Қабылдау тұтастығы - Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.Түйсiк заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Түйсiк құрайтын бөлiктер өзара өте тығыз əрi күштi байланысқан, мұны бiз сезiм мүшелерiмiзге кейбiр заттардың бiр қасиетi немесе бөлiгi ғана əсер етуденақ бiздiң санамызда сол заттың күрделi бейнесi туындайды (мақпал, мəрмəр тас). Мұндай танымның негiзiнде бiздiң бұрынғы тəжiрбиемiзде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлекстi қалыптасқан байланыстар жатыр. Тұтастық қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда бiздiң мезеттiк түйсiнулерiмiзге тура келе бермейдi, əрi сол түйсiктердiң қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, əдетте, нақты түйсiнуден дербестенiп, дерексiзденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қорытындыға келу бiршама уақыт өтуiн талап қылады. Егер сiз қандайда бiр əуендi тыңдай қалсаңыз, алғашқы естiген нотаңыз келесi нота берiлгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Əдетте, тыңдаушы үшiн əнкүй бiрiнен соң бiрi келетiн ноталарымен емес, бiртұтас əуенiмен мəндi. Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленушi қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзiндiк ерекшелiктерiнен туындайды.
Қабылдаудың тұрақтылығы - біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
Қабылдаудың таңдамалылығы - Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
Аперцепция - Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.
Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |