Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,73 Mb.
#32866
1   2   3   4   5   6



6 семестр


Модулдың атауы:

Экономика және өндірісті ұйымдастыру мәні мен маңызы

Модульдың қысқаша атауы


-

Тақырыпша

-

Оқу шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, семинар сабақтары, СӨЖ, ОСӨЖ





Семестр:

6 семестр

Модульға жауапты:

Раисова А.Б.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы, магистр

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен келістіру

Экономикалық пән (міндетті, базалық пән)

Оқу түрі /академиалық сағаттар саны

Дәрістер–30 сағат

Семинар сабақтары-15 сағат

ОСӨЖ-45 сағат., СӨЖ-45 сағат


Еңбексиымдылығы

Барлығы -135 сағат,

Кредиты/сынақ бірліктері

3 ЕСТS

Модуль шегінде оқуға қабылдау шарттары

Курстың пререквизиті: «Экономика және өндірісті ұйымдастыру»,Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы»

Білім беру мақсаты /біліктілік

Мұнай – газ ісі саласындағы экономикалық білімді теориялық және тәжірибе жағынан меңгеріп, есептеу техникасы шаруашылықтарындағы және өндірістік кәсіпорындардағы техника-экономикалық сұрақтардың шешу жолдарын табу.

Біліктілік: логикалық, аналиталық және концептуалдық ойлау дағдылардын игеру.



Мазмұны

Дәрістің мазмұны: Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде. Кәсіпорын құрылымы. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Мұнай – газ саласындағы өндірістің экономикалық тиімділігінің мазмұны, критерийі және көрсеткіштері. Өндірістің әлеуметтік тиімділігі. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі. Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мазмұны және оның құрылымы. Мұнай – газ саласы кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы. Қазақстан. Кәсіпорынның айналым қорлары, оның құрамы мен құрылымы. Айналым капиталы: құрамы мен құрылымы. Айналым қаржыларының айналымдылығы. Еңбек ресурстары. Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдістері. Еңбекақы жүйесі мен нысандары. Басқарушылар, мамандар мен қызметкерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.Инновациялар, оның табиғатының циклдылығы мен таралуы. Өндірістік қуат және өндірістік бағдарлама. Шығарылатын өнімнің техникалық бақылауын ұйымдастыру.Өндіріс шығындары.

Өнімді өндіру мен сату шығындары.Кәсіпорындағы баға айналымы.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Пайда және өндіріс рентабельділігі.Қаржы ресурстары. Қ.Р-да мұнай – газ саласының кәсіпорындары қызметін құқықтық реттеу.Қ.Р.-ғы ішкі су қойнауларында және теңіздерінде мұнай операцияларын жүргізуді құқықтық реттеу. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру негіздері. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарының негіздері. Кәсіпорынның маркетингтік қызметі. Кәсіпорынның бизнес – жоспары.



Оқу қызметінің нәтижесі / қорытынды бақылау түрі

Пәнді оқыту және емтихан тапсыру барысында студент- өндіріс және өндірістік жүйлер жайлы жан-жақты түсінік беру; материалды, қаржы және еңбек ресурстарының аз шығынымен жоғары нәтижеге ие болудың жолдарын үйрету; есептеу техникасы мекемелерінде экономикалық талдау жасауды толығымен меңгеру; өндіріс типтерінің ұйымдастыру құрылымына әсерін бағалау; өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың негіздерін үйретуге мүмкіндік береді; есептеу техникасы кәсіпорынның қызметтері үшін тариф есептеуінің әдістемесін үйрету; есептеу техникасы бойынша нәтижелі жобаның бизнес-жоспарды дайындауды білу керек.

/ үлгерімнің ағымдағы бақылауы , қорытынды бақылау (емтихан).



Оқытудың теникалық және электрондық құралдары

Көрнекі құралдар – 7 дәрістер, слайдтар – 3 дана

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауы

  2. «Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы» Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 года

  3. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» Заңы. Егемен Қазақстан, 9 шілде 2002.

  4. Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қызмет туралы" Заңы. 7 қаңтар 2003.

  5. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2003.

  6. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы Алматы, ЛЕМ 2004.

  7. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы, (Салық кодексі). ЛЕМ 2005

  8. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы, (Салық кодексі). ЛЕМ 2005

  9. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы 2004.

  10. «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік».Заңдылық құжаттар мен ақпараттар Алматы, ЛЕМ 2004.

  11. «Қазақстан Республикасындағы жеке бизнес». Заңдылық құжаттар мен ақпараттар Алматы, ЛЕМ 2004.

  12. Статистический ежегодник Казахстан,Алматы,2008

  13. Стратегический план развития индустриально-инновационного развития ЮКО на 2004-2015гг. г. Шымкент,2003

  14. Деев В.И. «Организация, планирование и управление на предприятиях цветной металлургии». М.-1986

  15. Европкин В.Г. Экономика предприятия.М.-1994г.

  16. Бенуки А.Х. «Организация и планирование предприятием цветной металлургии».М.-1971

  17. Ералиев А.Х. «Организация, планирование и управление предприятием».М.-1987

  18. Горфинкель В.Я. экономика предприятия.М.-1992г.

  19. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия.М.-2001г

  20. Камепицер С.Е. «Организация и планирование промышленного предприятия».М.-1987

  21. Летенко В.А. «Организация, планирование и управление машиностроительным предприятием».М.-1979

  22. Малахов И.К. «Организация и планирование промышленных предприятий».М.-1980

  23. Никольская Э.В. Организация экономического анализа хозяйственной деятельности на полиграфических предприятиях.М.-1982г.

  24. Сергеева И.В. Экономика предприятия.М.-1997г

  25. Туркебаев Э.А. Основы рыночной экономики.Алматы.-1993г

  26. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы/Алматы:Экономика,2008

  27. М.Бейсенова, А.Садықбекова. Кәсіпорын экономикасы есептер жинағы. Алматы. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы,2002



6 семестр

Пәннің аталуы

Бұрғылау шаю және тампонажды ерітінділер

Қысқартылған аталуы

БШЖТЕ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

5-ші семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Бондаренко В.П.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–15, лабораториялық сабақтар–15, ОСӨЖ –30, СӨЖ –30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: химия, жалпы гидравлика, термодинамика және жылутехникасы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқытудың мақсаты: Бұрғылау шаю сұйықтықтар жүйесінің өндіріс аймағындағы жаңашыл жетістіктерді оқу, оның қасиеттерін реттеу, дайындау және тазалау. Дисперсті жүйенің физико химиялық негіздерін игеру, сазды минералдардың қасиеттерін бұрғылау шаю сұйықтықтарды дайындау үшін негізгі материал ретінде қолдану. Тампонажды ерітінділердің қасиеттерін игеру және олардың қолданылу аймағы.


Мазмұны

Дәрістер: Бұрғылау шаю сұйықтықтары жайлы жалпы түсінік және олардың функцияларымен, оларға қойылатын талаптар. Бұрғылау шаю сұйықтықтары полидисперсті жүйе ретінде. Шаю ерітінділерінің физико-химиялық негізі. Бұрғылау ерітінділерінің функционалды қасиеттері және оларды анықтау тәсілі. Бұрғылау жуу сұйықтықтарының жіктелуі және олардың қасиеттерін реттейтін реагенттер. Бұрғылау ерітінділерінің типі және оларды қолдану жағдайы. Шаю сұйықтықтарын тазалау және дайындау. Тампонажды және цементті ерітінділер. Тампонажды ерітінділер мен тастың физико-механикалық қасиеттері. Тампонажды ерітінділер үшін материалдар мен химиялық реагентер.

Лабораториялық сабақтар: АБР-1 ерітінді тығыздығын анықтау.Рычагты тараз ВРП-1 ерітінді тығыздығын анықтау. Пикнометрмен ерітінді тығыздығын анықтау. СНС–2 аспабындағы статикалық кернеудің жылжуын анықтау. Ротационды вискозиметр ВСН-3 СНС анықтау. Шаю сұйықтығының реологичиялық қасиеттері. Иілгіш және тиімді тұтқырлықтың жылжуының динамикалық кернеуін анықтау. Фильтрдің сыртқы қабатының өткізгіштігі мен қалыңдығын анықтау. «Бароид» фирмасының аспабындағы БПЖ майлау қасиеттерін анықтау. Жигача-Ярова аспабында сазды ұнтақтың және саздың ісіну коэффициентін анықтау.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәннің оқу нәтижесі: Бұрғылау және тампонажды ерітіндінің физико химиялық қасиетттерін анықтау бойынша білімді алу оларды қолдану аймағы, сонымен бұрғылау және тампонажды ерітінділерін тазалау және дайындау тәсілі бойынша меңгеру.





6 семестр


Пәннің аталуы

Бұрғылаудағы гидроаэромеханика

Қысқартылған аталуы

БГАЭМ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Казиев Мухтар Тасмуханович.

Доцент / оқытушы:

К.т.н., доцент

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–15, ОСӨЖ –30, СӨЖ –30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: информатика; математика; физика; химия; инженерлік графика; жылутехникасы; жалпы гидравлика; бұрғылау шаю және тампонаждық ерітінділер, қабат бұзушы құрал

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Ақпаратты іздеу және сараптау дағдыларын дамыту және бекіту, тәжірибелерді жоспарлау және өткізу, нәтижелерді өңдеу және талдау.


Мазмұны

Лекции: Шаю гидродинамикасының бұрғылау жұмысарының сапасы мен тиімділігіне ықпалы. Бұрғылаудың гидргазомеханикасында шешілетін негізгі мәселелер. Сұйықтар мен газдардың физикалық қасиеттері. Сұйықтар мен газдардың сығылуы мен жылулық кеңеюі. Аққыш орталардың тығыздығы мен тұтқырлығы. Гидростатика, гидростатикалық қысым. Сұйық динамикасының элементтері. Сұйықтың ағу режимдері. Навье-Стокс, Рейнольдс теңдеулері. Ағу режимінің шаю процесінің тиімділігіне ықпалы. Сұйықтың каналда ағуының әртүрлі жағдайларына үйкеліс коэффициенттерін есептеу әдістері. Бұрғылау ерітінділерінің негізгі реологиялық сипаттамаларын анықтау әдістері. Көтеріп-түсіру операцияларындағы гидродинамика. Осы операцияларды өткізудегі гидравликалық шығындарды анықтау. Жергілікті гидравликалық кедергілер. Газсұйық жүйесінің гидромеханикасы элементтері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Курсты бітірген соң студенттер бұрғылаудың гидроаэромеханикасы бойынша білімдер алып шығады.



6 семестр


Пәннің аталуы

Мұнайгаз қондырғыларын коррозиядан қорғау

Қысқартылған атауы

МГҚКҚ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекциялар, зертханалық жұмыстар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Кошкарбаева Ш.Т.

Доцент / оқытушы:

т.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: химия. электрохимияның теориялық негіздері, физикалық химия, экология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Коррозиядан қорғау әдістері мен қондырғылардың коррозясының теориялық негздерімен танысу; мұнайгаз қондырғыларын коррозиядан қорғау процесстері бойынша дағдыларын қалыптасттыру; құбырлардағы коррозииялық бұзылуларды бақылау және бағалау, талдау әдістерін меңгеру.

Нәтижелері: - Коррозиядан қорғау әдістерін таңдауда және коррозиялық бұзылуларды бағалауды толық меңгеру



Мазмұны

Дәрістер: Коррозияның себептері. Коррозиялық бұзылудың түрлері. Коррозиялық процестердің классификациясы. Коррозиядан металды конструкцияарды қорғау әдістері Коррозия жылдамдықтары және коррозияның басқа көрсеткіштері. Коррозиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы. Электрохимиялық және химиялық коррозияның механизмі. Электродтық процестердің поляризациясы. Гальваникалық элементтер және гальваникалық жұптар. Металдардың атмосфералық коррозиясы. Теңіз суының коррозиясы. Жер асты коррозиясы. Биокоррозия. Адасқан ток коррозиясы. Ішкі және жер асты коррозиясы Күкіртсутекті коррозия. Мұнай газ қондырғыларының коррозиялық жағдайын анықтау әдіст Гальваникалық қаптамалардың көмегімен металл конструкцияларын коррозиядан қорғау ері

Металды коррозияға тұрақты материалдар. Металл емес конструкционды материалдар. Коррозия ингибиторлары. Оқшаулағыш қаптамалар және оларға қойылатын талаптар. Катодты қорғау және оның мәні. Анодты жерлендіру. Анодты жерлендіру жұмысына әсер ететін факторлар. Протекторлар, протекторлы қорғауды бақылау.



Зертханалық жұмыстар: Сутекті деполяризациясымен металдардың коррозиясына қоспалар мен құрылымдық біртексіздіктердің әсері. Металдардың газдық коррозия жылдамдығына температураның әсері. Қаптама көмегімен металдарды коррозиядан қорғау. Фосфаттау .Коррозия ингибиторлары. Жер асты коррозиясы. Химиялық никельдеу


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Коррозиялық бұзылу мәселелерін анықтай білу қажет; мұнай газ қондырғыларын коррозиядан қорғау әдістерін таңдай білу қажет.



6 семестр


Пәннің аталуы

Қайраң кен орындарын игеру

Қысқартылған атауы

ҚОИ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Орымбетова Г.Э.

Доцент / оқытушы:

Aға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Негізгі пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: физика, экология, химия, жалпы гидравлика пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Қайраң кенорындарын жағдайында мұнай және газ өндіру мен әзірлеу жобалау мәселелері; теңіз мұнайгазды кенорындарын бұрғылаудың техникалық құралдары мен бұрғылау жабдықтары; теңіз кенорындарын әзірлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, қоршаған ортаны қорғау бойынша білім беру

Мазмұны

Дәрістер: Континент қайраңындағы мұнай мен газ қорын игерудің қазіргі жағдайы мен маңызы. Қазақстан қайраңындағы болашағы мол кенорындар. Қайраң кенорындарын игерудің кезеңдері. Қайраң мұнай және газ кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері. Теңіздегі инженерлік-гелогиялық және іздеу-барлау жұмыстары. Теңіздегі барлау жұмыстарының техникасы мен технологиясы. Кенорындарды игерудің кезеңдері. Теңізде бұрғылауға арналған жабдықтар. Жалпы мәлімет. Теңізде бұрғылау жағдайына байланысты жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар. Бұрғылау жабдықтарының жалпы қолданыстаға және арнайы түрлері. Тұрақты платформалар, олардың негізгі типтері және қолдану аясы. Платформаны тұрғызу мен тиісті орынға жеткізу және жабдықтарды монтаждау. Қалқыма бұрғылау қоныдрғылары. Негізгі типтері мен қолдану аясы. Технологиялық және энергетикалық жабдықтардың құрамы оларды орналастыру. Кемедегі және арнайы қондырғылар (жүзу, құтқару, тұрақтандыру). Бұрғылау жұмыстарын жүргізудің технологисы. Ұңғыманың конструкциясы. Теңіздегі қалқыма және тұрақты бұрғылау қондырғыларынан бұрғылау технологиясы. Қалқыма және жартылай батқан платформалар мен кемелерден бұрғылау процесінде тұрақтандыру мен жылыстауды өтемелеу тәсілдері. Ұңғымаларды аяқтау. Бұрғылау өнімдерін жинау және іске асыру (бұрғылау ерітінділері және қалдықтар). Теңіз ұңғымаларының су асты ернеуі жабдықтары. Теңіз ұңғымаларының ернеуі жабдықтардың қызметі мен типтері. Айрықша талаптар. Суасты ернеу жабдықтарын монтаждаудың техникасы мен технологиясы. Бағыттау арқандарынсых суасты ернеу жабдықтары. Суасты ернеу жабдықтарын қашықтықтан басқару және бақылау жүйесі. Қайраң кенорындарын әзірлеу және пайдалану техникасы мен технологиясы. Қайраң кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері. Техника мен технологияға қойылатын негізгі талаптар. Қайраңда мұнай мен газ өндіруге арналған техникалық құралдардың жіктемесі. Жабдықтардың жалпы қолданыстағы және арнайы түрлері. Жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктері. Кенорындарды әзірлеу мен пайдаланудың технологиялық режимдері. Қабаттардың мұнай беруін көбейту әдістері. Мұнай және газды даярлау жүйесі және жинаудың суасты жүйесі. Теңіз ұңғымаларының ағымдағы және толық жөндеу. Жөндеу жұмысының түрлері. Суасты-техникалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру. Қамтамасыз етудің техникалық құралдары. Мұнай мен газды тасымалдау. Қайраң кенорындарын өндірілген мұнай мен газды жағалауға және белгіленген орындарға тасымалдау тәсілдері. Теңіз құбыры, құбырлар жүйесі конструкциясына қойылатын талаптар. Құрылысы мен пайдаланудың ерекшеліктері. Жағалау қондырғыларының қызметі мен құрамы. Теңіз кеме көліктері, кеме типтері. Мұнай-газ және газ-конденсат кенорындары шикізатын тиейтін техникалық құралдар мен технология. Қауіпсіздік шаралары. Теңіз кенорындарын әзірлеу кезіндегі техника қауіпсізідігі, еңбек пен ортаны қорғау. Барлау мен бұрғылау жұмыстарын жүргізу, қайраң кенорындарын әзірлеу мен пайдалану және мұнай мен газды тасымалдау кезіндегі қауіпсізідк шаралары. Су беті мен жағалау бойындағы ластануды жою. Ластаушыларды жинау және кәдеге жарату техникасы мен технологиясы.

Практикалық сабақтар: Теңіз мұнай мен газ кенорындарының игеруге арналған техникалық құралдар. Бұрғылау жабдықтары. Ұңғымаларды бұрғылау және аяқтау. Өзі көтеретін қалқыма бұрғылау қондырғылары. Жартылай батқан қалқыма бұрғылау қондырғылары. Бұрғылау кемелері. Қалқыма бұрғылау құралдарын бұрғылау нүктесінде ұстау жүйесі. Теңіз ұңғымаларының суасты ернеу жабдықтары. Тұрақты теңіз платформалары. Бұрғылау баржалары. Теңіздегі құрылыстарды жобалауға арналған нормативтік материалдар. Қабат энергиясының түрлері. Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері. Теңіз құбырларының конструкциясы. Ұңғымаларды жөндеу жұмыстарының түрлері. Қоршаған ортаны ықтимал тастандылар мен шығарындылардан қорғау. Теңіз бетіндегі мұнай жарғақтарын жою.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу нәтижесінде студенттер ұңғымалар конструкциясын жобалауын; ұңғымаларды бекіту технологиясын; теңіздегі мұнай кенорындарын әзірлеу мен іске қосудың ерекшеліктерімен байланысты өздігінен инженерлік шешім қабылдауды; қайраңда көмірсутек шикізаттарын өндіру процесінде гидротехникалық қондырғылар мен жабдықтарды жұмыс істеуге үйреніп шығады.


6 семестр


Пәннің аталуы

Ұңғымаларды қисайту және бағыттап бұрғылау

Қысқартылған атауы

ҰҚББ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Орымбетова Г.Э.

Доцент / оқытушы:

Aға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖОО компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: жалпы геология, материалдар кедергісі, бұрғылау процесінің теориялық негіздері, жоғары математика, инженерлік графикапәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жер қыртысында белгілі нүктеге ұңғыманы апаруды қамтамасыз ететін технико-технологиялық құралдарды пәннің пәннің мақсаты болып саналады. Пәнді оқыту мақсаты – бұрғылау процесінде бағытталған ұңғымалардың трассаларын жобалау және оларды басқару туралы білімдерді студенттерге беру.

Мазмұны

Дәрістер: Ұңғымаларды бағыттап бұрғылаудың даму тарихы. Бағыттама бұрғылаудың дамуында еңбектері сіңген еліміздің және шетел ғалымдарының орны. Ұңғымаларды қисайту туралы түсінік. Ұңғыма трассасының әртүрлі нүктесін кеңістікте анықтайтын координаттары. Қатты снарядтарды түсіруге мүмкіндік туғызатын оқпандардың қисықтығы. Бағытталған ұңғымалардың тағайындалуы және қолдану саласы. Бағыттама бұрғылауда ұңғыма оқпанының қисаю процестері. Ұңғымалардың табиғи қисаюының себептері және механизмі. Ұңғымалар қисаюының заңдылықтарын анықтау әдістемесі. Ұңғымалардың жасанды қисаюының механизмі және процестері. Ұңғымалардың қисаюының алдын алу. Ұңғымалардың кеңістікте орнын анықтайтын құрылғылар. Бағытталған ұңғымалардың профильдерін жобалау. Бағытталған ұңғымаларды жобалауда атқарылатын міндеттер. Табиғи қисаюдың заңдылықтарын есепке алып, жалғыз бағытталған ұңғымалардың орынды трассаларын жобалау. Көптүпті ұңғымалардың трассаларын жобалау. Ұңғыма оқпанының шекті қарқынды қисаюын анықтау. Бағытталған ұңғымадан технологиялық аспапты көтергенде ілмекке түсетін жүктеме. Бағытталған ұңғымалардың жоспарын және профилін құрастыру. Бағытталған ұңғымаларды бұрғылауда қолданылатын техникалық құралдар. Бағыттап бұрғылаудағы техникалық құралдардың топтастырылуы. Қатты пайдалы қазбаларға кіші диаметрлі бағытталып бұрғыланатын ұңғымаларды бұрғылау үшін техникалық құралдар ұңғымалардың алғашқы бағытын сақтау үшін қолданылатын техникалық құралдар. Қисаюдың қарқындылығын көбейту үшін керек техникалық құралдар; берілген бағытта ұңғымалдарды қисайтуға қажетті техникалық құралдар; уытқыштарды есептеу және құрастыру әдістемелігі. Мұнай және газ бағыттама ұңғымаларын бұрғылау үшін қажетті техникалық құралдар, көлбеу-бағыттама ұңғымаларды бұрғылауда қолданылатын бұрғы тізбегінің төменгі жағының жиынтығы. Ұңғымада ауытқыштарды бағдарлайтын техникалық құралдар және тәсілдер. Қатты пайдалы қазбаларға ұңғымаларды кіші диаметрлерімен бұрғылағанда ауытқыштарды бағдарлайтын техникалық құралдар және тәсілдер. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін жиынтықтарды бағдарлайтын техникалық құралдар және тәсілдер. Тік ұңғыманы ауытқытатын жиынтықты бағдарлау; көлбеу ұңғымада ауытқыштарды бағдарлайтын оқпандық құрылғылар және аспаптар. Бағыттама ұңғымаларды бұрғылау технологиясы. Қатты пайдалы қазбаларға бағыттама ұңғымаларды бұрғылау технологиясы. Типтік профиль бойынша бұрғылау технологиясы; көптүпті ұңғымаларды бұрғылағанда қосымша оқпандарды бұрғылау. Мұнай және газға бағыттама бұрғылау технологиясы: ұңғыманың бағытталған тік сызықты аралығын бұрғылау; зенит бұрышын өзгертіп аралықты бұрғылау; бағыттама бұрғылауда тәртіптік параметрлерін негіздеу. Көлбеу бағыттама ұңғымаларын бекіту. Ұңғыманың конструкциясын анықтау; шегендеуші құбырлар және оларды есептеу; шегендеуші тізбегінің технологиялық құралдарының элементтері. Бағытталған ұңғымаға шегендеуші тізбекті түсіру алдында оқпанды дайындау, көлбеу бағытталған ұңғымаларда шегендеуші тізбектерді цементтеу есебі. Бұтақты, көптүпті және көлденең тармақты ұңғымаларды бұрғылау

Бұрғылау мақсаты және міндеттері. Көптүпті және көлденең ұңғымалардың профилін анықтау және негіздеу. Көптүпті және көлденең тармақталған. ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникалық құралдар. Бұтақталған ұңғымаларды қолдану тәжірибесі және оны салуға қойылатын талаптар. Бұтақ алаңында ұңғы сағасының орналасуы. Бұтақталған бұрғылау тиімділігінің критериі. Бағытталған ұңғымаларды бұрғылау экономикасы және экологиясы. Қатты пайдалы қазбаларға бағытталған және көптүптік ұңғымаларды бұрғылаудың экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесі. Мұнай және газға бұтақты, көптүпті және көлденең бұрғылаудың экономикалық тиімділігі. Бағытталған бұрғылауда табиғи кеңістіктің мүмкін бұзылу түрлері және табиғатты қорғау шаралары. Теңізде бұрғылауда табиғатты қорғау шаралары.



Практикалық сабақтар: Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының А типті профилін таңдау, есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының Б типті профилін есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының В типті профилін есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының Г типті профилін есептеу және салу. Көлбеу-бағытталған барлау ұңғымасының Д типті профилін есептеу және салу. Ауытқыштың түрімен өлшемін таңдау. Ауытқыштың өлшемін және ұңғыманың қисаю екпінін анықтау. Көлбеу бағытталған ұңғыманы бұрғылауда бұрғылау тізбегін көтеруге қажетті осьтік жүктемені анықтау. Шегендеу тізбегін түсірген кезде пайда болатын ілмектегі жүктемені, жергілікті максимал кернеулерді және бұрғылау тізбегін айналдыру бұрышын анықтау. Ауытқыштың бұрылу бұрышын анықтау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу нәтижесінде студенттер ұңғымалар қисаюының себептерін; ұңғымалардың кеңістікте анықтайтын техникалық құралдарын; жалғыз және көптүптік ұңғымаларды бағыттап бұрғылау үшін техникалық құралдардын; жалғыз және көптүптік ұңғымаларды бағыттап бұрғылау технологиясын; бағыттап бұрғылау процестерінің экономикалық және экологиялық аспектілерін біліп шығады.

Бақылау нәтижесі: емтихан.




4-курс

7 семестр

7 семестр


Пәннің аталуы

Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

Қысқартылған атауы

ЕҚ және ТҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Саипов Әбділла Әбиболлаұлы

Доцент / оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент, кәсіби пәндер

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15,ОСӨЖ – 45,СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «физика», «математика», «химия», «мұнай-газ ісі негіздері», «мұнай-газ жабдықтары», «мұнай-газ ұңгымаларын бұрғылау», «мұнай мен газды өндіру негіздері», «мұнай және газ кенорындарын әзірлеу мен пайдалану», «бұрғылау және тампондау ерітінділері», «терең ұңғымаларды бұрғылау технологиясы», «сораптық және компрессорлық станциялар», «газ-мұнай құбырлары», «газ-мұнай құбырлары мен газ мұнай қоймаларын жөндеу»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

зиянсыз еңбек жағдайларын жасауға және өмір қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз етуге; мұнай-газ жабдықтарын монтаждау мен пайдаланудың қауіпсіздік шараларын орындауға; төтенше оқиғалар жағдайларда тұрғындар мен өндіріс қызметкерлерін және шаруашылық нысандарын болуы мүмкіи апаттардың, төтенше қатерлердің зардаптарынан қорғауда дұрыс шешім қабылдауға, зақымдану мен оның салдарын жоюда қазіргі кұтқару құралдарын қолдануға қабілетті мамандар даярлау

Мазмұны

Дәрістер: Курстың мақсаты, негізгі мәселелері мен мазмұны. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері. Ұғымдар мен анықтамалар. Еңбекті корғау мен өмір қауіпсіздігінің басқа пәндермен байланысы. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігі негіздері курсының даму тарихы. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы актілері. Еңбекті қорғаудың психофизиологиялық және эргонометриялық негіздері. Мұнай-газ жобалаудың қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық нормалары. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс нормалары мен ережелері. Жеке еңбек шарты. Еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шарт пен еңбек келісімі. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. Микроклиматтық еңбек шарттарының организм жағдайына және гигиена нормаларына әсері. Қолайлы микроклимат жасау шаралары. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері және олардың жұмыс алаңының ауасына шектік концентрациясы. Өндірістік жарықтандыру, оны есептеу талаптары мен әдістері. Діріл мен шу көздерінің сипаттамасы. Діріл мен шудың адамға әсерінің қаупі. Жабдықтарға, олардың құрылысына қойылатын гигиеналық және техникалык талаптар. Шу мен діріл деңгейлерін бақылау әдістері. Шу мен дірілден қорғау. Апаттар мен жарақаттанудың себептері. Бақытсыздық жағдайларды тергеу мен ескеру. Жарақаттануды талдау әдістері. Апат пен жарақаттанудың пайда болу қаупі. Аспайтын қауіп және оны ырықтандыру принциптері. Қысыммен жұмыс жасайтын адамдарга электр және газбен дәнекерлеу құралдарына, сонымен қатар ыдыстарға койылатын талаптар. Электр қауіпсіздік негіздері. Электр тоғының адам ағзасына әсері және ток соғу жағдайлары. Түрлі электр тораптарындағы ток coғy қауіптіліктерін талдау. Ток соғудан қорғану шаралары. Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардын пайда болу себептері мен жіктемесі Төтенше апаттарды талдау. Жану мен жарылыстың түрлері және шарттары. Өндірістің өрт қаупі бойынша жіктемесі. Мекемелер мен ғимараттардың от төзімділігі. Өрт пен жарылыстардың алдын алу жүйелері. Технологиялық процестердің өрт және жарылыс қауіпсіздік жағдайлары. Өрт кедергілері, өртті сөндіру. Өрт кезінде адамдарды көшірү. Бейбіт және соғыс уақыттарында азаматтық қорғаныстм қалыптастырудың ролі мен мәселелері. Шаруашылық нысандарыным төзімділігі. Тұрғындарды зақымдану факторларынан қорғау. Апат ошақтарындағы құтқару және апаттық-қайта қалпына келтірү жұмыстары. Адамдардың апат ошағында болу шегін анықтау. Адамдар мен мүлікті көшіру.

Практикалық сабақтар: Өндіріс орындарындағы желдеткішті есептеу. Өндірістік жарықтандыруды есептеу. Электр жабдықтарын нолъдеуді есептеу. Өрт сөндіру құралдарын таңдау мен есептеу. Шаруашылық нысандарындағы радиациялық жағдайларлы бағалау бойынша есептерді шешу. Өндіріс бөлікшелеріндегі метеошарттарды зерттеу. Өндіріс щуынан қорғану. Ауадағы зиянды газ дар құрамын анықтау. Радиациялық қауіпсіздік негіздері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мұнайгаз жабдықтарын құру және пайдалану кезінде, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз еңбек шарттарын құра білуі, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде шешімдерді қабылдай білуі керек / Тесттік емтихан


7 семестр


Название дисциплины

Охрана окружающей среды в нефтегазовой отрасли


7 семестр


Пәннің аталуы

Ғылыми зерттеу жұмыс негіздері

Қысқартылған атауы

ҒЗЖН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Ашурметов У.К.

Доцент / оқытушы:

Aға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Негізгі пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: физика, ғылым тарихи, математика

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттерді мұнай-газ ісі саласында ғыльми зерттеу жұмыстарын жургізу тәртібімен және ретгілігімен таныстыру. Пәнді зерделеудің мәселслері негізгі кезендерді меңгеру, зерттеулердің көкейтесті тақырыптарын бағалау және таңдау; зерттеудің мақсатың қою және әдістерін негіздеу; аналитикалық және эксперименттік зерттеулер жүргізу; алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және ақиқатіылығын бағалау; инженерлік-зерттеу жұмысына қызығушылықты дамыту және оның қоғамдық маңызын анықтау.

Мазмұны

Дәрістер: Ғылымдардың жіктемесі. Мұнай-газ ісі саласындагы ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму кезендері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қолданылатын базалық пәндер. Қазақстан мен шетелдерде мүнай-газ саласыпдагы зсрттеулердің негізгі бағыттары.

Ғылыми проблема. Мәселелср мен проблемалардыц көксйтестілігі туралы түсінік. Мэселелер мен проблсмалар кокейтестілігінің белгілері. Әдебиетпен жүмыс. / Мұнай-газ саласындағы көкейтесті мәселелер мен проблсмалардың мысалдық тізбесі (ұңгымаларды бұрғылау және игеру, мұнай және газ кенорындарьін әзірлеу мен пайдалану, теңізде өндіру, қоршаған ортаны қоргау).

Зерттеу мақсатын қою принципі. Нақты тақырыптарда зерттеудің мақсатын қою.

Зертгеудің мэселелерін қалыптастыру мен қоюдың негізгі принципі, зерттеудің мэселелерін қоюда бұрын жүргізілген зсрттсулерді шолу мен

талдаудың әсері. Зертгеуде мәселелер қою мысалы. ҒЗЖ багдарламасын эзірлеу.



Зсрттсудіц белгілі эдістері, нақты мәсслслср шешудс оларды таңдауды негіздсу. Бір немесе бірнешс мәсслслсрді шешу ксзіндс қолданылатын әдістердің саны.

Зсртгеудіц аналитикалық эдістерін қолдану аясы, аналитикшіық мәселелер шешімдерін қоюдың айқындылығы жэне дәлділігі, есептелген деректердің нақтыларға сәйкестігін бағалау. Мұнай-газ ісі саласындагы зерттеулердің аналитикалық эдісін пайдалаиу мысалы.

Экспериментгі ұтымды жобалау. . Өлшемдердің қайталангыштыгы жәие удайылығы. Процестерді физикалық модельдеу. Модельдеу критерийлері. Эксперименттік өвдеу кезіндегі матемаіикалық сіатистика эдістері. Мұнай-газ ісі саласындагы зертгеуде эксперименттік эдістерді қолдапу мысалдары.

Алынгаи нэтижелердің ақиқаттылық деңгейі жэне оігы қуапау. Ақиқаітылықты багадау мысалдары, ақиқаттылықты бағалауда бұрын откізілгсн теориялық жэне эксперименттік зерттеулердің, сондай-ақ гылыми эзірлемелер .нотижелеріп снгізудің ролі. Мұнай-газ ісі саласындагы зерггсулердс алынган нэтижслсрдіц ақиқаттылыгын бағалау мысалы.

Ғылыми жаңалықтың амықтамасы. Алынган нәтижелердің гылыми құмдылыгы түсінігі. Ғылыми жаі(алықтың гылыми құндылықтан айырмашылығы. Мұнай-газ ісі саласындағы ғьшыми жаңалык лен ғмлыми қундылықты анықтаудьщ иақты мысалы.

Практикшіық құндылықты түсіну. Пракикалық құңдылықт-ы анықтаудмң мысалы. Ғылыми әзірлемелерді снгізу тэртібі.



Алынгаи ттижелерді баяндамаларда, мақалаларда жәнс монографияларда жариялау тәртібі. Пікірлер мен сын пікірлер. Қорғалатын құжаттарды (өнертабысқа өтініш, алдыи ала патеттер, латенттер) ресімдеу тәртгбі.

Қазақстан Рсспубликасында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудың қазіргі жүйесі. Диссертацияларға қойылатын талаптар, ғылыми дэрежелер меи ғылыми атақтарды беру тәртібі туралы срсже. Қазақстан Республикасында ғылыми кадрларды аттестациялау жүйесі дамуының тенденциясы. Магистратура, докторантура.



Практикалық сабақтар: 1. Экдперименттік мэліметтерді өңдеу бойынша есептеу.

  1. Зерттеліп отырған өлшемдердің әр түрлі факторларға тәуелділігі ксстесін түрғызу бойынша мәселелерді шешу жэне алынған тәуелділіктерді талдау.

3.Белгілі бір процесті зерттеудің (қабатты қыздыру, гидроыдырату) математикалық модель жасаумсн қоса жургізу жэне шешу мысалы.

4. Жаңа гылыми-техникалық эзірлемелерді снпзудің тсхника-экономикалық көрсетқіштерін ессптеу, бизнес-жоспарларларды құрастыру.




Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу нәтижесінде студенттер студеінтердің өзіндік жұмысы аудиториялық сабақтарды елеулі толықтырады деп ұйғарылады. Өзіндік жұмысқа жеке тақырыптарды зсрдслеу мен тақырыптар бойынша есептер шығару жатады. Өзіндік сабақтардың тиімділігін арттыру үшін кафедра оқытушылардың кеңесін көмегін қарастыруы керек. Өзіндік жүмыстың келсмі меп мазмүнын кафедра анықтайды.



7 семестр


Пәннің аталуы

Ұңғымаларды жөндеу

Қысқартылған атауы

ҰЖ (РС рус)

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Сарсенбаев Хамит Акжигитович

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Ұңғымаларды жөндеу

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқытудың мақсаты. Пәнді оқытудың мақсаттарын, 050708-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша бакалаврға тән квалификациялық мінездемелер тұрғысынан қарастыра отырып келесідегідей үйлестіруге болады:

Студенттерді мұнайөңдеу және мұнайхимиялық өндірістердің, мұнайөңдеу және мұнайхимиялық машина және аппаратқұрлыстың дамуының негізгі бағыттары мен перспективаларын, мұнайөңдеуші және мұнайхимиялық өндірістердің технологиялық және қосалқы жабдықтарының негізгі түрлеріменен таныстыру; технологиялық жабдықтарды жобалау, пайдаланудағы мәселелерді шешуге қажетті білімді қалыптастыру;



Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Пәннің мақсаттары және байланыс басқа тәртіптермен . Жалпы мәлімдеудің мұнай ұғымы туралы . Мұнай физикалық - химиялық қасиеттері және газдың .Жуынатын ерітінділер . Жуынатын сұйықтықтардың мінез-құлығы . Табиғи ерітінділер . Колоидты ерітінділер . Суспензияның . Гидрофобты Эмульсиялар . Сазды ерітінді .Ингибиторланған сазды ерітінді . Физикалықтар екі - ерітінділердің метрлері . Химиялықтар екі - ерітінділердің метрлері . Химиялық реагенттер . Реагенттерді стабилизаторлар . Реагенттер жабысқақтық понизителисі . қосымша реагенттер . Ерітінді ауырлатқыштар . Плашкалы привентор. Гидравликалық привентор. Ұңғыманың сағасында жөндеуіне арналған құрылғы. Ұңғыманың сағасында жөндеуіне арналған құрылғы. Ұнғымалардың күрделі жөндеуі. Ұнғымалардың сағасын жабдықтауы . Газды ұнғымалардың құлағын бітеуі . Ұңғымалардың құлағын бітеу есеп-қисабы Ұнғымалардың құлағын бітеу технологиясы үш фазамен цемент көпірлердің құруы. Терең скважиналарға арналған цемент көпірлерді құру. Ұңғыманың аяқ жағын кеңейту. Құмтығындардың аршуы . Герметикалық өндеу бағананы бұрынғы қалпына келутіру.

Практикалық сабақтар: Әр түрлі бұрғылау ерітінділерін қолдану кезіндегі ұңғымаларды есептеу. Атқылауға қарсы қолданылатын бұрғылау ерітінді тығыздығын анықтау. Бұрғылау құбырларын көтергеннен кейінгі бұрғылау ерітіндісі қысымының қабатқа кемістігін анықтау. Свеча массасының горизонталды бөлшегінің салмағын анықтау. Таль жүйесі қанатының диаметр мен түрін таңдау. Қисық ұңғымаға түсірілетін бұрғы тізбегінің салмағын анықтау. Температура мен қысымның пайдалану құбыр тізбегі жұмысына әсерін анықтау.

Ұңғыма түбін цемент ерітіндісімен, цементөқұм қоспасымен, реагентермен, фенолфармольдегид смоласымен бекітуін есептеу. Пакерлерді қолданып цементтеу. Ұңғыма түбіндегі құм пробкасын жууды гидравликалық есептеу.



Пробкаларды гидро бұрғымен тазалау. Аулағыш аспаптарға түсірілетін мөлшерленген созылу күштерін анықтау. Мұнай ваннасын есептеу. Қабаттың гидрожарылуын есептеу Ұңғыма түбін тұз қышқылымен өндеуді есептеу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ұңғымаларды жөндеуге қатысты мәселелерді қоя білу; Ұңғымаларды жөндеуге қатысты модельдерді тұрғыза білу.



7 семестр



Пәннің аталуы

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

Қысқартылған атауы

МГҰБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, СОӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Садырбаева А.С.

Доцент / оқытушы:

Т.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

дәрістер – 15, практикалық – 15, СОӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 – кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: геология, материалдар кедергісі, гидродинамика, жылутехникасы, жоғары математика, инженерлік графика

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мұнай және газды өндіруге ұңғыманы бұрғылау және салу бойынша кәсіптік білімдерді алу.

Мазмұны

Дәрістер: ҚР мұнайгаздық потенциалы. Кенорындарды топтастыру. Мұнай мөлшерін баррельмен бағалау. Бұрғылаудың геологиялық шарттарын типтендіру. Қалдық тау жыныстары, тау жыныстарының механикалық сипаттамалары. Қиманы текшелерге бөлу. Ұңғыманы бұрғылау тәсілдері. Текшені бұрғылауға ұашауды таңдау. Ұңғыманы тағайындалуы бойынша топтастыру. Ұңғыма конструкциясы. Шегендеу құбырлары мен қашауларды есептеу және таңдау. Тау жыныстарын бұзу механизмдері. Режимдік параметрлерді таңдау – осьтік қысым, айналым саны. Шаюдың тағайындалуы, режимдері. Бұрғылау ерітіндісінің мөлшерін анықтау. Шаюдың гидравликалық есебі. Бұрғылау сораптарын таңдау. Бұрғылау сораы жұмысының сипаттамаларын реттеу тәсілдері.

Практикалық сабақтар: геологиялық қиманы типтендіру. Қиманы текшелерге бөлу. Қашау маркаларын таңдау және бұрғылауға санын анықтау. Ұңғыма оқпанын бұрғылауға шегендеу құбырлары мен қашау диаметрлерін анықтау. Шаюдың гидравликалық есебі. Бұрғылау сораптарын таңдау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мұнайгаз ұңғымаларын сауатты есептеп жобалай алу, ашауды дұрыс таңдау, бұрғылау режимдерін, шаю бұрғылау ерітінділерін дұрыс таңдау.


7 семестр


Пәннің аталуы

Бұрғылау кезінде қиындықтар мен аппаттардың алдын алу жою

Қысқартылған аталуы

БҚ ААЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

6 Семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Бондаренко В.П.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Профилдеуші пән, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс–30, практикалық сабақтар–15, ОСӨЖ –45, СӨЖ –45


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мұнайгаз саласындағы техника мен технология, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқыту мақсаты: Ұңғыманы барлау және пайдалану бұрғылау кезіндегі қиындықтармен аппаттардың алдын алу және жою тәсілі мен әдістерін оқу.

Мазмұны

Дәрістер: Бұрғылау жұмыстарының апаттық жалпы сұрақтары. Бұрғылау кезінде аппаттардың жіктелуі. Құбырларды ұстап қалу бұрғылау жұмыстарына шығын. Ұстып қалудың әр түрлілігі. Олардың пайда болу шарттары. Ұңғыманы жобалаудағы ұстап қалудың алдын алудың негізгі ережелері. Дифференциялды ұстап қалудың алдын алу, құлаған жыныстардың тізбегінің түбінің қысылуы, сальникпен алдын алу. Шегендеу тізбегінің ұстап қалуын алдын алу. Ұстап қалуды жою тәсілі. Ұстап қалу шегін анықтау. Сұйықтықты ванналар қондырғысы: мұнайлы, сулы, қышқылды. Ұрмалы механизмдерді қолдану. Шегендеу тізбегінің ұстап қалуын қолдану.

Практикалық сабақтар: Бұрғылаудың бірлік шарт аймағын анықтау. Бұрғылау ерітіндісінің сіңіру кезіндегі қиындықтар. Инертті толықтыруларды таңдау. Бұрғылау тізбегінің элементерімен аппатты алдын алу. Бұрғылау тізбегінің ұстап қалуын алдын алу. Тізбектің ажырағаны кезде күшті анықтау. Сұйық пен ваннаның түрін таңдау және оны есептеу. Детондайтын шнур жібімен санын анықтау. Ашық фонтанның түрін алдын алу. Мұнайгазсу қабатының түрін анықтау. Ұңғыманы жабу кезіндегі параметрлерді есептеу.




Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқытудығ нәтижесі:.Ұңғыманы пайдалану және барлау бұрғылау кезіндегі аппаттарды жою мәселесін меңгеру мен білімді игеру.

Қорытынды бақылау түрі: емтихан.







7 семестр


Пәннің аталуы

Ұңғымаларды аяқтау

Қысқартылған атауы

Ұңғ.аяқтау

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Орымбетова Г.Э.

Доцент / оқытушы:

Aға оқытушы

Жұмыс тілі

қаз

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖОО компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер Экология, математика, физика, химия, жалпы гидравлика, еңбекті қорғау.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Теориялық жоспарында ұңғыманы бекітумен, мұнайгаз кеніштерді сынау және игерумен, мұнайгаз құрылысын жоғарысапалы аяқтаумен біріккен негізгі технологиялық процестерінің теориясы сұрақтары бойынша сонымен қатар қойнауда пайдалы кен қазбаларды сақтау, қоршаған ортаны қабаттық сұйықтар және басқа күшті қосылыстармен ластанудан сақтау және ұңғыманы аяқтау кезінде еңбектің қауіпсіздіук шарттар сұрақтары бойынша болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Мұнайгаз қабаттарының физикасы. Өнімді қабаттарының жыныстарының сипаттамасы. Кен орындарының табиғи шарттарындағы қабат сұйықтарының құрамы және қасиеттері. Өнімді қабаттарды ашу сапасына жуу сұйықтарының әсері. Жуу сұйықтарының коллекторге ластану әсерінің бағалау дәрежесі. Өнімді қабаттарды ашу үшін жуу сұйықтарының қасиетттері мен құрамының негізгі талаптары. Алғашқы ашу кезінде ұңғыманы жуудың гидравликалық есептердің принциптері. Өнімді кеніштерге кіру әдістемелері. Кіру әдістемелерді таңдау принциптері. Бұрғылау кезінде температураның өзгеру мінездемелері мен себептері. Ұңғыманың оқпаны бойынша температураның таралуын есептеу әдістері. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау. Сынаудың маңызы мен міндеттері. Сынауға арналған техникалық құралдардың жіктелуі. Сынау жабдығының жинағын таңдау. Сынауды өткізетін алдан-ала жұмыстар. Ашу және өнімді горизонтттарды сынау мен ұңғымаларды игеру кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Ұңғыманы бекіту тәсілдері мен мақсаттары. Ұңғыма құрылысы туралы ұғым. Мұнай және газды ұңғымалардың түптік бөлімшесінің конструкциясы. Ұңғыманың түптік бөлімшесінің жабдығы. Ұңғыма конструкциясын таңдауға әсер етуші факторлар. Ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері. Шегендеу құбырлардың конструкциясы және олардың қосылыстары. Шегендеу құбырлар стандарттары. Шегендеу құбырлар және олардың қосылыстардың беріктік сипаттамалары. Шегендеу құбырлардың көтеру қабілетіне әсер етуші факторлар. Шегендеу құбырлар тізбегінің жұмыс істеу шарттары. Шегендеу құбырлар тізбегін ұңғымаға түсіру технологиясы және оны ұйымдастыру. Шегендеу құбырлар тізбегін түсіру режимін есептеу принциптері. Бекіту және цементтеу кезінде қауіпсіздік техникасы. Тампонажды материалдардың тағайындалуы және оларға қойылатын талаптар. Базалық тампонаждық материалдар. Цементтеу ұнтақтарының, ерітіндінің және тастың негізгі қасиетттері. Тампонаждық ерітіндінің және тастың қасиеттеріне қысым мен температураның әсері. Қабаттарды ажырату сапасына қойылатын талаптар. Цементтеу тәсілдерінің жіктелуі. Алғашқы цементтеу әдістерінің маңызы, жетістіктері мен кемшіліктері. Ұңғымаларды цементтеу сапасына әсер етуші негізгі факторлар. Буферлік сұйықтардың қолдану аймағы және құрамы, тағайындалуы. Цементтеу кезінде қиындықтар және оларды цементтеу тәсілдері. Алғашқы цементтеудің есептеу принциптері. Шегендеу құбырлар тізбегінің байланыстыру және саңылаусыздандыруды тексеру. Қабаттарды перфорациялау арқылы ашу технологиясы. Ағынды шақыру тәсілдерінің жіктелуі. Ағынды шақыруға арналған техникалық құралдар. Өнімді қабатттарды сынау. Зерттеу тәсілдері. Өнімділік қабатттарды зерттеу әдістері. Көпірлердің тағайындалуы және оларға қойылатын талаптар. Көпірлерді орнату тәсілдері. Жуу сұйықтарының жұту аймақтарды оқшаулау. Ұңғыманың техникалық жағдайын зерттеу. Жөндеу цементттеудің тәсілдері.

Практикалық сабақтар: Әртүрлі геолого-техникалық шарттары үшін ұңғыма конструкциясын жобалау. Шегендеу құбырлар тізбегін есептеу. Пайдалану тізбекті есептеу. Шегендеу құбырлар тізбегінің керу күшін есептеу. Шегендеу құбырлар тізбегін ұңғымаға түсіру режимін есептеу. Алағшқы цементтеуді есептеу. Кері цементтеуді есептеу. Қабатсынағыш көмегімен нысанды сынауға арналған бұрғылау тізбекті есептеу. Ұңғыманы игеру кезінде сесптеу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу нәтижесінде студенттер мұнайгаз кеніштерді ашуын, сынауға ұңғымаларды бекіту жән цементтеуін, тампонажды ерітінділерді дайындау технологиялық жобаларды өңдеу бойынша және іс-тәжірибеде ұңғыманы аяқтаумен байланысты негізгі технологиялық операцияларды біліп шығады.

Бақылау нәтижесі: емтихан.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет