Ғ ылымижоб а тақырыбы: Газдалған сусындардың зияны. Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған орта Орындаған: Жетекші



бет8/22
Дата11.05.2022
өлшемі38,41 Kb.
#142308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Газдалған сусындардың зияны

Бояуыштар және дәмдеуіштер – газдалған су құрамында кездеседі, бауырда ыдырайды. Олар зиянды емес болуы мүмкін, бірақ бәрібір бауырға күш түсіреді. Сонымен бірге, бауыр сахарозаны глюкозаға ыдыратып, глюкозадан гликоген жасайды. Сондықтан гепатиттің әр түрімен ауратын адамдарға ондай сусындарды ішуге болмайды. Бояуыштардың ішінде ең көп тарағаны «желтый-5». Ол адамдарда әртүрлі аллергиялық реакцияларды, түшкіруден бөртпелер шығуға, тіпті бронхиалы демікпеге дейін шалдықтыруы мүмкін. Табиғи қызыл бояуыш және кармин де адам өміріне қауіпті аллергиялық реакциялар тудырады.
Кофеин – кейбір газдалған сусындарға қосылатын қоспа. Ол жүйке жүйелерін қосымша қоздырады, сондықтан ондай сусындарды балаларға ішуге тиым салады. Кофеин сонымен бірге сол сусынға адамның құштарлығын тудырады. Газдалған сусындардың құрамында оның мөлшері онша көп болмаса да, көмірқышқыл газынан оның әсері көбейеді.
Консерванттар  – лимон немесе ортофосфор қышқылы. Олар асқазанның сілемейлі қабықшасын қоздырып, гастриттің , тіпті ойық жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Ортофосфор қышқылы сүйек құрамындағы кальциді жойып жібереді. Кальций жетіспегенде адамда остеопороз ауруы пайда болады. Барлық газды сусындарда натрий бензоаты (Е 211) кездеседі. Ол С дәруменімен қосылып,бензол бөліп шығарады. Солнымен бірге адам ДНК бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет