Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет10/13
Дата12.04.2017
өлшемі2,67 Mb.
#13703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Глоссарий

1. Қоныстар.

2. Тұрақ.

3. Қалалар.

4. Мәдени қабат.

5. Таза шөгінді.

6. Обалар.

7. Археологиялық ескерткіш

8. Рабат

9. Археология

10. Археологиялық кезең

11. Археологиялық бос кеңістік

12. Археометрия

13 Археологмялық кешен

14. Археологиялық мәдениет

5-апта

1,0-балл

18 Сабақтың тақырыбы: Талас және Шу өзені бойындағы қалалар.



Жоспар:

1.Тараз саудагерлер қаласы.

2.Самарқанд, Бұхара, Құлан қалаларының дамуы.

Консультация

1.Солтүстік шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің қалалары туралы алғашқы деректерді Ш. Уалихановтан кездестіреміз. Әр жылдарда Іле өңірін Н. Н. Пантусов, Г. В. Фишер, В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Т. В. Савелева және К. М. Байпаков зерттеген. Іле өңірінің ортағасырлық қалалары Талғар қаласының төңірегінде Іле Алатауы мен Тянь-Шань сілемдерінің солтүстік беткейінде, Іле өзенінің төменгі ағысында Жоңғар тауалды жазығында шоғырланған.

Талғар қаласы Алматы қаласынан 25 км оңтүстік шығыста, Талғар өзенінің оң жағасында орналасқан. Көлемі 300x298x280x302 метр, аумағы 9 – га. Талғар қаласының аймағында Талғар 1, 2, 3, Қайназар, Қызылқайнар, Алатау, Раздолье, Жаңа Алексевка елді мекендері мен қалалары орналасқан.

Іле Алатауы мен Тянь-Шянның солтүстік беткейінде Ақсеңгір, Қастек, Қаскелең, Алматы 1, Алматы 2, Есентай, Түркісіб, Ақсай, Тереңқора, Жақсылық, Молдахмет, Шелек, Киікбай, Саржаз, Кеген, Сүмбе, Басшы, Қарашоқы, Шеңгелді және т. б. Қалалар бар.

Ортағасырлық Сүмбе қаласы Сүмбе ауылының солтүстік шетінде Кетпен жотасының етегінде орналасқан, көлемі 230x140м, биіктігі 5-6 м. Оны қоршаған ордыі ені 10 м, тереңдігі 2- 2,5м. Қалада жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде оның 8-12 ғасырлар кезінде өмір сүргендігі анықталды.

Іле өзенінің төменгі ағысында Көктал 1, 2, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген, Барысхан қалалары бар.

Жоңғар тауалды жазығында Биже 1, 2, Дүнған, Тамды, Теңлік, Айнабұлақ, Қапал, Арасан, Мешіт, Қызылтаң, Еңбек 1, 2, Жаңалық, Қызылқайың, Қарауылтөбе, Көкирім, Шержетем, Бақалы, Ақмола, Антоновка қалалары бар.

Кең көлемді қазба жүмыстары Антоновка қаласында жүргізілді. Соның нәтижесінде қаланың тарихи-топографиялық құрлымы түсіріліп, будда храмы, «бай адамның үйі», монша жіне басқа құрылыс қалдықтары ашылды. Қазба кезінде табылған заттай деректер бойынша Антоновка қаласының 8-13 ғасырдың басында өмір сүргендігі анықталды.

Осы өңірде төрткүл тәрізді елді мекендер мен қалалар кең таралған. Олардың қатарына Қызылқорған, Ағарту, Лепсі, Теректі, Қарғалы қалалары бар. Жалпы, Іле өңірінде төрткүл тәрізді қалалар мен елді мекендер кең таралған.

2.Ортағасырлық Самарқанд, Бұхара, Құлан қалаларының дамуы тарихы мен сондай-ақ Орта Азия территориясында орналасқан қалалар мен толық танысу.

Еліміздің оңтүстік Астанасы Алматы қаласының негізі 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында салынған «Верный» атты орыс бекінісімен байланысты. Сол себепті 2004 жылы қала халықы Алматының 150 жылдық мерекесін атап өтті. Шын мәнінде Алматыға 150 жыл ма?

Қаланың шын жасын анықтау тарихи жазба деректерге көңіл аударсақ Рашид - ад Дин (1274-1318) өзінің «Джами ат таварих» атты еңбегінде Х – ХІІ ғасырлар кезіндегі оқиғаларды суреттей келіп, Оғыз хан өзінің бір сапарында Алмалық облысындағы Алатагқа (шамасы, бұл жерде Алатау – М.Е.) Қазіргі Алмыты қаласының олрнынан ХІІІ ғасырдың үшінші ширегімен – ХІҮ ғасырдың басында соғылған теңгелер шекарашылап учелищесінң жанынан 1979 жылы табылды. Осы теңгелерді зерттеген шығыстанушы – нумизмат Н.В.Настич қазіргі қаланың орнында ХІІІ ғасырда теңге соғатын сарай болуы мүмкін деген болжам жасады. 1990 жылы бетінде таңбасы бар тағы екі теңге табылды. Осы теңгілердің бірінің бетіндегі жазуды Н.В.Настич «Алмату» - қазақша «Алматы» деп деп аударды.

Жалпы қзіргі Алматы қаласы тұрған жерде қола ғасырның, сақ, үйсін кезеңдерінің обалары мен оба қорымдары, елді мекендері белгілі, және олардың бірқатарында археологиялық қазба жұмыстары да жүргізілген.

Ортағасырлық Алмату - Алматы қаласы ортағасырлар кезінде Ұлы Жібек жолының Іле өңірі арқылы өткен Солтүстік тармағының бойында орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі болған. Осы қаланың әртүрлі бөліктерінен табылған археологиялық заттарға (ыдыс сынықтары, металдан жасалған затттар, және т.б.) заттарға қарағанда қаладағы тіршілік ҮІІІ ғасырдың соңы – Х ғасыр кезінде-ақ қалыптасып дамыған. Бұл қаланың тез өсіп гүлденуіне Ұлы Жібек жолы мен Іле өңірі арқылы өткен ортағасырлық керуен жолдарының ықпалы зор болған. Х-ХІІІ ғасырлар кезінде қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерде бірнеше ортағасырлық қалалар мен елді мекендер болғаны белгілі. Солардың бірі Алматы 1 қалашығы – ол қазіргі қаланың «Таулы қырат» бөлігінің оңтүстік жағында орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген төбенің көлемі 140х150 м, бұрыштары дүниенің төрт жағына қарай бағытталған, оған солтүстік-батыс жағынан жалғасып жатқан төбенің көлемі 85х40м, оны сыртай жал қоршап жатыр. Қалшықты сырттай қоршаған қамалдың қалыңдығы 2-2,5 м, мұнараларының биіктігі 3 м, қақпа оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан. Қалшық таудан ағатын өзектердің ортасында тұр. Алматы 1 қалашығында жүргізілген шағын көлемді қазба жұмыстарының барысында оның мәдени қабатының қалыңдығы 1,8-2,2 м екендігі белгілі болды. Қалашық ІХ – ХІІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Бақылау сұрақтары


  1. Тараз қаласының тарихи - географиялық аймағы

  2. Тараз қаласынан Ұлы жібек жолының өтуі

  3. Х-ХІғ Орта Азияны Қарахандықтар әулетінің жаулап алуы

  4. Тараз қаласындағы кесенелер

  5. Армян жазбаларындағы Тараз қаласының аталуы

  6. Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары

Тесттік сауалнама

  1. Тараз саудагерлер қаласы жайлы жазылған ең алғашқы мәлімет қай ғасырда Византиялық жазбаларда кездеседі?

А. ХІғ

Б. Үғ


С. ІҮғ

Д. Хіғ


2. «Тараз-мұсылмандардың түркілер мен сауда жасайтын қала» деп айтқан.

А. Әл-Макдиси

Б. Ибн Хаукал

С. В.В. Бартольд

Д. М.Е. Массон

3. Х-ХІ ғ аяғында Орта Азияны Тараз қаласын астанасы еткен әулет

А. Найман

Б. Қыпшақ

С. Қарахан

Д. Керей


4. Тараз қаласының шығысында 15шақырым жерде қандай кесене салынған.

А. Жошы хан

Б. Айша-бибі, Бабажа-Қатын

С. Қарахан

Д. Ахмет Яссауи

5. Тараз-қаласының гүлдеген кезі.

А. Х-ХҮІғ

Б. Х-ХІІғ

С. Х-ХІІІғ

Д. ХІІІ-ХҮІғ

6. Тараз қаласының құлдырау кезеңі.

А. ХҮғ


Б. ҮІІғ

С. ХІІғ


Д. ҮІІІғ

7. Тараз қаласы екі мың жылдық тойын нешінші жылы тойлады.

А. 2005ж

Б. 2007ж


С. 2002ж

Д. 2001ж


5-апта

19 Сабақтың тақырыбы: Талас және Шу өзені бойындағы қалалар.



Жоспар:

1.Құлан сарайлары.

2.Ақыртас құпиясы.

Консультация

1.Зерттеушілер «Азияға кіретін қақпа» деп атап жүрген ортағасырлық Сарайшық қаласы Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл қала туралы Ибн Баттута: «Сарайдан шығып бірнеше күннен соң біз Сарайшық қаласына келдік, мұндағы «шық»- кішкене деген сөз, яғни Сарайшық Кішкене сарай деген мағына білдірген»,-дейді. Еуропадан Азияға кірер жерде орналасқан бұл қала, шын мәнінде қақпа қызметін атқарған. Кезінде осы қала арқылы еуропалық саяхатшылар, елшіліуктер Қазақстанды басып өттіп Манғолияға сапар шеккен және қайтар жолда жалпақ арқылы еуропаға өткен.

Қзіргі кезде жайық өзені шайып бұзылып жатқан Сарайшық қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары 1988 жылдан бастап осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Қазба жұмыстарын белгілі археолог З.Самашев бастаған экспедиция жүргізуде. Қаланың әртүрлі бөліктерінде кең көлемде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ондаған бөлмелер, шаруашылық құрылыстары ашылып жатыр.

2. Орта ғасырлық археологиялық зерттеулердің барысында табылған ескерткіштер Аққыртас құпиясының сырын ашу оған зерттеушілердің көзқарасымен пікірімен толық танысу. Сарайшық қаласында ХІҮ ғ аяғы мен ХҮ ғ басынад теңге шығарылған, қазба кезінде табылған бір кезеңде «Сарайшық қаласында құйылған» деген жазу бар.

Ортағасырлық Сарайшық қаласының даму кезеңі алтын Орданың гүлденген кезеңіне, Қазақ хандығының тарих саханасына кезінде болды. Бұл қала бірнеше ғасырлар бойы Батыс Қазақстандағы мәдени, саяси, сауда орталығы болған қала. Сарайшық қаласына Алтын орданың хандары мен қазақ хандары жерленген. Қазба жұмыстары барысында күйдірілген кесектен салынған кесенелер, құрылыс орыендары ашылып, әртүрлі үлгіде жасалған бояулы, бояусыз ыдыстар табылып жатыр. Сарайшық ХІІІ – ХҮІ ғғ кезінде өмір сүрген қала.
Бақылау сұрақтары.


  1. Құлан сарайлары жайлы зерттеушілердің баламасы.

  2. Құлан сарайларының тарихи-географиялық аймақтары

  3. Ақыртас құпиясы

  4. Құлан сарайларын, Ақыртас құпиясын зерттеген ғалымдар.

  5. Қазба жұмыстары кезіндегі Ақыртастан табылған мешіттер

  6. Ақыртас жобалары.


5-апта

1,0-балл

20 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық мәдениет.



Жоспар:

1.Түркістан Қ.А.Иассауи кесенесі.

2.Тараз Айша-Бибі кесенесі.

Тесттік сауалнама

1.Түркістан қаласының ежелгі атауы.

А. Яссы

Б. Фараб


С. Отырар

Д. Фаверег

2. Түркістан қаласын нешінші ғасырларға жатқызуға болады.

А. Б.з.б. Іғ мен ХІХғ

Б. Б.з.б. ІІғ мен ХҮІІІғ

С. Б.з.б. ҮІІғ мен ХҮІғ

Д. Б.з.б. ІҮғ мен ХІХғ

3. Түркістан қаласының жалпы ауданы.

А. 23,5 гектар

Б. 24,5 гектар

С. 60 гектар

Д. 53,5 гектар

4.Яссы қаласының атағын ХІғ кім әлемге таратты

А. Қожа Ахмет Яссауи

Б. Арыстан баб

С. Әл-Фараби

Д. Ибн-Сина

5. « Түркістан аймағын билеушілердің астанасы» деп атаған.

А. Рузбихан

Б. Махмуд Қашқари

С. Қожа Ахмет Яссауи

Д. Барлығы

6.Яссы қаласы қай ғасырда Қазақтардың қол астына қарады

А. ХҮІғ

Б.ХІІІғ

С. ХҮІІІғ



Д.ХІХғ

7. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім салдырған.

А. Әмір Темір

Б. Қасымхан

С. Тоғылық Темір

Д Ешқайсысы


6-апта_№21_Сабақтың_тақырыбы_:_Қазақстанның_оңтүстігіндегі_қалалық_мәдениет_.__Жоспар'>6-апта

21 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалық мәдениет.



Жоспар:

1.Жеті қабырғаның ар жағындағы қала.

2.Арал түбіндегі қалалар.

Тесттік сауалнама

1.Арал түбінен тас пен күйдірілген кірпіштен салынған кесене қай жылы табылды.

А 2001ж

Б. 2003ж


С. 2005ж

2.Арал түбіндегі кесенені археологтер қай ғасырға жатқызады.

А. ХІҮғ

Б. ХІІІғ


С. ХҮғ

Д. ХҮІІғ


3. Қара терең елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан Арал-Асар деп аталатын қалашықтың жалпы көлемі.

А. 65,2 ш

Б. 55,5 ш

С. 68,5 ш

Д. 53,5 ш

4.Қай жылдары табылған зираттардың орны мен орта ғасырлық қалалық археологтардың назарын өзіне аударды.

А. 2001ж

Б. 2003ж


С. 2004ж

Д. 2002ж


5. Қаратереңнің өзі болса қай жерден 370 шақырым жерде солтүстік батысқа қарай орналасқан.

А Аралдан

Б. Сығанақтан

С. Арал-Асардан

Д. Қызылордадан

6. Қаратерең қалашығының жалпы ауданы қанша шамасында.

А. 6-га

Б. 5-ке


С. 7-ге

Д. 4-ке


7. Арал қаласында қазба жұмыстары кезінде ұн сақтауға арналған орын-хумданның жанынан дирменнің қанша тасы табылды.

А. 15 тас

Б. 14 тас

6-апта

1,0-балл

22 Сабақтың тақырыбы: Іле өзені аңғарындағы қалалар тарихы.



Жоспар:

1.Орта ғасырлық Аққорған, Алматы қалалары.

2.Мерке,Құлан,Үзкент,Баршынкет қалалары.

Консультация

1.Солтүстік шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің қалалары туралы алғашқы деректерді Ш. Уалихановтан кездестіреміз. Әр жылдарда Іле өңірін Н. Н. Пантусов, Г. В. Фишер, В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Т. В. Савелева және К. М. Байпаков зерттеген. Іле өңірінің ортағасырлық қалалары Талғар қаласының төңірегінде Іле Алатауы мен Тянь-Шань сілемдерінің солтүстік беткейінде, Іле өзенінің төменгі ағысында Жоңғар тауалды жазығында шоғырланған.

Талғар қаласы Алматы қаласынан 25 км оңтүстік шығыста, Талғар өзенінің оң жағасында орналасқан. Көлемі 300x298x280x302 метр, аумағы 9 – га. Талғар қаласының аймағында Талғар 1, 2, 3, Қайназар, Қызылқайнар, Алатау, Раздолье, Жаңа Алексевка елді мекендері мен қалалары орналасқан.

Іле Алатауы мен Тянь-Шянның солтүстік беткейінде Ақсеңгір, Қастек, Қаскелең, Алматы 1, Алматы 2, Есентай, Түркісіб, Ақсай, Тереңқора, Жақсылық, Молдахмет, Шелек, Киікбай, Саржаз, Кеген, Сүмбе, Басшы, Қарашоқы, Шеңгелді және т. б. Қалалар бар.

Ортағасырлық Сүмбе қаласы Сүмбе ауылының солтүстік шетінде Кетпен жотасының етегінде орналасқан, көлемі 230x140м, биіктігі 5-6 м. Оны қоршаған ордыі ені 10 м, тереңдігі 2- 2,5м. Қалада жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде оның 8-12 ғасырлар кезінде өмір сүргендігі анықталды.

Іле өзенінің төменгі ағысында Көктал 1, 2, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген, Барысхан қалалары бар.

Жоңғар тауалды жазығында Биже 1, 2, Дүнған, Тамды, Теңлік, Айнабұлақ, Қапал, Арасан, Мешіт, Қызылтаң, Еңбек 1, 2, Жаңалық, Қызылқайың, Қарауылтөбе, Көкирім, Шержетем, Бақалы, Ақмола, Антоновка қалалары бар.

Кең көлемді қазба жүмыстары Антоновка қаласында жүргізілді. Соның нәтижесінде қаланың тарихи-топографиялық құрлымы түсіріліп, будда храмы, «бай адамның үйі», монша жіне басқа құрылыс қалдықтары ашылды. Қазба кезінде табылған заттай деректер бойынша Антоновка қаласының 8-13 ғасырдың басында өмір сүргендігі анықталды.

Осы өңірде төрткүл тәрізді елді мекендер мен қалалар кең таралған. Олардың қатарына Қызылқорған, Ағарту, Лепсі, Теректі, Қарғалы қалалары бар.

Жалпы, Іле өңірінде төрткүл тәрізді қалалар мен елді мекендер кең таралған.

Еліміздің оңтүстік Астанасы Алматы қаласының негізі 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында салынған «Верный» атты орыс бекінісімен байланысты. Сол себепті 2004 жылы қала халықы Алматының 150 жылдық мерекесін атап өтті. Шын мәнінде Алматыға 150 жыл ма?

Қаланың шын жасын анықтау тарихи жазба деректерге көңіл аударсақ Рашид - ад Дин (1274-1318) өзінің «Джами ат таварих» атты еңбегінде Х – ХІІ ғасырлар кезіндегі оқиғаларды суреттей келіп, Оғыз хан өзінің бір сапарында Алмалық облысындағы Алатагқа (шамасы, бұл жерде Алатау – М.Е.) Қазіргі Алмыты қаласының олрнынан ХІІІ ғасырдың үшінші ширегімен – ХІҮ ғасырдың басында соғылған теңгелер шекарашылап учелищесінң жанынан 1979 жылы табылды. Осы теңгелерді зерттеген шығыстанушы – нумизмат Н.В.Настич қазіргі қаланың орнында ХІІІ ғасырда теңге соғатын сарай болуы мүмкін деген болжам жасады. 1990 жылы бетінде таңбасы бар тағы екі теңге табылды. Осы теңгілердің бірінің бетіндегі жазуды Н.В.Настич «Алмату» - қазақша «Алматы» деп деп аударды.



2. Шу және Іле өзендерінің бойында орналасқан қалаларының орналасуы Құлан,Үзкент,Баршынкет және тағыда басқа қалалардың гүлденуі кезеңіндегі қалалар тарихы.

Жалпы қазіргі Алматы қаласы тұрған жерде қола ғасырның, сақ, үйсін кезеңдерінің обалары мен оба қорымдары, елді мекендері белгілі, және олардың бірқатарында археологиялық қазба жұмыстары да жүргізілген.

Ортағасырлық Алмату - Алматы қаласы ортағасырлар кезінде Ұлы Жібек жолының Іле өңірі арқылы өткен Солтүстік тармағының бойында орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі болған. Осы қаланың әртүрлі бөліктерінен табылған археологиялық заттарға (ыдыс сынықтары, металдан жасалған затттар, және т.б.) заттарға қарағанда қаладағы тіршілік ҮІІІ ғасырдың соңы – Х ғасыр кезінде-ақ қалыптасып дамыған. Бұл қаланың тез өсіп гүлденуіне Ұлы Жібек жолы мен Іле өңірі арқылы өткен ортағасырлық керуен жолдарының ықпалы зор болған. Х-ХІІІ ғасырлар кезінде қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерде бірнеше ортағасырлық қалалар мен елді мекендер болғаны белгілі. Солардың бірі Алматы 1 қалашығы – ол қазіргі қаланың «Таулы қырат» бөлігінің оңтүстік жағында орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген төбенің көлемі 140х150 м, бұрыштары дүниенің төрт жағына қарай бағытталған, оған солтүстік-батыс жағынан жалғасып жатқан төбенің көлемі 85х40м, оны сыртай жал қоршап жатыр. Қалшықты сырттай қоршаған қамалдың қалыңдығы 2-2,5 м, мұнараларының биіктігі 3 м, қақпа оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан. Қалшық таудан ағатын өзектердің ортасында тұр. Алматы 1 қалашығында жүргізілген шағын көлемді қазба жұмыстарының барысында оның мәдени қабатының қалыңдығы 1,8-2,2 м екендігі белгілі болды. Қалашық ІХ – ХІІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Алматы 2 қалащығы Кіші Алматы өзенінің жағасында шекарашылыр учелищесінің жерінде орналасқан, қазіргі күнде ол толық бұзылып үстіне жаңа құрылыстар салынып кеткен. Құрылыс жұмыстаы кезінде қалашықтың орнынан ұстаның көрігі, темір балта, кетпен, түрен, темір қазанның сынығы және 2 құмыра табылды.

Весновка (Есентай – М.Е.) қалашығынң орны Алматы қаласының Бас Батаникалық бағының ішінде орналасқан. Бұзылып кеткен қалашықтың орнынан бояулы, бояусыз ыдыс сынықтары табылды, қала Х – ХІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Ремизовка (Әл Фараби – М.Е.) қалащығы Алматы қаласының оңтүстік шетінде, әл Фараби даңғылы мен Ремизовкам ауылына бұрылатын жолдың қиылысында тұрған биік төбенің үстінде орналасқан, көлемі 120х100 м. Шамсы, қалшықтың бірқатар бөлігі осы төңіректен топырақ алу кезінде бұзылған болса керек. Қалашықтың үстінен және бұзылған бөліктерінен табылған сынықтарына қарағанда әл Фараби қалашығы ХІ-ХІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.
Бақылау сұрақтары



  1. Мерке қаласының тарихи- географиялық аймағы.

  2. Қаланың алғаш Ибн Хордадбектің шығармасында айтылуы.

  3. Үзкент қаласының алғаш аталуы.

  4. Рузбиханның жазуы бойынша Үзкент қаласы қайда орналасқан дейді

  5. Құлан қаласының алғаш атаулары

  6. Құлан қаласы Қытай деректемелерінде.

  7. Құлан қаласының орналасқан аумағы

  8. Баршынкент қаласының тарихи- географиялық аумағы.


6-апта

23 Сабақтың тақырыбы: Іле өзені аңғарындағы қалалар мәдениетінің тарихы.



Жоспар:

1.Қара тақтайдағы құдайлар.

2.Отырар ақша қоймасы және күміске толы күмбе.

Тесттік сауалнама

1.Кедер қаласы қай ғасырларға жатқызуға болады.

А. Х-ХІғ

Б. ХІІ-ХІІІғ

С. ХІ-ХІІғ

Д. ХҮ-ХҮІғ

2. Кедер қаласы Құйрық төбе қаласының орнында орналасқан ғалым.

А. Әл-Истахри

Б. Рузбихан

С. Әл- Мукадаси

Д. Ибн Хордадбек

3.Кедер қаласының Салтанат сарайының жалпы көлемі.

А. 157,5 шаршы

Б. 140,5 шаршы

С. 152,5 шаршы

Д. 155,5 шаршы

4. Мойыны бұдырланған құмыралар және құмыра тәріздес сауыт,ернеуі бұрышталып келген хумдар қай ғасырда табылған.

А. ҮІІІғ

Б. ХІІғ

С. ҮІІғ


Д. ІІІғ

5.Қазба жұмыстар кезінде табылған тиындардың беттерінде қандай белгілер салынған.

А. Арыстан,садақ, және «Х» белгісі

Б. Ирелек сызық су белгісі

С адам белгісі

Д. Ешқандай

6. Кедер қаласында мекендейтін адамдар қандай Құдайларға табынған.

А. Нана-Анахита

Б. Ұмай анаға

С. Көк Тәңіріге

Д. Тастарға

7. Құйрық төбе қаласы қазба жұмысы барысында неше тарихи кезеңді басынан өткізгенін анықтады.

А. 3 кезең

Б. 4 кезең

С. 5 кезең

6-апта

1,0-балл

24 Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстанның орта ғасырлық



қалалары мен елді мекендері, Сауда ақша айналымы.

Жоспар:

1.Орта ғасырдағы қалалық мәдениеттің бастауы.

2.Орта ғасырлық кезеңде ұлы жібек жолы арқылы сауда қатынасы кеңінен дамыған қалалар.

Консультация

1.Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.

Орталық Қазақстанда 30-ға жуық ортағасырлық қалалар мен елді мекендер белгілі. Оларды зерттеуге Ә.Х. Марғұланның қосқан үлесі зор. 1946 ж. бастап Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы орталықта ұзақ жылдар далалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп ондаған ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді ашып, ғылыми айналымға енгізді. Олардың қатарында Аяққамыр, Ханордасы, Айбас-дарасы, Алаша-хан, Ноғайбек дарасы, Дойбағұл, Басқамыр, Милықұдық және басқа да ортағасырлық қалалар мен елді мекендер бар. Ә.Х. Марғұлан Милықұдық елді мекенде кең көлемде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның ортағасырлар кезінде ірі металл өңдеу орталығы болғанын анықтады.

1972 ж. С.Жолдасбаев Аяққамыр қаласында шағын көлемде археологиялық қазба жүргізді.

2.Орта ғасырлық кезеңде Орталық Азия мен бүкіл Европа жеріне жол ашатын Ұлы Жібек жолының тарихы мен сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы қалалардың қалыптасып гүлденуіне өзіндік әсерін тигізген Ұлы Жібек жолының салыну тарихы және маңыздылығын анықтау.

1988-1994 ж.ж. аралығында ҒА ТАЭ институтының Жаңақұрылыс экспедициясының Жезқазған тобы Аяққамыр, Шотқора, Басқамыр қалаларында, Жошыордасы елді мекенінде қазба жұмыстарын жүргізіп, осы ескерткіштердің өмір сүрген уақытын анықтайтын заттай деректер алды. Шағын көлемдегі қазба жұмыстары Алаша хан, Ханордасы, Ногербек дорасы, Айбас дорасы, Топырақ қорған, Дойбағұл, Қаратон қалаларында және Аяққамыр, Барақ, Келінтам, Бестам, Болған ана елді мекендерінде жүргізілген.


Бақылау сұрақтары.
1.Орта ғасырда қалаларды қандай жерлерге салу тиімді еді.

2. Қала сыртынан ор қазып неліктен дуалмен қоршайтын болған.

3. Қаланың негізгі үш бөлігін атаңдар.

4. Картадан Жетісудағы қалалардың орналасқан орнын көрсетіңдер,қазір қайда орналасқан.

5. Орта ғасырлардағы қалалардың қазіргі замандағы қалалардан қандай айырмашылығы бар.

6. Қала мен көшпелі малшылар арасында қандай байланыс болды.

7. Дін мен ғылымның қаланың ұлғаюына, мәдениеттің артуына әсері.

8. Қазба жұмыстары кезінде тараз қаласында Х-ХІғғ су құбырлары болғанын қалай білеміз.

9. Тараз қаласында моншаларды неден салған.Моншалардың еденіне не төселген.

10. Қазақстан жерінен 60-тан астам қала болғанын қалай білеміз.

11. Қазақстанның орта ғасырлар кезіндегі солтүстік Қазақстан қалалары,Қала дуалдарының ұзындығы ,биіктігі.

12. Талхиз қаласы тік төрт бұрышты аумағы қанша метр келетін үйлерден құралған дейді.

13. Орта ғасырлық қалаларда қандай теңгелер соғылды.

14. Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына қай қағанаттың сарайына баратын болған.

15. Талхизден басталатын теріскей жол Талғар өзенін қуалай жүріп қай шатқал маңынан өтетін болған.

16. Жібек жолының Қазақстан жерін мекендеген тайпалар үшін қандай маңызы болды.

17. Ұлы Жібек жолы керуендерінің басты тауарлары.

18. Ұы Жібек жолының аталу себебі.

19. Ұлы Жібек жолының тарихы.

20.Жібек жолының адамзат тіршілігіне әкелген жаңалығы.


Глоссарий

  1. Хануден

  2. Турфан

  3. Талас жазуы

  4. Цитадель

  5. Шахристан

  6. Бастырма

  7. Жал жиек

  8. Балхи

.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет