Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет12/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

«Қазақ тілі» өлеңі.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларға М. Жұмабаев

тың шығармасы жайлы ақпарат беру.



Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде ақын туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата біледі, мәтін құрап жазады.

Жаңа сөздер:

Айбынды, жауыз тағдыр, бақ, кен тілім, ұмытылды, тарады.




Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, М. Жұмабаевтың суреті, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, қоржын, карточкалар, парақшалар, же- лімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, диаграмма, жағдаяттық тапсырма, постер, диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөз- дер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында М. Жұмабаевқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді,

«Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Оқушылардан ақын жайлы не білетіндіктерін

сұрайды.


Слайдтарды қарайды, сұрақтарға жауап береді, өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерак- тивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөз- дермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 4-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Жазылым. Слайдтарды қарайды, сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді қатыстырып, ақын ның бейнесін сипаттап айтады.




Ә) Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Суретке қарайды, мәтінді оқиды.




Б) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диаграмманы толтырады, мәтіндегі деректерді кірістіріп, ақын тура- лы шағын мәтін құрап жазады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орын- датады.

Тыңдалым. Оқылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Өлең мәтініндегі қою қаріп пен жазылған сөздерді дәптеріне жаза- ды, мағынасын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» пайдаланып анықтайды, сөздер- дің синонимін, антони

мін тауып жазады.






Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Б) Айтылым. Оқулықтағы 8, 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Бағанда жазылған сөйлемдер дің қайсысы ақын өлеңінің қай шума ғындағы ойға сәйкес келетінін айтады, диалог құрады, жағда

яттық тапсырманы орындайды.






Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржын ның ішінен сөз жа зылған бір карточка

ны алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3

сөйлем құрайды.





5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Өлеңді оқиды, А.Ахматова ның өлеңін «Қазақ тілі» өлеңімен салыс тырады, кестеге жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Қайнаркөздерден М. Жұмабаев туралы ақпарат жинайды, «Мағжан Жұмабаев — ұлы тұлға» тақыры

бында постер жасай

ды.


IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Ба- лалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет