Қолданған әдістер:
Әдебиеттермен жұмыс
Сауалнама жұмыс түрлері.
Тәжірибе жұмыстары.
Бақылау.
Компьютерде әрлеу.
IІ.Негізгі бөлім
IІ.1.Тақырыптың теориялық сараптамасы.
Газдалған сусындар. Жалпы мағұлмат. Жіктелуі.
Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның, «limonata», лимонды су сөзінен шыққан. Қазірде барлық газдалған, тәтті және көпіршікті суларды осылай атайды. Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышықылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериалық күшін жоюға әсер етеді.Балғын және дәмді күйін сусындар, температураны 10 – 12 градусқа дейін төмендеткенде жақсы сақтайды. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады.
Минералды сулар — құрамында белгілі минералды тұздары, газы, органикалық заттары бар табиғи, жер асты сулары болып есептеледі. Шындығында минералды судың ешқандай қауіпті ештеңесі жоқ сияқты.
Лимонад — тәтті алкоголсіз, газдалған сусын. Салқындату қасиеті бар. Лимон жемісінің шырынынан дайындалады, ал кейбіреулер кез- келген сусынды лимонад деп шатасып айтады.
Спрайт — The Coca-Cola Company компаниясы шығарған газдалған, алкогольсіз сусын. Сусынның аты XX ғасырдың 40- жылдарында шыққан болатын. Ол кезде Coca-Cola жарнамалайтын компанияда Малыш Спрайт – күміс шашты, екі езуі құлағында, басында шляпа орнында сусынның тығынын киген эльф көпшіліктің көзайымы болды.Бұл кейіпкер көпшілікке ұнаған соң оның атын жаңадан шыққан лимон дәмі бар газдалған сусынға беріп, оны «Sprite»деп атады. 1961 жылдың қазан айында шыққан бұл сусын қазіргі кезде әлемнің 190 елінде сатылады.
Фанта (нем. Fanta) — Кока-Кола компаниясынан шыққан газдалған, салқындатылған сусын. Қазіргі кеде бүкіл әлемде 90 түрлі сусындар түрі шығарылады, бірақ оның барлығы өз елдерінің аймақтық маркаларымен шығарылады. Ең алғашқы сусын 1940 жылдарда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германияда шығарылды.
Кока — кола— TheCoca-ColaCompany компаниясы шығарған, газалған, алкоголсіз сусын, әлемде 2006-2010жылдардағы ең қымбат, ең танымал сусындардың бірі. 1902 жылдарда айналымы $120 мыңға тең кока- кола АҚШ-та ең белгілі сусындардың бір түрі болып есептелді. Сусынның аты бастапқыда кофеин орнына қолданылған, кола жаңғақшаларына сәйкес аталынған.алғашқыда коланың негізгі құрамы кофеинге бай кола жаңғақтарынан және құрамында кокаин бар кока бұтақтарынан тұрды. Кокаиннің зияны белгілі болғаннан бастап сусын құрамынан оны алып тастады, бірақ қазіргі кезге дейін кола құрамында кока өсімдігінің ештемесі болмасада аты сақталып қалды. Бір стакан кола құрамында 6 қасық қант болады, ол өзіне тән дәмді ванилин, цимтов майынан, гвоздикадан және лимоннан алады. Россиядан, Қазақстаннан шығатын «кола» сөзі бар сусындардың ешқайсысының да құрамында кола экстрактары кездеспейді, оларда тек қана дәмдеуіштер, бояуыштар және күйдірілген қант бар.
Достарыңызбен бөлісу: |