2. Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге теориялық білім беру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
3 Лекция мазмұны (қысқаша): Туризм өзінің маштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік- экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғалымдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Сондықтан туризм кешені әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда туризмология қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады, оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік – экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) үлкен әсерін тигізеді
Мамандардың болжауы бойынша, ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ Қазақстанда туризм нарқының дамуымен жаңаша ойлап,жаңа істер атқаратын мамандарға қажеттілік өсті.Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте кажет.Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлімінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.
Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады.Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор.Туризм ұйымшылыққа,бір-біріне өзара көмек көрсетуге,алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.