Әзілхан Нұршайықов


Сұрақ: Кітаптың аяғында кейіпкерлердің кейіннен кім болғаны



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Сұрақ: Кітаптың аяғында кейіпкерлердің кейіннен кім болғаны 
көрсетілген. Ал Ерболдың қандай күйде екені неге айтылмаған? 
Жауап:
Ерболдың кім екендігі кітаптың соңында емес, басында 
айтылды. Жазушы мен ҽдебиет сыншысына журналист Ербол ҿз басынан 
ҿткенді баяндап береді. Демек, ол журналист. 
Сұрақ: Роман кейіпкерлерінің прототиптері бар ма? Бар болса, олар 
қазір қандай күйде, не қызметте? Жанұя жайлары қандай? 
Жауап:
Бірсыпырасынікі бар. Кейбіреулерінікі жоқ. Ал бірді-екілі 
кейіпкер кітапқа ҿз атымен кірді. 
Бірақ бар деген прототиптердің сырт пішіндері, кейбір басынан 
кешкендері кітапқа кіргенмен, кейіпкер бейнелерін жасау ҥстінде олар мҥлде 
ҿзгеріп кетті. Прототиптердің ҿздері білмейтін, бірақ ҿмірде болған, басқалар 
басынан кешкен жана оқиғалар қосылды. 
Сондықтан кітапты оқып шыққаннан кейін мына кейіпкерлердің 
прототипі менмін-ау деп ойлаған кейбір таныстарымның «мҧндай оқиға 
менің басымнан ҿткен жоқ еді ғой» деп таңданулары да, шамданулары да 
мҥмкін.
Олай етудің қажеті жоқ. Ҿйткені бҧл кітап деректі дҥние емес, кҿркем 
шығарма ғой.
Енді сол прототиптердің немесе жартылай прототиптердің бас-басына 
жеке тоқтайын. 
Меңтай бейнесінің соңғы жақтары қайдан, қалай алынғанын оқушы 
жоғарыда аңғарған болар. Ал ол бейненің алғашқы бҿлігінің - бала, пҽк 
Меңтайдың прототипі сол кезде бізбен бірге оқыған бір қыздың ҿмірінен 
алынған. Оның ағасының ҿлгені, соғыстан келген бір жігіттің мен ағаңмен 
жолдас болдым, ағаң ҿлерінде сені маған тапсырып кеткен деп ол қыздың 
уҽдесін алғаны, «сен уҽдеңді бҧзба, бҧзсаң ҿлтіремін» деп мейрам сайын 
Алматыға келіп, қызбен кездесіп жҥргені рас. Артынан оның елдегі сиыры, 
ҥйі бар жесір келіншекке ҥйленгені, сберкассада қызмет етіп, облигацияға 
подлог жасағаны ҥшін сотталып кеткені де шындық. Меңтай прототипіне 
алынған қыз – қазір екі баланың анасы, орта мектептің мҧғалімі. Жолдасы –
ағарту қызметкері. 
Ерболдың прототипін кҥнде кҿремін, екеуміз бір мекемеде қызмет 
істейміз. Ҽсіресе таңертең асығып, жҧмысқа келген бетте шаш сипау ҥшін 


Sauap.org
276 
айна алдында жҥздесіп, жымыңдасып та қаламыз. Оның тҿрт баласы, ҽйелі 
бар.
Оны кҿргенде: «Сен кітаптағы Ербол менмін деп мақтанасың. Бірақ, 
жазушының ҽр шығармасында ҿз ҿмірінің элементтері араласа жҥретінін, 
ендеше Ербол бейнесінде менен де титтей бірдеңе бар екенін оқырмандар да 
сезетін шығар» деп қоямын. Расында да кейбір оқырман Ербол мен авторды 
бір адам деп есептейтін кҿрінеді. Ал кҿптеген оқырмандар Ерболды ҿмірде 
бар, тірі адам деп те ҧғынады. Сондықтан да олар баспаға жолдаған ҿз 
хаттарының сыртына «Ербол Есеновке тапсырылсын» жазады. 
Заман мен Тана туралы. Заманның прототипі екеу. Біреуі 1941 жылы 
немістер тҧтқиылдан шабуыл жасағанда Бреет тҥбінде тҧтқынға тҥсіп, 1945 
жылы майда ҽскери тҧтқындармен бірге біздің қолға ҿтіп, кейіннен сотталған 
жігіт. Ол Орал қаласында шахтада жҧмыс істеген. Жігіттің сҥйген қызы оны 
артынан іздеп барып, қосылып, екеуі балалы-шағалы боп бірнеше жылдан 
соң елге келген. Бірақ бҧл қыз ЖенПИ-де оқымаған, орта біліммен ауылда 
мҧғалім боп жҥрген еді. Заманның екінші прототипі белгілі халық ақыны 
Сапарғали Ҽлімбетовтың жалғыз ҧлы, 1943 жылы Ҧлы Отан соғысында қаза 
тапқан жас ақын Маман болатын. Маманның да шын сҥйіп серттескен қызы 
бар еді. Міне бҧл қыз ЖенПИ-де оқыды. Егер Маман жоғарыдағы жігіттің 
жағдайына ҧшырап, аман қалса, бҧл қыздың да оны жер тҥбіне болса да іздеп 
барары кҽміл еді. Бҧл кісі де кейін тҧрмысқа шыққан, балалы-шағалы, 
жанды-жақты дегендей, ҥлкен жанҧя болды. Қазір ерімен екеуі де орта 
мектепте мҧғалім.
Романдағы Заман мен Тана бейнесі осы екі жігіт пен екі қыздан алынған 
болатын. Ал Ербол мен Тананың соғыс кезінде кездесіп, екеуінің ҥш кҥн 
бірге болғанын суреттейтін достық, адалдық, адамгершілік жыры ҿмірде 
шын болған, нақты оқиғаға негізделген еді. Бҧған кейбір кексе кісілердің 
сенбейтіні байқалады. Оған мен не айта аламын. Қолына тиген кітап жайы 
оқырмандардың еркі ғой, ҽрине. 
Зайкҥлдің прототипі бар десе де, жоқ десе де болады. Бар деуге 
болатыны, соғыс кезінде сезімі ерте оянып, еркек кҿрсе қылмыңдай 
бастайтын кейбір қыздардың болғаны рас. 
Сондайлардың біреуі ЖенПИ-ден қуылып, университеттің біз оқып 
жҥрген группасына да келген болатын. Ол қыздың жатақханада сол кезде 
жана ғана шыққан «Алтын кілт» деген кҽмпитті бір-біріне жем берген 
кҿгершіндей болып, жігіттердің аузынан (бір ҧшын қыз, екінші ҧшын жігіт 
тістеп) сорып отырғанын да кҿргенбіз. Зайкҥлдің бейнесін жасарда сол қыз 
ойыма тҥскен де болар. Бірақ сол қыздың кейін қайда кетіп, қазір қайда 
жҥргенін, тіпті, бар-жоғын да білмеймін. Зайкҥлдің прототипі жоқ десе де 
болады дейтінім, ол бейненің бойына осы кҥнгі кейбір қыздарда кездесетін 
кемшіліктерді жҽне қостым.
Сҿйтіп, Зайкҥл жеңілтек, желҿкпе бҧрынғы қыздарға да, бҥгінгі 
қыздарға да ҧқсап шықты. 


Sauap.org
277 
Менің ҿз тҥсінігімше, бойында ҧшып-қонба жеңілтектік мінездері 
болғанымен, жалпы Зайкҥл ақкҿңіл қыз. Жақсы жар кездесіп, қарапайым 
ҿмір сҥрсе, ондайлардың кейін салиқалы ҽйелдер қатарына қосылып кетері 
сҿзсіз. Бірақ «басына бақ» қонса, Зайкҥл сияқтылардың кердеңдеп 
кететіндері де болады. Ондайлар ең алдымен тырапыштанып киінеді. Одан 
соң кенедей жабысып, кҥйеуінің машинасынан тҥспейді. Осыдан соң ҿзі 
шатпақтаған бірдеңелерін диссертациямның тарауы деп ҽркімге бір 
тҥзеттіріп немесе жанадан жаздырып, ғылым кандидаты деген атақ алып, 
алшаңдап шыға келеді. Ал соның қорғаған диссертациясынан коғамға келер 
бір тиын пайда болмайды. Ҿмірде осындай оқиғалар кездесіп 
жататындықтан, біздің Зайкҥл де мҧндай «модадан» қҧр қала алмады. 
Оның бойындағы жас кезіндегі – жеңілтектік, ҿскеннен кейінгі 
ҧятсыздық, кҥйеуге шыққаннан кейінгі келісіп тҧрған жағдай осындай 
озбырлыққа барып ҧштасты. 
Зайкҥлге кҿп тиісетін қуақы мінезді Жомартбектің де прототипі бар. 
Қазір ол Қазақ ССР Ғылым Академиясында қызмет істейді, филология 
ғылымдарының докторы. Кҿптеген ғылыми еңбектері шыққан жҽне бірнеше 
ҽңгімелер жинағы, повестері жарияланған белгілі жазушы. Бірақ қу тілді 
жігіттерді қыздар менсіне қоймайды ғой. Сол себепті де ол ҿлдім-талдым деп 
отызға жеткенде ҽрең ҥйленеді. Роман прототиптерінің ішіндегі ҽзірге 
балалары институтқа ілінбеген тек осы ғана. Автордың мақсаты 
халқымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді кҿбірек кҿрсету болғандықтан, 
романда жағымсыз кейіпкерлер ҿте аз алынды. Тҥптеп келгенде кітаптағы 
шын мҽніндегі жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Оның бірі – Тҧмажан да, 
екіншісі – Бҥркітбай.
Тҧмажан Ошақбаевтың басында біздің қоғамымызға жат екі тҥрлі мін 
бар. Ол Тҧмажанның советтік моральға сыймайтын озбырлығы мен қоғам 
дҽулетіне сҧғанақтығы. 
Оның бойындағы осы қылықтарды оқырмандар қатты айыптап, 
зығырданы қайнаған хаттар жазды. «Махаббат, қызық мол жылдар» романын 
сҥйсіне оқып, кҿп уақытқа дейін ойландым. Ҿзімді ҽлденеше рет Ербол мен 
Тҧмажанның орнынa да қойдым, – деп жазады колхозшы Алтынбек 
Дҽкібаев.− Сонда Тҧмажандай болғанша, ҧл боп анадан тумағанның ҿзі 
артық деген тҧжырымға келдім».
Алты баланың анасы, ҥй шаруасындағы ҽйел Бағила Мҧханова-
Шапатова: «Кітапты оқып отырғанда Тҧмажанға жының келіп, сондай ыза 
болып отырасың» десе, совхоз жҧмысшысы Ҽлмҧханбет Досжанов ҿз хатын: 
«Ошақбаевты ошаққа тірідей тығып жібергің келіп, бойыңды ашу-ыза 
кернейді» деп тҥйіндейді. Ал Л.Қҧтылбекова, С.Жаукеев жҽне басқалар 
Тҧмажан сияқтылардың ауылда ҽлі де бар екенін айтады. 
Рас, Тҧмажан сияқтылар ауылда ғана емес, қалада да кездеседі. Бірақ 
қазіргіТҧмажандардың іші ҿзгермегенмен, тҥсі ҿзгерген. Олар қара костюм, 
ақ кҿйлек киіп, екі беттері шиқандай боп, шекірейіп, мейманханалардың 
маңында жҥреді. 


Sauap.org
278 
Мінеки, Тҧмажан бейнесінің прототипіне шҥу дегенде баяғы ҿзімізбен 
бірге оқыған қызды аламын деп алдап кеткен жігіт алынған болатын. Оның 
сотталып кеткеннен кейінгі хал-жайынан хабарым жоқ. Менің мақсатым, 
қыздарды қашанда болса Тҧмажан сияқтылардың қармағынан сақтандыра 
отырып, қыз намысын қорлау қылмыс жасағанмен тең екендігін жас 
жігіттерге ҧғындыру еді.
Енді романдағы прототипі жоқ бейнелерге келейік. Олар Бҥркітбай мен 
Сҽлима. 
Бҧл екі бейненің екеуі де ойдан жасалғанымен, оқырмандар Бҥркітбайға 
лағынет айтып, Сҽлимаға шын жҥректерінен аяныш білдіреді. «Сҽлима 
сияқты, аюға қосақталған аяулы жандар біздің ауыл, ауданымызда да бар» 
деп жазады. Мҧның ҿзі бҧл екі бейненің мен ҿзім кҿрген прототиптері жоқ 
болғанымен, жҧрт кҿрген, ел білетін прототиптері бар екенін кҿрсетеді.
Кітапта ҿз атымен аталған кейіпкерлердің бірі Майра Ыбыраева (кітапта 
– Абаева). Ол қазір педучилишенің оқытушысы. Майрамен кітап шыққаннан 
кейін тағы бір кездестім. Сол жолы: «Мынау Майра деп отырғаны мен 
шығармын деп, кҿңілім тасып, аяқ басымым шапшаңдап, қыз кҥніме 
жетпесем де, келіншек кҥйімдегідей халге келдім. Бес балам ер жетіп, ҿз 
алдына отау болғанда солардың ҥйлерінің бірінші жасау – мҥлкі болсын деп, 
бесеуіне арнап бес кітап сатып алдым. Алтыншысы мынау Уҽкең екеуміздікі, 
Осыларға автограф жазып бер» деп, Майра алты кітапты алдыма жайып 
тастады. 
– Осы Майраның шын сҿзі, шын сезімі, – деп жолдасы басын изеді. 
– Кітабым жастардың жасауына жараса, неге автограф бермейін, − деп, 
мен оның біріншісіне мынадай деп сҿздер жазып, қолымды қойдым: «Бҧл 
кітапты осы романдағы тікелей ҿз атымен атаған кейіпкерім, соғыстан 
кейінгі ауыр жылдарда университеттің азынаған аудиториясында аш отырып, 
бірге лекциялар тыңдаған ескі досым, қазіргі педагог, асыл ана Майра 
Ыбыраева мен оның жан жары абзал азамат Уҽкеңе шын жҥректен 
сыйладым. 1 желтоқсан 1970ж., Жамбыл қаласы».
Сол сапарымда Меңтай прототипінің негізіне алынған кісімен де 
кездестім.
Менің келгенімді естіп, кҥйеуімен екеуі мейманханадан ертіп ҥйлеріне 
апарып, қонақ етті. 
– Ағай, кітабыңызды оқыдым. Аяғында Меңтайды ҿлтіріп тастаған 
екенсіз. Бірақ тіріден артық етіп суреттепсіз, – деді ҥй иесі ҽйел ас ҥстінде. 
− Ондағы анау Меңтай деген сен емессің бе? – деді кҥйеуі. 
− Маған да ҧқсаңқырайды, – деді ҽйел. 
– Ҽй, осы ҿздеріңнің бірдеңелерін жоқ па еді? – деді кҥйеуі ҽзілдеп. 
− Жоқ екеніне кҿзін жетіп отыр ғой, − деді ҽйелі наз-наразылығын қоса 
білдіріп. 
− Рас, рас, – деп кҥйеуі ҽйелінің арқасынан қақты. Романдағы анық ҿз 
аты-жҿнімен алынған екінші адам Тҽкен Майшынов қазір Талдықорған 
облысының Ақсу ауданында тҧрады. Жақында ғана Еңбек Қызыл Ту 


Sauap.org
279 
орденімен наградталды. Сҽуле деген ақжарқын ҽйелі бар. Екеуі де сауда 
қызметінде істейді. Ҥлкен қызы Фарида университетті, одан кейінгісі Халима 
политехникалық институтты бітірді. Ҿзге балалары институтта, мектепте 
оқып жҥр. Майданнан қайтқан эшелоннан Ербол оқу оқимын деп Алматыға 
тҥсіп қалғанда мен ҥйге барып ҥйленемін деп елге тартқан Тҽкеннің 
балалары заңды тҥрде Ерболдың балаларынан бҧрын ер жетті. Анау, 
соғыстан қайтқан эшелон ел шетіне кіргенде арсалаңдап, бетіне айран жағып 
алатыны сияқты, осы кітап шыққанда Тҽкеннің тағы бір қызығы бар. 
Аудан дҥкеніне «Махаббат, қызық мол жылдар» тҥскенде соның ішінде 
ҿзі де бар екенін білетін Тҽкен (ҥйге бір келгенде жазып отырғанымды кҿріп 
кеткен) он бес кітапты бірден сатып алды. Кҿп кітап қҧшақтап, Жансҥгіров 
селосын бойлап келе жатқан оған таныстары кездеседі.
− Ассалаумағалейкҥм, Тҽке, мынауыңыз не? 
Тҽкен сҽлем алмастан бҧрын кездесушіге қарсы сҧрақ қойды. 
− Сен Нҧршайықов деген жазушыны білесің бе? 
Алматыда тҧратын ҥш жҥздей жазушыны жҧрттың бҽрі тегіс біле бере 
ме, алғашқы жолыққандардың бір-екеуі «білмеймін» деп жауап береді. 
– Онда жҥре беріңдер, сендердің керектерің жоқ, – деп Тҽкең ілгері 
кетеді. 
Тағы да таныстар кездеседі. Сҽлем бергеннің бҽріне Тҽкең жаңағы 
сҧрағын қайтадан қояды. 
– Е, білемін, аға. 
– Білсең мына кітап соныкі. Оқы, ішінде мен бармын, – деп алшаңдай 
басып жҥре береді. 
Сҿйтіп ол ҥйіне жеткенше қолтығында екі-ақ кітап қалады. Осыны 
Алматыға келгенде Тҽкеннің ҽйелі Сҽуле айтып, біздің ішек-сілемізді 
қатырғаны бар. 
Кітапқа кірген «Тоғжан» деп аталатын новелла – тарауда аталатын 
адамдардың бҽрі де ҿмірде болған, кейбіреулері қазір де бар адамдар. Олар 
неміс фашистеріне қарсы кҥресте ерлікпен қаза тапқан кіші командирлер:
Айтқали Қҧсайынов, Нҽсіп Қалиев, Ҽбдірахман Бимурзин, Сенбек 
Молдабаев, Мҽншҥк Мҽметова, офицерлер Қажым Кҿшеков, Жамалхан 
Жамалбеков, Ақыраш Андиров, подполковник Ҽбілқайыр Баймолдин – бҽрі 
де біздің қҧраманың тҥлектері болатын. Бҧл солдаттар туралы емес, 
студенттер жайлы кітап болғандықтан, оқырмандарды жалықтырмау ҥшін 
соғыс кҿріністерін мысалдап қана алдым. Сол алған жерлеріме ен жоқ 
дегенде ҿз кітабымда аттары атала жҥрсін деп, Отан соғысында опат болған 
азаматтардың аты-жҿндерін сыналап кіргізіп отырдым. Осы тарауда аты 
аталған Ризуан Қалиев қазір бір облыста колхоз агрономы болып қызмет 
атқарады. Қаза табар алдында жауынгер жігіт хат жазған Зада есімді қыз да 
қазір республиканың бір жерінде болуға тиіс. 
Енді кітаптағы оқытушы кейіпкерлер жайлы бір ауыз сҿз. Роман жалпы 
университет туралы емес, бір факультеттің студенттері жайлы ғана 
болғандықтан, оқытушылар бейнесін сомдауға оншама бой ҧрғаным жоқ.


Sauap.org
280 
Тек бірер ғана оқытушының аттары аталады. Олар сол кездегі ҧстаздарға 
ҧқсай ма, ҧқсамай ма, – оны сол кездегі студенттер біледі. 
Бірақ солардың кейбіреулері арқылы романда осы кҥнгі кейбір 
оқытушылардың да басындағы оғаш қылықтары ептеп сыналатыны хақ. 
Міне, роман кейіпкерлерінің прототиптері, олардың қазіргі жайы 
дегенде айтылатын сҿз осы. Бҧл жердің оқырмандары ҥшін бҧл кітаптың 
шылғи шындық боп, кей жерлерде болған оқиғаларға ҧқсап тҧратын 
себептері де кітап кейіпкерлерінің прототиптері барлығынан болар. Бірақ 
пҽленшенің прототипі пҽлен дегенмен, романда солардың мҥлде ҿзгеріп 
кеткендігін таға да ескерткім келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет