Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,73 Mb.
#32866
1   2   3   4   5   6

3 семестр


Модуль аталымы

Машиналар мен механизмдер теориясы

Модульдің қысқаша аталымы

ММТ

Тақырыпша




Оқу-пән курсынан оқу іс-шаралар

Дәрістер, практикалық, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ


Семестр

3

Модульге жауапты

Мырзалиев Д.С.

Доцент/оқытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс 15 сағат, практикалық - 15 сағат, зертханалық - , ОСӨЖ - 30 сағат, СӨЖ - 30 сағат.

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

ЕСТS 2

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс пререквизиттері: жоғарғы математика, физика, теориялық механика, сызба геометриясы және инженерлік бейнелеу, есептеу техникалары, материалдар кедергісі және т.б.

Білім беру мақсаты/хабардарлық

Курс мақсаты мен міндеттері:

Машиналар мен механизмдер теориясы жалпы білім беру саласының негізі болып табылады және машина жасаудың өркенді дамыту, техникалық деңгейді жылдам жаңарту, машиналарды жобалау мәселелерін шешетін мамандарды дайындауда өте қажетті пән.

Машиналар мен механизмдер теориясы – механизмдердің жобалау мен зерттеуінің жалпы әдістерін, олардың техникалық қолдануына және машиналардың атқаратын жұмыс процестеріне тәуелсіз қарастыратын ғылым саласы.

Машиналар мен механизмдер теориясы (ММТ) пәнінің мақсаты - болашақ инженерлерге заман талабына сай тиімді, үнемді, дәл, өте берік, сенімді жұмыс істей алатын машиналарды жасауда, жабдықтар мен приборларды құрастыруда және оларды механикаландыру мен автоматтандыруда қажет механизмдер схемаларын жобалау мен зерттеудің жалпы әдістерін кең көлемде оқып, терең игеруді қамтамасыз ету.

Машиналар мен механизмдер теориясы, машиналарды жобалау мен зерттеу саласындағы арнайы курстарының ғылыми негізі болғандықтан келесі мәселелерді қояды:


  • кинематикалық және динамикалық қасиеттері себебінен машинадағы механизмдердің өзара әсерлесу жалпы принциптерін қарастыру;

  • механизмдердің құрылымдық талдау және синтезінің негіздерін оқып білу;

  • механизмдердің кинематикалық және күштік талдау әдістерін зерттеу;

  • қатаң және серпімді буындары бар механикалық модельдер ретінде алынған механизмдердің қозғалыстарын зерттеу әдістерін оқып білу;

  • берілген кинематикалық және динамикалық сипаттамалары бойынша механизмдерді жобалау әдістерін зерттеу;

  • машина механизмдерінің құрылымдық, кинематикалық және динамикалық талдауы мен синтезін тәжірибеде пайдалану қабілетін қалыптастыру.

Қазір қолданылып жүрген, қатаң және серпімді звенолар мен кинематикалық тізбектерден тұратын механизмдердің қазіргі түрлеріне құрылымдық, кинематикалық және динамикалық талдау жасай білуді, алға қойылған талап шарттары бойынша механизмдердің параметрлерін анықтауды және адамды да, машинаны да қолайсыз дірілден қорғау үшін, машиналар мен механизмдер қозғалысын зерттеу әдістерін үйрену.

ММТ пәнінің толық курсын бітіргендер мынаны білуі қажет: механизмдердің негізгі түрлері мен олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын, машиналарда кездесетін жекеленген механизмдердің жұмыс істеу принципі мен қызметін, машиналар мен механизмдердің алдын ала берілген кинематикалық және динамикалық қасиеттері (параметрлері) бойынша олардың жаңа схемаларын жасап, жетілдіру жолдарын, техника саласындағы машиналар, манипуляторлар, роботтар туралы және оларды кинематикалық, динамикалық тұрғысында зерттеулердің тәсілдерін, жаңа машиналар туралы қысқаша мәліметтерді.



Мазмұны

Дәріс мазмұны: Кіріспе. ММТ пәні және оның негізгі міндеттері. ММТ – ың негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

Кинематикалық жұптар. Кинематикалық тізбектер. Механизмдердің негізгі түрлері. Механизмнің еркіндік дәреже саны. Пассив байланыстар және артық еркіндік дәрежелер. Жалпыланған құрылымдық формула. Механизмдер құрылуының негізгі принциптері. Ассур топтары және олардың классификациясы. Механизмдерді кинематикалық зерттеудің негізгі міндеттері мен тәсілдері. Жазық рычагы механизмдердің орындар планын құру. II класты механизмдердің жылдамдықтар және үдеулер пландарын құру. Көп сатылы тісті механизмдердің кинематикасы. Планетарлы және дифференциалды механизмдер. Механизмдердің күш анализінің мақсаты және күштер классификациясы. Кинематикалық тізбектердің кинетостатикалық анықталу шарты. II класты Ассур топтарының күш анализі. Жетекші звеноның күш анализі. Жуковскийдің «қатаң рычаг» туралы теоремасы. Машиналар мен механизмдерде дірілді пайдалану және дірілден сақтандыру. Механизмдердің динамикалық моделі. Механизмдердің қозғалыс теңдеулері. Механизм қозғалысын реттеу. Тісті механизмдер синтезі. Іліністің негізгі теоремасы. Рычагты механизмдер синтезі. Жетекші және жетектегі звенолар орындары бойынша рычагты механизмдер синтезі. Жұдырықшалы механизмдер. Негізгі түрлері. Синтездің негізгі кезеңдері. Манипуляторлар мен роботтардың механизмдері.



Практикалық сабақтардың мазмұны: Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. Ассур топтарының классификациясы. Механизмдердің еркіндік дәреже саны. Рычагты механизмдердің құралу принциптері. Ассур тобының құрылымы. Механизмдерді Ассур топтарына талдау ережелері. Механизмдердің орындар планын құру.

II класты механизмдердің жылдамдықтар мен үдеулер пландарын құру. II класты 1,2 түрлі Ассур топтарының күш анализі. Жетекші звеноның күш анализі. II класты 3,4 түрлі Ассур тобының күш анализі. Рычагты механизмдер синтезі. Синтездің жалпы әдістері. Берілісті механизмдердің синтезі. Жұдырықшалы механизмдер синтезі. Синтездің жалпы әдістері. Жұдырықшаны пішіндеу.



Оқу-іс әрекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы

Машиналар мен механизмдер теориясы пәнін оқу нәтижесінде:

  • механизмдердің негізгі түрлерін, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын білуі керек;

  • машинадағы жеке механизмдер жұмыстарының принциптерін және олардың өзара әсерлерін түсіну керек;

  • механизмдер мен машиналарды оптималды жобалау мәселелері мен олардың кинематикасы мен динамикасын зерттеуді жетік білуі керек.

ММТ пәнінің толық курсын оқып бітірген студент мынаны білуi қажет: механизмдердің негізгі түрлері мен олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын, машиналарда кездесетін жекеленген механизмдердің жұмыс істеу принципі мен қызметін, машиналар мен механизмдердің алдын ала берілген кинематикалық және динамикалық қасиеттері бойынша олардың жаңа схемаларын жасап, жетiлдiру жолдарын техника саласындағы машиналар, манипуляторлар, роботтар туралы және оларды кинематикалық және динамикалық тұрғысында зерттеулердiң тәсiлдерiн, әсіресе жаңа машиналар туралы қысқаша мәліметтерді./ Үлгерімнің ағымдық бақылауы, қорытынды бақылау (емтихан).


Оқытудың электрондық және техникалық құралдары

Таратылатын материал – 15 дәрістер, плакаттар – 18 дана, слайдтар –. ...., компьютерлік бағдарламалар – ..... МВ, мультимедиа – ....... МВ.


Пайдаланатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет:

1. Жолдасбеков Ө.А. Машиналар механизмдерінің теориясы. - Алматы, “Мектеп” баспасы, 1979. -258б.

2. Артоболевский И.И. Теория механизмов и машин. - М.: Наука, 1988. -640с.

3. Нұрғалиев Т.К., Әубәкіров Б.У. Механизмдер теориясы. - Алматы: Қазақ университеті, 1995.

4. Левитский Н.И. Теория механизмов и машин. - М.: Высш. школа 1990. -590с.

5. Левитская О.Н., Левитский Н.И. Курс теории механизмов и машин. - М.: Высшая школа, 1985. -279с.



Қосымша әдебиет:

6. Артоболевский И.И., Эдельштейн Б.В. Сборник задач по теории механизмов и машин. - М.: Изд-во «Наука», 1973. - 255с.

7. Левитский Н.И. Теория механизмов и машин. - М.: Высш. школа, 1990. - 540с.

8. Попов С.А. Курсовое проектирование по теории механизмов и машин. - М., 1986. - 295c.

9. Теория механизмов и машин. Под ред. Фролова К.В. - М., 1987.

10. Баранов Г.Г. Курс теории механизмов и машин. - М., 1975.

11. Теория механизмов и механика машин. Под ред. Фролова К.В. - М., 1998.

12. Юденич В.В. Лабораторные работы по теории механизмов и машин. - М., 1983.

13. Кореняко А.С. Курсовое проектирование по теории механизмов и машин. - Киев, 1970.

14. Зиновьев В.А. Курс теории механизмов и машин. - М., 1972.

15. А.Ф. Крайнев. Словарь-справочник по механизмам. - М., 1981.

16. Кафедраның әдістемелік нұсқаулары.




3 семестр


Модуль аталымы

Материалдар кедергісі

Модульдің қысқаша аталымы

МК

Тақырыпша

-

Оқу-пән курсынан оқу іс-шаралар

Дәрістер, практикалық, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

3 семестр

Модульге жауапты

Арапов Б.Р., Печерский В.Н.

Доцент/оқытушы

Профессор/ профессор

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

дәріс –15 сағат

Практикалық – 15 сағат

зертханалық –15 сағат

СОӨЖ–45 сағат, СӨЖ-45 сағат




Еңбек сыйымдылығы

Балығы -135 сағат,

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 ЕСТS

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Пререквизиттер: математика, физика, теориялық механика

Білім беру мақсаты/хабардарлық

Машиналар конструкциялары мен бөлшектерді беріктікке, қатаңдықа және тұрақтылыққа есептеу әдістерін игеру. Құзырлықтар: логикалық, аналитикалық және концептуалды ойлау дағдыларын игеру.

Мазмұны

Дәріс мазмұны: 1.Кіріспе. Пәннің машина жасау саласында алатын орны, қысқаша даму жолы. Есептеу сүлбелерін құру. Сыртқы күштер түрлері. Негізгі болжамдар. Кернеу және деформациялар. Кернеулі және деформацияланған күилер.

2.Түзу сырықтардың созылуы және сығылуы. Ішкі күштер, олардың эпюрі, толық, тік және жанама кернеулер. Гук заңы. Бойлық деформациялар, потенциялды энергия. Жергілікті кернеулер. Сынақ түрлері.

3.Конструкциялық материалдардың созылу, сығылу кезіндегі механикалық сипаттамалары. Созылу диаграммасы, нақты созылу диаграммасы. Ығысу жолақтары, дислокация ұғымы. Материалдың пластикалық және морт күйлері. Беріктікке есептеу түрлері. 4. Кернеулі - деформацияланған күй теориялары. Басты кернеулер, кернеулер эллипсойды. Кернеулер инварианты, кернеулі күй диаграммасы. Нүкте айналасындағы деформацияланған күй, басты деформациялар, жалпыланған Гук заңы, көлемдік деформация. Меншікті потенциалды энергия.

5. Ығысу деформациясы. Ығысу жағдайындағы кернеулі күй. Жанама кернеулердің жұптық заңы. Ығысу кезіндегі тік кернеу, Гук заңы, модулі. Ығысу диаграммасы. Тойтарма шегелер мен пісіріп жалғанған қосылыстарды беріктікке есептеу.

6.Түзу біліктердің бұралуы. Бұраушы моменттердің эпюрлерін салу. Кернеулердің таралуы. Беріктікке есептеу. Тиімді қималар түрі. Бұралу бұрышының эпюрлерін салу. Қимасы дөңгелек емес қималардың бұралуы. Статикалық түрда анықталмаған біліктер. Оралған серіппелерді беріктікке есептеу. 7. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Орталық өстер, ауырлық орталық. Қиманың статикалық, өстік өрістік, орталықтан тепкіш инерция моменттері, олардың өстерді параллель қозғағанда және бұрғанда өзгеруі. Бас инерция моменттері, құрама қималар. 8.Түзу сырықтардың иілуі (арқалықтар). Ішкі күштерді анықтау, эпюрлерін тұрғызу. Арқалықтың қимасындағы тік кернеу, оның беріктікке есептеуі. Қиманың тиімді пішіндері. Жанама кернеу, Журавскийдің формуласы, арқалықты беріктікке толық тексеру.

9.Арқалықтардың деформация-ларын анықтау. Иілген өстің диференциалды теңдеулерін қолдану. Деформацияларды анықтауда деформацияның потенциалды энергиясын пайдалану. Мор интегралы, Верещагин тәсілі, Кастильяно теоремасы.

10.Пластикалық және беріктік теориялары (болжамдары). Беріктік теориялары. Эквивалентті кернеулер. Беріктік теорияларының қолдану шектері. 11.Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу, иіліп созылу әрі сығылу, иіліп бұралу. Бейтарап сызықтың және қауіпті нүктелердің орнын анықтау. Беріктікке есептеу. Кеңістік жүйелердегі ішкі күштерді анықтау, қауіпті қима орнын табу. 12.Статикалық түрде анықталмаған сырықтар жүйесі. Жүйенің еркіндік дәрежесі, сыртқы және ішкі байланыстар, негізгі және барабар жүйелер. Күштер тәсілі, көп тіректі сырықты есептеу ерекшелігі. 13. Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы. Тең орнықтылық, бекіту шарттары, дағдарыс күш, Эйлер және Ясинский формулалары. Орнықтылық шарты, орнықтылыққа есептеу тәсілі. 14.Жүйелерді пластикалық деформациялар жағдайында есептеу. Деформациялану диаграммаларын ықшамдау (үлгілеу). Сырықтардың серпімді–пластикалық иілуі және бұралуы. Шекті (межелік) июші және бұраушы моменттер. Беріктікке есептеу.

15.Динамикалық күштер әсеріне беріктікке есептеу, Даламбер принципі, инерция және соққы күштері, серпімді тербелістер. Дүркінді өзгеретін кернеулер жағдайындағы беріктік, қажу диаграммасы, төзімділік шегі. Машина бөлшектерінің төзімділігін арттыруға бағытталатын шаралар.

Практикалық сабақтардың мазмұны: Статикалық анықталған созылу мен сығылу есептері. Статикалық анықталмаған созылу мен сығылу есептері. Стерженнің бұралуы. Статикалық анықталған және анықталмаған есептері. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Арқалықтар мен рамалардың ішкі күш факторларын анықтау. Статикалық анықталмаған арқалықтарды есептеу. Арқалықтың бұрылу бұрышы мен майысуын анықтау. Қиғаш иілу мен иіліп сығылуға есептеу. Иіліп бұралу кезінде беріктікке есептеу. Жалпы жүктелу жағдайында беріктікке есептеу. Жұқа қабырғалы қабықшаларды беріктікке есептеу. Сығылған стержендерді орнықтылыққа есептеу. Соқы кезінде және инерция күштерін ескере отырып созылу мен сығылу Төзімділікке есептеу. Серпімді шегінен асуды есептеу.

Зертханалық сабақтардың мазмұны: Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді созуға сынау. Созылу диаграммасын алу және өңдеу. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді сығуға сынау. Сығылу диаграммасын алу. Болаттың серпімділік модулі мен көлденең деформация еселігін (коэффициентін) анықтау. Пластикалық және морт материалдарды бұралуға сынау. Көлденең иілу кезіндегі сырық қимасындағы тік кернеудің таралу заңдылығын зерттеу. Оралған созылу - сығылу, бұралу серіппелерінің сипаттамаларын анықтау. Екі аралықтан тұратын арқалықтың ортаңғы тұғырының реакциясын анықтау. Қиғаш иілу кезіндегі сырықтағы кернеулер мен орын ауыстыруларды анықтау. Орталықтан тыс сығылу-сығылу кезіндегі сырықтардың қимасындағы кернеулердің таралу заңдылығын зерттеу. Бойлай сығылған жұқа сырықтардың орнықтылығын зерттеу. Дағдарыс күшінің шамасын анықтау. Орын ауыстырулардың өзара теңдігі жайындағы теореманы тәжрибе жүзінде зерттеу. Соққы кезіндегі динамикалық тұтқырлық еселігін анықтау. Қажуға төзімділікті зертеудің әдістемесімен танысу. Өлшенген деформациялар бойынша күштерді анықтау тәсілдерімен танысу. Қорытынды. Перспективалық жаңа сынақ түрлері мен қондырғылары туралы мағлұматтармен танысу.



Оқу-іс әрекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы

Пәнді оқу барысы және емтихан тапсыру процессінде студент конструкция элементтерінің және машина бөлшектерінің кернеулі күйлерінің негізгі түрлерін, және сонымен қатар, беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің жобалық әдістерін білуі тиіс. / Үлгерімнің ағымдық бақылауы, қорытынды бақылау (емтихан).

Оқытудың электрондық және техникалық құралдары

Таратылатын материал – 15 дәрістер, плакаттар – 31 дана., слайдтар –. ...., компьютерлік бағдарламалар – ..... МВ, мультимедиа – ....... МВ, зертханалық әмбебап стол қондырғылары және стенділер – 18 дана .

Пайдаланатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет:

1. М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков «Материалдар кедергісі». Алматы. «Білім», 1994.



2. «Сопротивление материалов» Под общей редакцией А.Ф. Смирнова М., «Высшая школа», 1975.

3. Качурин В.К. «Сборник задач по сопротивлению материалов». Москва, «Наука», 1972.



4. А.В. Дарков, Т.С.Шпиро «Сопротивление материалов». М., «Высшая школа», 1975.

5. Н.М. Беляев ''Сопротивление материалов». М., «Наука», 1976.

6. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов. М., МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2000.-592с.

Қосымша әдебиет:



1. В.И. Самуль "Основы теории упругости и пластичности" Москва. "Высшая школв" 1982.

2. А.И. Айнабеков и другие «Учебное пособие к решению задач по сопротивлению материалов». РИК, Шымкент 1999.

3.А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі», 1 – бөлім қарапайым деформациялар. Оқу құралы. ОҚМУ баспа орталығы, 2007, 108 б.

4. А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі», ΙΙ – бөлім күрделі деформациялар. Оқу құралы. ОҚМУ баспа орталығы, 2008, 72 б.



5. А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі» және «Инженерлік механика» пәндерінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. ОҚМУ баспа орталығы, 2008, 64 б.

6. А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі» және «Инженерлік механика» пәндерінен лекциялар конспектілерінің жинағы. ОҚМУ баспа орталығы, 2008, 144 б.



7. Кафедра ұжымының құрастырған оқу әдістемелік құралдары.


3 семестр


Пәннің аталуы

Мұнайгаз ісінің негіздері

Қысқартылған атауы

МІН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Жантасов М.К.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер. Таңдау бойынша

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, лабораториялық –15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: экология, математика, физика, химия, сызба геометрия, инженерлік графика, теориялық механика, машина мен механизмдердің теориясы, жалпы гидравлика.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Ұңғыманы бұрғылау жұмыстарының бакалаврын дайындау, жабдықтың жұмысы мен қондырғының барлық сұрақтарын білу, техника мен технология бойынша білім алу, ұңғыманы бұрғылау және игеру тәсілдерін білу. Студент мұнайгаз саласының жалпы жағдайы мен болашақ дамуын түсіне білу керек, яғни газ бен мұнайдың өндіру мәселелерін, игерудің технологиялық принциптерін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, су, мұнай және газды жинау технологиясын, технологиялық процестің барлық кезеңдерін білуі, өндірісте қауіпсіздікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау

Мазмұны

Дәрістер: Пәннің мәні, мазмұны және басқа пәндермен байланысы. ҚР мұнай және газ саласының дамуы. Ұңғыма туралы түсінік және оның негізгі элементтері.Ұңғыма түрлері. Ұңғыманы бұрғылаудың негізгі тәсілдері. Бұрғылау қондырғылары және оның негізгі жабдықтары.Мұнай және газ ұңғымаларын игеру. Мұнай және газ шөгінділердің жұмыс режимі. Шөгінділерді игеру кезеңдері. Ұңғыманың фонтанды пайдалану тәсілі. Саға жабдықтары. Ұңғыманы пайдаланудың газлифті тәсілі. Ұңғыманы сорапты пайдалану. Тереңдікті штангалы сораптар. Штангасыз ұңғыманы пайдалану. Жүктемелі ортадан тепкіш сораптар. УКПГ-ге өндеуге және әрі қарай тасымалдауға дайындау. УКГП өндеуге және тасымалдауға газды конденсатпен газды дайындау.Өнеркәсіптік құбырлар және оларға қойылатын талаптар. Магистральді құбырөткізгіштер құру және негізгі объектер.Мұнайөнімдерін сақтауға арналған резервуарлар. Конденсат және газын, мұнайөнімдерін сақтауға арналған жерасты қоймалары. Мұнайдың біріншілік өнделуі. АВТ сұлбасы. Мұнайдың екіншілік өнделуі, өнделуідің өнімдері. Мұнайөнімдерінің каталитикалық крекингі. Катализаторға қойылатын талаптар. Көмірсутектердің каталитикалық крекингі кезіндегі өтетін химиялық реакциялар. Мұнайөнімдерінің гидрокрекингі. Гидрокрекинг процесінің негізгі параметрлері, шикізат және катализаторлар. Мұнайөнімдерінің каталитикалық риформингі. Процестің физика-химиялық негіздері. Мұнайөнімдерінің тазалау тәсілдері. Депарафинизация. Кокстеу процесін тағайындалуы. Қондырғылардың типтері. Шикізат және кокстеу өнімдерінің құрылымы. Қоршаған ортаны мұнаймен, мұнайөнімдермен, химиялық реагенттермен ластануы. Ластануды ескерту.

Практикалық сабақтар: Белгіленген тереңдікті бұрғылағанда қашауды ауыстыру қажеттілігін анықтау. Қашау жұмыс бетінің тозу коэффициентін және қашау түптегі тиімді жұмыс уақытын анықтау. Бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін сыртқа шығару үшін қажетті жуу сұйығын анықтау. Бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін сыртқа шығаруға кететін уақытты анықтау. Жоспарланып отырған жылға шарошкалы қашаудың қажеттілігін анықтау. Компоненттік құрамы бойынша мұнайлық газын физикалық қасиеттерін анықтау. Теңдеу күйі негізінде газдың физикалық қасиетін анықтау. Қабаттық сулардың физикалық қасиеттерін есептеу. Сулы мұнайлы қоспаның физикалық қасиеттерін есептеу. Ілеспе мұнайлы газдың тазалау үшін газосепараторды есептеу және таңдау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Алынған білім жүйе негізінде инженерлік ойды туғызу, сонын негізінде өзіңнің ерекшілігін ескере отырып: мұнайгаз ісінің негізгі ережелерін білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет