Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет7/13
Дата12.04.2017
өлшемі2,67 Mb.
#13703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Консультация

1. Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін зерттеуші ғалымдар оны екі үлкен кезеңге және оларды іштей бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады, бұл пікірді К. М. Байпаков, Т. В. Савельева және т. Б. ғалымдар қолдайды. Қазіргі ортағасырлық Қазақстан археологиясына арналған еңбектердің барлығында кездесетін кезеңге дейінгі және кеңестік кезең деп қарастырылып жүр.

XVI ғ.- 1917 жылға дейінгі кеңестік кезеңдерді іштей екіге бөліп қарастырылады, олар:


  1. XVI ғ.- ХХ ғ. 90-жылдары;

  2. ХХ ғ. 90-жылдары – 1917 ж.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің XVI ғ.- ХХ ғ. 90-жылдары аралығы негізінде деректердің көптеп жинала бастаған уақыты болды, осы кезде Ресей империясы мен Қазақстанның арасында сауда, саяси байланыстар қалыптаса бастаған еді. Сондықтанда Қазақстанға және онымен көрші хандықтарға келген, өткен елшілер, саудагерлер өздерінің естеліктерінде, жазбаларында Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің орналасқан жері, олардың құрлымы, бекініс жүйесі туралы жазды.

2. Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері туралы алғашқы зерттеулер «Карта описания Каспийского мория и Узбекской страны с подле лежащыми провинциями с точно означены путешествия Царя и другие примичания достойные вещи » атты жұмыста И. П. Рычковта, Е. К. Мейендорф, Ш. Ш. Уалихановта құнды деректер кездеседі. Ш. Ш. Уалиханов өзінің зереттеулерінде Лепсі мен Сырдария өзендерінің арасындағы ескерткіштерге, суландыру жүйелеріне көңіл аударып, олардың опат болуына бір жойқын соғыстың әсері болғанын атап көрсеткен.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендер туралы құнды зерттеулерді В. М. Флоринеий, П. И. Пашино Жанкент, Сауран, Түркістан қалаларында болып, олардың сол кездегі суретін түсіріп, тарихи-топографиялық құрлымына көңіл аударады.

ХХ ғ. 90-жылдары – 1917 жылдар аралығындағы келесі кезеңдегі жұмыстар В. В. Бартольдтің Орта Азия мен Қазақстанға келумен, Археологияны ұнатушылардың Түркістандық үйірмесінің жұмысымен тікелей байланысты өрбіген. В. В. Бартольд Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу, Іле өңірлерінде болып, осы тарихи-географиялық аудандарға ортағасырлық қалалар мен елді мекендерге көңіл аударып, олардың баламалану мәселесін анықтау жұмыстарын жүргізді. Өлкетанушылық кезеңнің басты өкілдері Н. Н. Пантусов, В. А. Каллаур, И. Т. Пославский т. б. болды.

Жалпы, XVI ғ.- 1917 жыл аралығында жүргізілген зерттеулерге тән басты ерекшелік, сол бұл кезеңде ортағасырлық қалалар мен елді мекендер туралы деректер жинау, олардың құрлымына көңіл аудару, шағын көлемде қазба жүргізу, заттарды жинау бағытында жүрді.


  1. Кеңес кезеңіндегі зерттеулер:

Зерттеулер бұл кезеңдегі зерттеулерді келесі кезеңге бөліп қарастырады:

1917-1935 жж.

1936-1945 жж.

1946-1959 жж.

1960 – жылдан бергі кезең

1917-1935 жылдар аралығында Қазақстан көлемінде зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

20-30 жылдардағы зерттеулер К. Ходжиков, Б. Н. Дублицкий, В. Д. Городецкий, М. Е. Масонның аттарымен байланысты. Бұл кезде ортағасырлық қалалар мен елді мекендере қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.

1936-1935 жылдар аралығындағы зерттеулердің ауқымды нәтижелеріне 1936 жылы өткен ГАИМК-сессиясы зор ықпал жасады. Сессияда Орталық Азия мен Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің бағыты анықталып, оған әдістемелік көмек беру сөз болды.

1936-1945 жылдар аралығындағы археологиялық зерттеулерді негізінде А. Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясы жүргізді. Зерттеу Шу, Талас, Іле өңірлерінде кең көлемде археологиялық барлау жұмыстарын жүргізулер мен бірқатар қалалар мен елді мекендерде археологиялық қазба жұмыстары қатар жүрді. Соның нәтижесінде Талас пен Шу өзендеріндегі археологиялық ескерткіштердің саны анықталып, Тараз қаласында кең көлемде қазба жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жиналған деректердің негізінде, «Талас өңірі (1909) және Шу өңірі (1950)» атты жинақтар, және бірқатар еңбектер жарыққа шықты.

1946-1959 жылдардағы кезеңнің басталуы Қазақ С Ғылым Академиясының ашылуымен, оның құрамында ашылған Ш. Ш. Уалихановатындағы Тарих, археология және этнология институтының құрамында құрылған Орталық Қазақстан, археологиялық экспедицияларын кең көлемде жүргізген зерттеулері барысында Оңтүстік Қазақстанның әртүрлі тарихи-географиялық аудандарынан, Орталық Қазақстаннан бұрын есепка алынбаған жүздеген ортағасырлық қалалар мен елді мекендер ашылып, ғылыми айналымға енді. Нәтижесінде 1960 жылы «Қазақстанның археологиялық Картасы» атты энциклопедиялық жинақ жарыққа шықты.

1961 жылдан бергі зерттеулердің ауқымы кең, олар Қазақстанның әртүрлі тарихи-географиялық аудандарында жүрді. Зерттеу жұмыстарын Тарих, археология және этнология институтының, әл-Фараби атындағы Қаз МУ, ҚазГУ, Шымкент пединститутының, Өскемен, Павлодар пед институтының археологтары жүргізе бастады.

Бұл кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы, Университет экспедициясы жүргізді. Зерттеу жұмыстарына алыс-жақын шетелдерге белгілі ортағасырлық зерттеуші мамандар Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, Т. Н. Сенигова, К. М. Байпаков, М. Елеуов, Х. В. Савельева, А. Н. Подушкин, Е. Смағұловтар қатысуда.

1991 ж. бастап Егемен Қазақстанның археологтары еліміздің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін зерттеуді онан әрі жалғастыруда. Кең көлемді қазба жұмыстары Отырар, Ақтөбе, Құлан, Қойлық, Ақыртас, Сауран қалаларында жүргізіліп, нәтижесінде көптеген монографиялық еңбектер баспадан шықты.

2004 жылдан бастап елімізде Республикалық стратиграфиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Отырар, Сауран, Қараспан төбе, Жалпақтөбе, Ақыртас қалаларында және бірқатар елді мекендер көлемді қазба жүмыстары жүріп жатыр.



Бақылау сұрақтары



  1. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысында, Қазақстанның Ресейге қосылар кезеңінде ұшы-қиырына көз жетпес қазақ далася.

  2. Араб географы Мұхаммед ибн Ахмед әл-Макдиси ежелгі Испиджаб қаласына көз-қарасы.

  3. Қазақстанның алғашқы қалаларын салған кім дер.

  4. Ура қаласы жайлы мәлімет.

  5. Чатал-Құйрық қаласын зерттеуі.


1-апта

1,0-балл

4 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанда орналасқан орта ғасырлық қалалардың орналасқан тарихи-географиялық хронологиялық уақыт жағынан зерттеу.



Жоспар

1.Оңтүстік Қазақстанда орналасқан орта ғасырлық қалалар.

2.Оңтүстік Қазақстан қаласында орналасан орта ғасырлық қала Отырар тарихы.

Консультация

1.Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы осы уақытқа дейін толық шешімін таппаған, әртүрлі пікір талас тудырып жатқан сұрақтардың бірі – ортағасырлық қалалар мн елді мекендердің баламалану мәселесі. Мәселен, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Мерке, Құлан, Талғар қалаларының баламалануы жөнінде айтарлықтай пікір талас тудырып отырған жоқ.

Оңтүстік Қазақстнда орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі Испиджаб қаласы, оның аты Қытай және араб деректерінде жиі айтылады. Ортағасырлық Испиджабты зерттеушілер Сайрам қаласымен баламалап жүр, бұл зерттеушілердің көбісі қолдап жүрген пікір, дегенмен, археолог Б. Байтанаев тарихи Испиджаб қаласының орны ретінде ортағасырлық Шымкент қаласын ұсынуда, бұл әлі толық дәлелденбеген болжам.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, аттары жазба деректерде сақталған Шараб, Барухет, Тамтадж, Абарджадж және Джувикант қалаларын К. М. Байпаков Төрткүлтөбе,жазба деректер бойынша Қаратаудың оңтүстік-шығыс беткейі арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бойында Шараб, Бадухкент, Тамтадж, Абарджадж, Джувикат қалалары орналасқан.

Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич Шарабты – Төрткүлтөбемен, Бадухкетті – Казатлық (Азаттық – М. Елеуов.) , Тамтаджды – Қырыққыз төрткүлмен, Абарджадж – Мыңбұлақпен баламаланған, бұл пікірді К. М. Байпаковта қолдады.

2. Оңтүстік Қазақстан орналасқан тарихи-мәдени жер Отырар ауданының тарихын зерттеу. Жазба деректердегі Фараб қаласын зерттеушілер Отырар қаласымен, Кедер қаласын –Құйрықтөбемен Оксус қаласын – Весиджбен баламалап жүр.

Сырдария жағасындағы Шауғар аймағының орталығы Шауғар қаласын Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич Шойтқбе қаласының баламалануымен ұсынған болатын, бұл пікірді археолог Е. Смагулов онан әрі дамытып жүр. Дегенмен соңғы жылдарда алынған жаңа деректерге сүйене отырып М. Қожа, М. Елеуов Шауғарды – Қарашық қаласымен баламалауды ұсынды, бұл пікірді де К. М. Байпаков қолдап отыр.

Қаратаудың күнгей беткейіндегі Шаға қаласын – Шагилжанмен, ал теріскей беткейіндегі Бабатаны – Баладжбен, Тамдыны – Берукетпен, Құмкентпен- Қойканмен, Саудакентті-Сулханмен баламаланып жүр.


Бақылау сұрақтары


  1. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінің табиғи-географиялық және тарихи-мәдени жағдайы.

  2. Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы.

  3. Отырар мен Түркістан оазисі жайлы мәлімет.

  4. Талас Алатауы мен Қаратаудың таулы жазығы, шаруашылығы.

  5. Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, қалаларының саяси экономикалық жағдайы.

  6. Талас өңірін қанша ықшам ауданға бөліп қарастыруға болады

  7. Оңтүстік Қазақстан үшін Сырдария өзенінің алатын орны қандай.


2-апта

5 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанда орналасқан орта ғасырлық қалалардың орналасқан тарихи-географиялық хронологиялық уақыт жағынан зерттеу.



Жоспар:

1. Түркістан, Саран, Сығанақ қалаларының гүлденгені мен құлдырау кезеңі.

2.Мерке, Құлан, Тауғар қалаларының

Даму тарихы.



Консультация

1.Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы осы уақытқа дейін толық шешімін таппаған, әртүрлі пікір талас тудырып жатқан сұрақтардың бірі – ортағасырлық қалалар мн елді мекендердің баламалану мәселесі. Мәселен, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Мерке, Құлан, Талғар қалаларының баламалануы жөнінде айтарлықтай пікір талас тудырып отырған жоқ.

Талас өңірінде орналасқан аты жазба деректерде 568 ж кездесетін Тараз қаласын зерттеушілер қазіргі Тараз, (Жамбыл, Әулиеата) баламалап жүр, ол орынды да балама. Таразға жақын орналасқан ортағасырлық қаланың бірі төменгі Барысхан болған, оның орны Талас өзенінің сол жағасында орналасқан Төрткүлтөбе мен дұрыс баламаланып жүр.

Шу, Талас өңірлері және Қаратаудың ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін аты жазба деректерде аталатын ескерткіштермен дұрыс баламалау Тамим ибн Бахр, Ибн Хордадбех, Ибн әл-Факих, Кудама ибн Джафар, әл-Идриси еңбектерінде көрсетілген қалалар мен елді мекендердің орналасу бағытын, олардың бір-бірінен арақашыктығын басшылыққа алу керек. Дегенмен, бұл авторлардың мәліметтеріне сын көзбен қарап, оларды саралап, салыстыра отырып ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің орналасқан жерін, олардың арақашыктарын анықтауда басты Темірқазық ретінде Испиджаб, Тараз, Құлан, Меркі сияқты нақты баламаланатын ескерткіштерге назар аударған жөн.

Оңтүстік Қазақстан жерінде орналасқан ежелгі қалалар Мерке, Құлан, Тауғар қалаларының тарихы мен және ол қалалардың орта ғасырлық кезеңде баламалануы.

Меркінің және Меркі мен Аспараның арасы 5 фарсахтан көрсетілген және Нузкет пен Жүлдіңаралығында Харанжуаң и фарсах) көрсетілмеген, соның нәтижесінде Нүзкет пен Жүл арасы 4 фарсах деп көрсетілген, ал Ибн Хордадбех пен Кудама ибн Джавар бойынша Нүзкеттен Жүлге дейінгі ара қашықтық 8 фарсах (48-56 км). Сонымен Әл-Идриси бойынша Құланнан Жүлге дейін 66 миль (22 фарсах не 132-154 км), бұл ибн Хордадбех пен Кудама ибн Джафардан 2 фарсахқа (12-14 км) кем.

Жүлден Кубалға (Суяб) дейінгі арақашықтық Ибн Хордадбех бойынша 18 фарсах (108-126 км), Кудама ибн Джафар бойынша 19 фарсах (114-133 км), ал әл Идриси бойынша 90 миль (30 фарсах не 180-210 км). Енді осы үш авторда көрсетілген арақашықтағы айырмашылықтардың қайдан шыққанына тоқталып көрелік. Ибн Хордадбехтің маршруты бойынша Жүлден Сарығқа 7 фарсах Сарығтан түрік қағаны мекеніне 4 фарсах, онан Навакетке 4 фарсах, ал Навакетитен Кубалға дейін 3 фарсах - барлығы 18 фарсах. Кудама ибн Джафар бойынша Жүлден Сарығқа 7 фарсах, Сарығтан түрік қағаны мекеніне 4 м, одан Кирмирауға 2 фарсах, Навакеттен Бунджикетке 2 фарсах, ал онан Суябқа 2 фарсах - барлығы 19 фарсах. Демек, Ибн Хордадбехта Навакеттен Кубалға дейін 3 фарсах та, ал Кудама ибн Джафарда бұл аралық 4 фарсахқа тең. Әл Идриси бойынша Жүлден Сарықа 7 фарсах, Сарығтан түрік қағаны мекеніне 7 фарсах, онан Навакетке 4 фарсах, ал Навакеттен Суябқа 12 фарсах - барлығы 30 фарсах. Сонымен әл Идрисидің маршруты бойынша Сарығтан түрік қағаны мекеніне дейінгі аралық Ибн Хордадбек пен Кудама ибн Джафардан 3 фарсах (18-21 км) артық, ал Навакет пен Кубал (Суб) аралығы болса Ибн Хордадбехтен 9 фарсах (54-63 км), Кудама ибн Джафардан 8 фарсах (48-56 км) көп болып шықты.

Қорыта келгенде, Тараздан Кубалға (Суябқа) дейінгі аралык Ибн Хордадбех бойынша 59 фарсах (354-413 км), Кудама ибн Джафар бойынша 56 фарсах (336-392 км), ал әл Идриси бойынша 240 миль (80 фарсах не 480-560 км). Тараздан Суябқа (қазіргі Ақбешім) дейінгі аралықтың қазіргі Тараз Токмақ-Ақбешім жолы бойынша ұзақтығы 330 км.

Енді жазба деректерді пайдалана отырып Талас өңірі мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің баламалануына тоқталайық.

Испиджабтан шығысқа қарай жүрген Түрік жолы Шараб, Бадукет, Тамтадж, Абарджадж қалалары мен елді мекендері аркылы өтіп Талас өңіріңдегі Жувикатқа келген. Зерттеушілер Шарабты Балықшы төрткүлімен. Бадухкетті Қазатлықпен, Тамтаджды Қырыққызбен (Кырк-Кыз), ал Абарджаджды Бурно октябрь ауылы жанындағы қаламен баламалап жүр.

Бақылау сұрақтары


  1. Қазақстанның орта ғасырлық Отырар қаласының тарихи-географиялық аймағы.

  2. Қызылқұм өңірінің климаттық жағдайы.

  3. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы ұқсас орта ғасырлық ескерткіштері.

  4. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу табиғи-географиялық және тарихи мәдени жағдайы.

  5. Оңтүстік Қазақстан үшін Сырдария өзенінің алатын орны.

  6. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аудандары жайлы мәлімет.

  7. Талас Алатауы мен Қаратаудың тауды жазығының географиялық жағдайы.

  8. Құлан сарайлары жайлы мәлімет.

  9. Құлан сарайларының архитектура және құрылыс жүргізу тіәсілі.

  10. Құлан сарайлары туралы зерттеушілердің ой-пікірлері.



2-апта

1,0-балл

6 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының қалыптасуы мен даму тарихы.



Жоспар:

1.ҮІ-ХІ ғасырлар аралығындағы қалалар тарихы.

2.Орта ғасырлық кезеңдегі Түркі қалалары ғылым мен мәдениет орталығы.

Консультация

1. Түрік кағанының мекені - Шөміш. Түрік кағанының мекені Сарығтан 4 фарсахта орналасқан. К.М.Байпаков Шөміш қаласымен баламалайды. Сарығтан (Новопокровкадан) шыккан Түрік жолы шығысқа қарай жалғаса береді - бұл негізгі жол, ал осы қаладан солтүстікке қарай жүретін екінші жол Шу өзеніндег өміш өткеліне апарады. Сарығ пен Шөміш өткелінің арасы 16 кМ өткел Шөміш тауының батыс жағында. Шөміш тауын жергілікті қазак, қырғыздар "Әулие тау" деп атайды. Шөміш қаласы Шу өзеннін сол жағасында орналасқан, тарихи-топографиялық құрылымы күрделі, бекініс жүйесі жақсы ойластырылған ескерткіш, бұл қала туралы П.Н.Кожемяко бьшай дейді: "Чрезвычайно мощные оборонительные сооржения внешней стены Чумышских развалин ставят их в ососбое положение среди городищ с длинными стенами... Чумышксие 2 развалины своей монументальностью напрашиваются на отождествление их с важным военно-административным центром". Біз бұл қаланың Әулие таудың етегінде, өткелдің басында орналасқанын және мыкты бекініс - қамал қала екенін басшылыққа ала отырып, оны Түрік қағанының мекені (астанасы - М.Е.) детен пікірге қосыламыз.

Навакет - Кызыл өзен. Навакет қытай деректерінде ҮІІ ғ. белгілі, ал ҮШ ғ. оның аты Муғ тауынан табылған қүжаттардың бірінде аталады, сондай-ақ түрік қағанының ордасы ретінде белгілі. Навакет түрік қағаны мекенінен 4 фарсахта орналаскан Үлкен қала, онан Барсханға жол шығады. Навакетті А.Н.Бернштам Орловкамен, ал К.М.Байпақов әуелі Қысымшымен, кейіннен Қызыл өзен қалсымен баламалаған. Ғалымнын. алғашқы пікірін өзгертуіне ортағасырлық қаланың көлемі және осы қалада кең көлемде жүргізілген тұрақты қазба жүмыстары кезінде ашылған сәулет өнері қүрылыстары, будда храмы, соғды жазуы мен несториан қайрақтарының табылуы себеп болған. Қызыл өзен өзінің көлемі, тарихи-топографиялық құрылым жағынан Шу өңіріндегі аса үлкен, әрі күрделі қала, ол қазба деректердегі Навакет.

2. Орта ғасырлық кезеңдегі Түркі қалалары ғылым мен мәдениет орталықтарының тарихымен танысу.

Суяб және Баласағұн. Батыс Түрік, Түргеш, қарлұқ Ү-ХШ ғ. аралығында болған деген пікірде. М.Е.Массон мен В.Д.Горячева Ақбешім каласындағы тіршіліктің моңғол шапкыншылығынан да кейін жалғаса бергені туралы былай дейдг "Встречающиеся на поверхности, правда, немногочисленные археологические находки ХІҮ в. преимущественно в виде фрагментов керамической утвари являются показателями, что жизнь на Акбешиме продалжалась в какой-то мере и после мон гольского завоевания".



1983-1984 жж. Ақбешім қаласының тарихи-топографиялық қүрылымын анықтау мақсатымен оның әртүрлі бөліктерінде зерттеулер жүргізген кезде жер бетінде жатқан Х-ХІІ ғғ., тіпті ХШ-ХІҮ ғғ. ыдыс сыныктарын көрдік. Соған қарағанда бұл қаладағы тіршілік X не XII ғ тоқтады деуге болмайды. Шамасы, XIII ғ. басындағы тарихи окиғалардың барысында Акбешім қаласы катты қиратылған болса керек, ал ХИІ-ХІҮ ғғ. кезінде оның кейбір бөліктері ғана өмір сүрген.

Сонымен, он ғасырдай өмір сүрген Ақбешім тарихи Суяб қаласы. Суябтың аты бірнеше рет өзгерген. ҮІІІ-ІХ ғғ. кезінде ол астаналық қала ретінде Ордакентті (Ордукент) деп аталған болса керек. Ордакент атты қала ҮІІІ-ІХ ғғ. Манихей жазуында (Ходжодан табылған) кездеседі. IX ғ ортасында Суяб Кубал деген атпен белгілі, ал X ғ. орта кезінде (940 ж.) Кубал және Сагур Кубал қалалары қосылып Суяб деп аталған. Бұл жерде Кубалдың Суяб екеніне шек келтіруге болмайды, ал оның екінші бөлігі Сагур Кубалдың аты жазба деректерде аталмайды, соған қарағанда ол X ғ. салынған қала. Біз X ғ. Ақбешімнің жанында (6 км) салынған қала Бурана екенін ескере отырып оны осы Сагур Кубалмен баламалаймыз. Демек, Кубал (Суяб) - Ақбешім, ал Сагур Кубал-Бурана қаласы. У.Х.Шалекенов Сагур Кубалды Ақбешіммен, ал Кубалды Бурана каласымен баламалайды X ғ. екінші жартысынан бастап Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың қатарында Баласағұн қаласы аталады.

Баласағұн туралы хабарды Селжүқтық уәзір Низам ал-Мулктен кездестіреміз, оның айтуына қарағанда 940 ж. шамасында Баласағүн қаласын тұріктер басып алған. Тарихи қаланың орналасқан жерін анықтауға әл Мукаддасидің 985 ж.жазған шығармасындағы Испиджаб аймағына қарайтын қалалар мен елді мекендердің тізімдері (екі тізім) құнды дерек болып табылады.
Бақылау сұрақтары

1.Шабғар қаласының тарихи-географилық аимағы

2 Қаланың Шабғар аталу себебі

3.Шабғар қаласының саяси-эканомикалық жағдайы

4. Х ғасыр авторы Әл-Макдиси Шабғар қаласы жайлы не айтады

5.Шабғар қаласының этималогиясы

6.В.В. Бартольд Шабғар қаласы жайлы көзқарасы



Тесттік сауалнама

  1. Сығанақ қаласы жазба деректерде қай кезеңнен бастау алады.

А. ХҮ-ХҮІғ.

В. ХІІ-ХІҮғ.

С. Х-ХІғ.

Д. ХІІ-ХІІІғ.

2. М. Қашқари Сығанақ қаласын қайсы тайпаның қалаларының қатарында айтқан.

А. Қарлұқ

В. Сақ

С. Ноғай


Д. Оғыз

3. ХҮғ. Ақ орданың астанасы болған қала

А. Сығанақ

В. Сарайшық

С. Суяб

Д. Сайран



4. Сығанақ Ақ орданың астанасы кезінде қала көлемінде қандай қоғамдық орындар салынған

А. Сауда керуен жолдары

В. Сауда орындары

С. Мешіт, монша

Д. Қорғандар

5. Тарихи деректерге қарағанда Сығанақ қаласының базарында күніне неше түйеге тиілген зат сатылған

А. 200

В. 400


С. 300

Д. 500


6. Орта ғасырлық Сығанақ қаласына Қызылорда қаласында Қорқыт ата пединиститутын экспедициясы қай уақытта қазба жұмыстары жүргізген

А. ХХғ. 80 ж.

В. ХІХғ. 50ж.

С. ХҮІІІғ. 80ж.

Д, ХХғ. 50ж.

7. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ түрік университетінің Сығанақ археологиялық экспедициясы нешінші жылдары өз жұмысын бастады.

А. 2001ж.

В. 2004ж.

С.2003ж.

Д.2005ж.


2-апта.

7 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының қалыптасуы мен даму тарихы.



Жоспар:

1.Шауғар, Иассы, Баба ата қалалары.

2.Орта ғасырлық қалалардың мәдениеті мен халқының орналасу жағдайы.

Консультация

1.Оңтүстік Қазақстнда орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі Испиджаб қаласы, оның аты Қытай және араб деректерінде жиі айтылады. Ортағасырлық Испиджабты зерттеушілер Сайрам қаласымен баламалап жүр, бұл зерттеушілердің көбісі қолдап жүрген пікір, дегенмен, археолог Б. Байтанаев тарихи Испиджаб қаласының орны ретінде ортағасырлық Шымкент қаласын ұсынуда, бұл әлі толық дәлелденбеген болжам.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, аттары жазба деректерде сақталған Шараб, Барухет, Тамтадж, Абарджадж және Джувикант қалаларын К. М. Байпаков Төрткүлтөбе,жазба деректер бойынша Қаратаудың оңтүстік-шығыс беткейі арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бойында Шараб, Бадухкент, Тамтадж, Абарджадж, Джувикат қалалары орналасқан.

Жазба деректердегі Фараб қаласын зерттеушілер Отырар қаласымен, Кедер қаласын –Құйрықтөбемен Оксус қаласын – Весиджбен баламалап жүр.

Сырдария жағасындағы Шауғар аймағының орталығы Шауғар қаласын Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич Шойтқбе қаласының баламалануымен ұсынған болатын, бұл пікірді археолог Е. Смагулов онан әрі дамытып жүр. Дегенмен соңғы жылдарда алынған жаңа деректерге сүйене отырып М. Қожа, М. Елеуов Шауғарды – Қарашық қаласымен баламалауды ұсынды, бұл пікірді де К. М. Байпаков қолдап отыр.

Қаратаудың күнгей беткейіндегі Шаға қаласын – Шагилжанмен, ал теріскей беткейіндегі Бабатаны – Баладжбен, Тамдыны – Берукетпен, Құмкентпен- Қойканмен, Саудакентті-Сулханмен баламаланып жүр.



Баладж-Бабата. Баладж қаласы деректе былайша суреттеледі: "Баладж - кішкене қала, оның қамалы бұзылған, мешіті базарда орналасқан". Бабата қаласы Қаратаудың солтүстік беткейінде, Бабата өзенінің сол жағасында орналасқан, қала ҮІ-ХҮ ғғ. кезінде өмір сүрген. Біз Бабата қаласының төңірегінде Бабата (өзен), Болатау (Бала Түрлан) сияқты жер-су аттарының сақталғанын ескере отырып бұл қаланы Баладжбен баламалаған К.М.Байпақовтың пікіріне қосыламыз. Демек, әл Мукаддаси тізімдеріндегі Шағылжан және Баладж қалалары Қаратаудағы Тұрлан асуының екі бетінде тұрған қалалар.

2. Орта ғасырлық қалалардың мәдениеті мен халқының орналасу жағдайы мен олардың тарихын зерттеп зерделеу.

Барукет - Тамды. Әл Мукаддаси бұл қала туралы былай деп жазған: "Барукет" үлкен қала. Барукет пен Баладж түркмендерге қарсы шекаралық бекіністер. К.М.Байпақов Барукетті Тамды өзені жағасындағы Тамды қаласымен баламалайды, бұл қала ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген.

Бурух және Яганкет. Жазба деректе бүл қалалар былайша суреттелген: "Бурух - ескі, үлкен [қала], мешіт базарда. Яганкет – үлкен, мсүкімді қала. Ол Харахфардың қаласы, онда оның рабаты, және моласы бар". Тараз қаласынан солтүстік-батыста 30 км жерде, Аса өзенінің жағасында бір-бірімен қатар орналасқан екі қала бар, олар ұзын қорғанды Қаракемер және Бектөбе қалалары (К.М.Байпақов бойынша Қаракенир 1 және Каракенир 2 қалалары) орналасқан. Осы екі қаланы А.Н.Бернштам мен К.М.Байпақов Кевакеттегі екі елді мекендер Дех Нуджикес пен Адахкет қалаларымен баламалайды. Біз бұл ұзын қорғанды екі каланың Үлкен Бурыл (Бурул) тауына жақын орналасқанын (10 км жерде) және Бурыл (Бурул) тауы мен Бурух қаласының атындағы үқсастықты ескере отырып Қаракемерді Бурухпен және Бектөбені Яганкет қаласымен баламалаймыз. Бұл екі кала Тараздан шығып солтүстік-батысқа қарай жүрген керуен жолының бойында түрған ірі қалалар болған.

Махмүт Қашқари Тараз қаласы аймағындағы Қарлығ, Кенжек Сеңір (Кенжак Сангир), Иағма (Ягма) калалары мен елді мекендерін атап, оларға қысқаша түсініктеме берген.

Құмкент - 1253 ж. Қаратаудың солтүстік беткейі мен Талас өңірінің төменгі ағысы арқылы өткен В.Рубрук (Кинкет) Кинчат) қаласы туралы былай деп жазған: "... Жетінші күні біздің оң жағымыздан өте биік таулар көріне бастады да бау-бақша сияқты суғарылған жазыққа шықтық, өңделгең жерді көрдік... Біз Кинкет атты сарацин қаласына жеттік... Келесі күщ тауға жақын орналасқан басқа бір елді мекенге келдік..." В.Рубрук атаған Кинкет қаласы мен аты белгісіз елді мекен жөнінде зерттеушілер әртүрлі болжам жасап жүр, мәселен Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич Кинкетті, Кенжек Сеңірмен, ал оны Шаруашылық не Тектұрмас қалаларының бірімен баламалауды үсынады, К.М.Байпаков болса Кинкет-Кенжек Сеңір-Шаруашалақ деп баламалайды, А.Х.Марғүлан Кинкетті Қүмкент қаласымен баламалады. Біз А.Х.Марғүланның Кинкетті Қүмкентпен баламалаған пікіріне қосыла отырып, Кинкеттің жанындағы Рубрук ертесіне жеткен, тауға жақындау тұрған, аты белгісіз елді мекен Саудакент қаласы болса керек деп есептейміз. Саудакент қаласы Құмкенттен (Кинкеттен) шығыста 25 км (бір күндік) жерде орналасқан.

1255 ж. Талас өңірі арқылы жүрген Гетум Кутукчин (Хутухчин), Беркент (Перканд), Сукулкент (Сулхан-Сугулхан), Урусокан, Қойқанд (Кайкан), Кузак (Хузак не Комец), Кендакур (Хендакур), және Сегнак (Сугнах) қалаларын атап өткен. Біз осы аттары аталған қалалардың: Кутукчиннің Майтөбе мен Беркенттің (Перканд) Тамдымен, Сукулкенттің (Сулхан-Сугулган) Саудакентпен, Қойқандтың (Кайкан) Құмкентпен, Урусоканнын. Шолаккорғанмен, Кузактың (Хузак не Комец) Созақпен және Кендакурдың (Хендахор) Ақсүмбе қалаларымен баламалануы дұрыс, орынды жасалған балама деп есептейміз.

Жазба деректерде Талас өңіріндегі Жаңа (Янги) атты төрт қала аталады: "Жаңа - бұл төрт қала. Олардың арасы бір фарсах, әр қаланың өз аты бар. Бірі - Жаңа, басқасы - Жана балық, үшіншісі - Кенжек, соңғысы - Тараз". Зерттеушілер соңғы қаланы (Таласты) Таразбен, Кенжекті Шаруашылықпен, Жаңаны (Жаңа Таласты) Талас қаласы жанындағы Ақтөбемен, ал Жаңа балыкты Садырқорған қалаларымен баламалап жүр. Біз шаруашылықтан Таразға дейін 90 км, Тараздан Садырқорғанға 38-40 км, ал Садырқорғаннан Талас қаласы жанындағы ортағасырлық Ақтөбеген дейін 50 км екенін ескере отырып, Жаңа Талас және Жаңабалық қалаларының Талас өңірінің жоғарғы ағысындағы Садырқорған және Таластық Актөбе қалаларымен баламаланғанына шек келтіреміз. Шамасы, Жаңа Балық пен Жаңа Талас қалаларын Талас өзенінің орта ағысында ортағасырлық қалалардың қатарынан іздеген дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет