай ҿлетін тарауды ауруханада, 
«Мҽдениет жҽне тҧрмыс» журналының редакторы Мҧса Дінішевпен бір 
палатада жатып бітірдім (Мҧсекең соқыр ішегін алдырған-ды). Ал қалай 
жаздың дегенге келсек, басынан бастап, сыдыртып аяғынан бір-ақ шыққаным 
жоқ – творчестволық процесс кейде қазанның қайнағанына ҧқсаңқырайды.
Қазанға суды толтырып, астына от жағып, бетіне қарап отырсаң, оның 
беті бірден бҧрқ-сарқ деп қайнап шыға келмейді. Ҽне жерден бір бҥлк етіп, 
мына жерден бір бҥлк етіп, бірте-бірте су беті тҧтас сарқылдай бастайды. Сол 
сияқты мен романның басын жазып жатқанда оның орта тҧсында, не аяқ 
кезінде айтылар ойлар, оқиғалар қаумалап келе береді. Ондай кезде мен 
жазып отырған жерімді қоя қойып, жанадан келген ойларды дереу бір-бір 
жапырақ қағазға тҥсіріп отырдым. Оның ҥстіне шырт ҧйқыда жатқан шағын 
– тҥнде тҿсектен тҥртіп оятатын ойлар тағы болады. Кейін сол тҧстарға 
жеткенімде, осыдан бірнеше кҥн бҧрын қағазға тҥсіріп алған оқиғаларды 
ҿрбітіп, жеке ойларды сол кҥйінше романға кҿшіріп отырдым. 
Кітап тек ҥйде ғана жазылған жоқ. Сонымен бірге оның кҿптеген 
жолдарын кҿшеде тҧрып та жаздым деуіме болады. Ҿйткені таңертең 
жҧмысқа бара жатқанында неше алуан адамдарды кҿресің, олардың ҽртҥрлі 
қимылдарын аңғарасың. Содан ҿзіңе ой тҥсіп, кітабыңа керекті жаңа 
детальдарға кездесесің, жаңа нақылдар табасын. Жолда кездескен ҥркек 
ойдан айырылып қалмау ҥшін бір ҥйдің бҧрышына тҧра қалып, жалма-жан 
қалтаңнан қойын дҽптерің мен қарындашыңды шығарып, жаңағы сҿзді 
жазып алуың қажет. Ҿз-ҿзіңнен тоқтай қалып, жанталасып қағазға бірнҽрсені 
тҥрте бастауың жҥріп жатқан жҧрттан ҧят та. Ҧят болса да ҥйтпеске амалын 
жоқ. Ҿйткені, басқа келген ой, бҧтаққа қонған бір топ торғаймен тең. Сол 


Sauap.org
282 
сҽтінде суретке тҥсіріп алмасаң, топ торғай пыр етіп ҧшады да кетеді. Содан 
ҧмытқан ойды іздеуден ауыр азап жоқ. Іздегенмен оны таба алмайсың.
Мысалы, кітаптағы мынадай жолдар ең алдымен кҿшеде қойын дҽптерге 
тҥскен еді:
«Баласы арақ ішсе шешесі у ішеді. Маскҥнем, жаман бала жақсы ананы 
ажалынан бҧрын кҿрге кіргізеді. 
Жақсы дос жаман ҽкеден артық. 
Кҿшеде кҿлденең тҧра қалып, бірінің ернін бірі жҧлып жердей боп 
жалмап, жҧрт кҿзінше сҥйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ҧят та болмайды.
«Шошақай қыз шешесінің атына кір келтіреді», т. б. Ҿстіп барып 
«Махаббат, қызық мол жылдардың» осы кҥнгі нҧсқасы дҥниеге келді... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет