Ғ ылымижоб а тақырыбы: Физика біздің айналамызда Орындаған: Малден е №41 топ студенті


Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#123437
1   2   3   4   5
Байланысты:
14-Praktika GOA, Әке асқар тауым Айжан апай, Әке асқар тауым Айжан апай, 7- апта Бөж Оңдасын Азура, Өсімдіктер анатомиясы мен морф 2 блок, Жалпы патология Тест

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері:


1) Бақылау әдістері
2) эксперимент және теориялық зерттеу әдістері

ІІІ.Қорытынды.................................................................................... 11 бет


Пайдаланылған әдебиеттер............................................................... 15 бет



КІРІСПЕ



Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

  • «Су ішкен құдығыңа түкірме»

  • «Бұлақ көрсең, көзін аш»

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады.
Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді.

Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.



Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М. В. Ломоносов болатын.

Физиканың ғылыми тілін, заңдары мен теорияларын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды.


Физикалық құбылыстар мен зандылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Сөйтіп материя, дене, зат сияқты физикалық ұғымдар қалыптасады. Бұл ұғымдардың терең мағынасы физика мен астрономияны оқып үйрену барысында ашылады.
Қазіргі кезде астрофизика қарыштап дамыды.Физиканың белгілі заңдарына сүйене отырып ең жаңа деген құралдарды,тіпті автоматты ғаламшараралық кемелдері қолданып, бүгінгі астрофизика аспан обьектілерінің физикалық күйлерін және олардың даму жағдайларын зерттеудің түрлі әдістерін енгізіп және оны пайдаланып келеді.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ




1.Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.



1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет