Матрицадағы квадранттар мәні Міндеттер тапсырманы қашан және қанша уақытта аяқтауға болатындығын анықтайтын нақты квадранттарға бөлінеді.
I квадрант — «Мұны дереу жасаңыз» (шұғыл және маңызды)
Мұнда шұғыл көңіл бөлуді қажет ететін ерекше міндеттер қамтылады. Олардың нақты мерзімі бар және бәрінен бұрын әрі жеке орындалуы керек.
II квадрант— «Мұны қашан істейтініңізді шешіңіз» (маңызды, бірақ шұғыл емес)
Бұл квадрант ұзақмерзімді дамыту үшін аса қолайлы матрицаның стратегиялық бөлімі болып табылады. Ол құрамындағы элементтер маңызды, бірақ бірден араласуды қажет етпейді. Бұл ретте тапсырмалардың белгілі мерзімі бар және жеке де орындалады.
IIIквадрант— «Біреуге тапсырыңыз» (шұғыл, бірақ маңызды емес)
Бұл квадрант телефон қоңырауларын, электрондық хаттарды, кездесулер мен іс-шараларды жоспарлауды қамтиды. Міндеттердің бұл түрі, әдетте, жеке көңіл бөлуді қажет етпейді, себебі өлшенетін нәтижені білдірмейді. III квадрант маңызды жұмыстан бұра тартуды азайтуға көмектеседі. Істі басқа біреуге тапсыру арқылы сіз неғұрлым маңызды нәрселерге назар аудара аласыз.
IVквадрант— «Мұны кейін жасаңыз» (маңызды емес, шұғыл емес)
IV квадрантқа жататын әрекеттер – бұл ешқандай пайда әкелмейтін қызмет. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл әрдайым ешқандай салдардан қорықпай кейінге қалдыруға болатын нәрсе. Бұл жұмыстар белгілі бір уақытты талап етеді және алғашқы екі квадрантқа қосқан маңызды міндеттерді орындауға кедергі келтіреді.