Жұмыс бойынша қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі: Химиялық лабораторияда тәжірибелерді орындау кезінде жеңіл тұтанатын органикалық еріткіштермен, реагенттермен, концентрлі минералды қышқылдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет, ақ халат, резіңке қолғап, шыны көзілдірік қолдану керек. Химиялық ыдыс сынған жағдайда немесе ерітіндімен күйген жағдайда алғашқы көмек көрсетудің құралдарын қолдану қажет.
Жұмысты рәсімдеу: Жұмысты рәсімдеудің жалпы ережесі: бірінші бетте тақырыбы жазылады, мақсат пен сағаттардағы жұмыс көлемі, студенттің аты-жөні, оқу тобы, орындау мерзімі көрсетіледі. Жұмыстың мәтіні қолмен дәптерге жазылады.
Бақылау сұрақтары: 1.Төмендегі реакциялардың теңдеулерін жазып, өнімдерін көрсетіңіз.
1) циклогексанолдың Na2Cr2O7/ H2SO4қоспасымен сулы ортада тотығуы;
2) 4-хлор-1-бутанолдың K2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
3) 2-октанолдың Na2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
4) 1-гептанолдың пиридиний хлорхроматпен CH2CI2 қатысында тотығуы;
2.Төмендегі реакциялардың теңдеулерін жазып, өнімдерін көрсетіңіз.
1) фурфуральдың K2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
2) пропанальдың H2CrO4қышқылымен тотығуы;
3) циклогексилметилкетонның C6H5CO2OH (пероксибензой қышқылымен) хлороформда тотығуы;
4) циклобутанонның C6H5CO2OH (пероксибензой қышқылымен) хлороформда тотығуы;
5) дифенилкетонның C6H5CO2OH (пероксибензой қышқылымен) хлороформда тотығуы.
3.Төмендегі реакциялардың теңдеулерін жазып,өнімдерін көрсетіңіз.
1) кумолдың оттегімен тотығуы;
2) п-изопропилтолуолдың Na2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
3) о-хлортолуолдың KMnO4/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
4) 2,4,6-тринитротолуолдың Na2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
5) гидрохинонның Na2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы;
6) 4-метил-1,2-дигидроксибензолдың Ag2O эфирде тотығуы;
7) 3,4,5,6-тетраметил-1,2-дигидроксибензолдың Ag2O эфирде тотығуы;
8) 2-хлор-1,4- дигидроксибензолдың K2Cr2O7/ H2SO4 қоспасымен сулы ортада тотығуы.