Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет154/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

Эйзенхауэр матрицасының шаблоны

Шұғыл және маңызды
«Мұны дереу істеңіз»

Маңызды, бірақ шұғыл емес
«Мұны қашан істейтініңізді шешіңіз»

  • 1-міндет

  • 2-міндет

  • 3-міндет

  • 1-міндет – (күні) дейін жасау

  • 2-міндет – (күні) дейін жасау

  • 3-міндет – (күні) дейін жасау

Шұғыл, бірақ маңызды емес
«Өкілеттік бер»

Шұғыл емес және маңызды емес
«Кейін жаса немесе елеме»

  • 1-міндет – өкілеттік беру (аты)

  • 2-міндет – өкілеттік беру (аты)

  • 3-міндет – өкілеттік беру (аты)

  • 1-идея

  • 2-идея

  • 3-идея

Эйзенхауэр матрицасы – сіз қайдан бастау керектігін білмейтін кезде пайда болатын, аналитикалық дәрменсіздік жағдайынан аулақ болуға көмектесетін қарапайым құрал.


Енді сіз Эйзенхауэр матрицасымен таныс болған кезде ол бойынша өз істеріңізді бөле аласыз. Бұл сізге олардың орындалу процесін дұрыс орындауға көмектеседі, сіз қандай істі шұғыл істеу керектігін, қайсысын басқа атқарушыға өкілеттікке беруге болатынын, қайсысына орындалу мерзімін анықтау қажет екенін, ал қайсысын кейін істеуге болатынын немесе мүлдем алып тастау керектігін түсінесіз.


7.6.Аутсорсинг
Өткен сабақтарда сіз операциялық қызметі мен өз стартаптарыыңыздың ресурстарын талдадыңыз. Стартаптың операциялық қызметі шешімді талап ететін әртүрлі міндеттерден тұрады. Оларды үнемі өз бетінше шешу мүмкін емес – сіздің оған уақыт немесе құзыреттілігіңіз жетіспеуі мүмкін – кез келген жерде кәсіпқой болу мүмкін емес қой: біздің әрқайсымыз үшін қандай да бір қызмет түрі басқасына қарағанда қолымыздан жақсырақ келеді. Сондықтан қызметкерлердің немесе серіктестердің еңбек ресурстарын пайдалану қажеттілігі туындайды.

Аутсорсинг (ағылш. "outsourcing "(outer-source-using) – "сыртқы көзді және/немесе ресурсты пайдалану") — бұл белгілі бір жұмысты орындау үшін басқа компанияларды немесе мамандарды тарту.


Егер сіз компанияңызда қандай да бір функцияларды басқа компанияларға (серіктестерге) немесе мамандарға бере алатыныңызды сезсеңіз, өйткені сізде оған уақыт немесе құзыреттілік жетіспейді, әңгіме аутсорсинг туралы болады.
Аутсорсингтің бірнеше себебі болуы мүмкін:

  • мысалы, егер серіктестер бұл істі жақсы және арзан жасаса;

Көптеген компьютерлерді өндірушілер осы жұмысты контрагенттерге беріп, түпкілікті құрастырудан бас тартты, бұл оларға жинақтаушыларды сатып алудан және құрастыру процесін ұйымдастырудан айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігін берді. Cisco интернет арқылы үйлестірілетін 37 зауытты иеленетін серіктес компанияға барлық дерлік маршрутизаторлар мен коммутациялық жабдықтарды өндіру мен құрастыруды берді.

  • егер бұл әрекеттер көп уақыт пен ресурстарды қажет ететін болса, әрі бұл ретте сіздің бизнесіңіз үшін басты міндет болмаса

Мысалы, аутсорсингке сіздің құрал-жабдыққа қызмет көрсетуд беруге болады, содан кейін сізге механиктер немесе IT-мамандар штатын жалдаудың және оларға ай сайынғы жалақы төлеудің қажеті жоқ. Енді сіз компьютер немесе машина сынған болса, қажетіне қарай оларды шақырасыз. Сондай-ақ аутсорсингке бухгалтерлік қызметті беруге болады. Егер сіздің айналымыңыз айына миллионға жетпесе, бухгалтер сізге тек салық есептерін жасау үшін қажет болады.
Dell Computer, өнім берушілермен әріптестік орнату және жеткізуді дәл мерзімде ұйымдастырудың арқасында тек жеті күнге ғана бөлшектер қоры бар болғандықтан, қоймаларды ұстаудан бас тартты және соңғыларды жеткізу басталғаннан кейін бір апта өткен соң жаңа құрамдас бөліктермен жабдықталған компьютерлерді ұсынады. Cisco өз жабдықтаушыларымен тығыз қарым-қатынас жасағаны соншалықты, олар Cisco аппаратурасын тікелей Cisco тұтынушыларына Cisco қызметкерлерінің қатысуынсыз жеткізеді. Бұл компания үшін өз кәсіпорындарын сатып алуға қарағанда жылда 500-800 млн. арзан түседі. Hewlett-Packard, IBM, Silicon Graphics және басқа да компаниялар өздеріне тиесілі зауыттардың бір бөлігін жеткізушілерге сатып, осы зауыттардың өнімдерін сатып алуға келісімшарттар жасасты. Starbucks тәуелсіз жеткізушілерден кофе дәндерін сатып алады және бұл кофені өз бетінше өсіруден гөрі тиімді деп санайды.
Ал аутсорсингтің бірнеше артықшылықтары бар:

  • осылай сіз жоғары сапалы және/немесе арзан бөлшектер немесе қызметтер ала аласыз;

  • сіздің жабдықтаушыларыңыз жоғары зияткерлік әлеуеті мен инновациялары бар әлемдік деңгейдегі компаниялар болуы мүмкін - олар жаңа технологияларды ойлап тауып қойған және сіз оларды пайдалана аласыз;

  • егер нарықта сұраныс өзгерсе (мысалы, құлдырап кетсе), сіз шығынға ұшырамайсыз, өйткені сіздің зауытыңыз тауардың белгілі бір санын өндіруге есептелген, сізде өізіңізді шығынға батырып, жалақы төлеуге немесе қызметкерлерді жұмыстан босатуға тура келетін қажетсіз персонал болады. Егер сұраныс артса, Сізге қосымша үй-жайларды салуға, жаңа жұмыскерлерді жалдауға артық қаражат пен уақыт жұмсаудың қажеті болмайды

  • сізге жаңа дағдыларды алу үшін қызметкерлерді курстарға жіберудің қажеті жоқ;

  • сіз қосалқы салаларға уақыт пен ресурстарды жұмсамай, өзіңіз маманы болып табылатын бизнес бөлігіне баса назар аудара аласыз.

Сондай-ақ аутсорсингтің кемшіліктері де бар:

  • сіздің жеткізушілермен ынтымақтастық шарттарының орындалуын, сондай-ақ олардың жұмыс сапасын бақылауға тура келеді.

Және де, егер сізге өз бетінше бірдеңе істеу қажет болса немесе сіз үшін жасайтын маманды табу керек болса, өзіңізге бес сұрақ қойыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет