Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп


тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі



бет10/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілін оқып үйренеміз. Үштілді білу — үлкен өнер



1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Көп тіл білгім келеді.

Білімділік:

Қазақша сипаттау мәтіндер арқылы көп тілді меңгеруге қатысты ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында көмекші есімдерді меңгерту.

Дамытушылық:

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушы- лардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, қазақ тілінде көп тілділік жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер.

Сабақта қолданы- латын материал- дар:

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, плакат, маркерлер, «Мем- лекеттік тілі — менің тілім» бейнебаяны, кесте, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, «Кім жылдам?» ойын, жұптық жұмыс, концептуалды кесте, «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, кластер, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: Балалар, сен- дер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта-ды. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақы- рып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Мемлекеттік тілі — менің тілім» бейнеба- янын көрсетеді, «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «тіл» сөзіне ассоциограмма құрғызады.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айты- луымен ауызша жаттығу

жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тыңдалым.Оқылым.Айтылым.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.


Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Сөйлемдерді тыңдайды, оқиды, өз ойын айтады.




Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.

Оқылым.Жазылым.

Қанатты сөздерді оқиды,

«Түсіндірме сөздіктің» көмегімен сөздердің мағынасын анықтайды, тіл туралы өзіне ұнаған мақалдар мен нақыл сөз- дерді жазып алады.





3. Тілдік бағдар. Көмекші есімдерді меңгертеді.

Көмекші есімдерді меңгереді.




А) Жазылым. Оқулықтағы 3, 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Кестеге көмекші есімдер тіркескен сөздерді жазады, толықтырады, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

«Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады, жұптық жұмыс

орындатады.


Айтылым. Ойын шарттарын орындайды.




4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Айтылым.

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.



Оқылым. Айтылым. Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын өз сөзімен айтады.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ қояды, ақпараттың дұрыстығын тексереді.




Б) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көмекші есім- дерді пайдаланып, сөйлем құрап жазады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тыңдалым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Тіл үйре- нушілердің өз тәжірибесі туралы пікірін тыңдайды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 11 -тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тіл үйре- нушілердің пікірін концепту- алды кестеге толтырады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




6. Сергіту сәті. «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілін пайда- ланып, тақырып аясында сұхбат құрғызады.

Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарап тұрады. Өзара әңгімелесіп, сұхбат құрады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жазылым. Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қосымша қайнаркөздерден қазақ тілі туралы ақпарат жи- найды, «Қазақ тілі қандай тіл?» тақырыбына кластер құрастырады.

IV. Бекіту

А) Айтылым. Оқулықтағы 14-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Тіл тура лы мақал-мәтелдер

нақыл сөздерді қолда нып, «Көп тіл білу үшін...» тақырыбын



да диалог құрады.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдай- ды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет