Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет2/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

Алғы сөз


Құрметті мұғалім! Сіздің қолыңызға қазақ тілін деңгейлік меңгертуге арналған оқулық пен оқу- әдістемелік кешен ұсынылып отыр. Қазақ тілді емес мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту мақ- сатындағы жаңа кешен заманауи талаптарға сай тілді меңгертудің халықаралық және ҚР өзіндік ерекшелігін қамтыған қазақ тілін деңгейлік меңгер- тудің тілдік стандарттарын басшылыққа ала отырып дайындалды.

Көптілді тұлға даярлау міндетін алға қойып отырған бүгінгі уақыт талабы қазақ тілінің қоғамдық- әлеуметтік сұранымға сай меңгертілуін қажет етеді. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемле- кеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі, әлемдегі бес мыңнан аса тілдің бірі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданысқа енуінде үздіксіз білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту сапасын арттыру маңызды фактор болып са- налады. Өйткені ғалым Х.Досмұхамедұлы айтқандай,

«мектептің тілі бола алмаған тіл мемлекеттің тілі бола алмайды».

Қазақ тілін деңгейлік оқытудың түпкі мақсаты — оқушының қазақ тілін білу деңгейі мен сұранысын ескере отырып, бір-бірімен сабақтас, жүйелі, коммуникацияға құрылған білім мазмұны арқылы мемлекеттік тілде өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін, түсінікті, дұрыс жеткізе алатын, түрлі өмірлік жағдаяттарда тілдік қатынасқа түсе алатын дара тұлғаны даярлауға мүмкіндік туғызу.

Оқулықтағы тапсырмалар тыңдалым, оқылым, ай- тылым, жазылым бойынша жүйеленді. Тақырыптың ерекшелігіне қарай сөйлесім әрекетінің түрлерін ке- шенді түрде қолдану міндеттеледі. Тілді оқытудың басты мақсаты оқушылардың қазақша сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу сияқты қоммуникативтік қабілеттерін дамыту болғандықтан, әрбір сабақтың нәтижесі сөйлесім әрекетіне құрылған тапсырмалармен бекітіледі.

Тілді меңгерту үдерісінің тиімділігін арттыру мақ- сатында оқу материалдары қысқа мерзімді (күнделікті сабақ жоспары), орта мерзімді (тақырыптық-желілік жоспар) болып жіктеліп ұсынылды.

Орта мерзімді жоспарда лексикалық тақырыптар SMART мақсат аясында айқындалып, мұнда негіз- гі пәндік құзіреттіліктер, қолданылатын ресурстар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен формалары анықталды. Сонымен қатар бағалау критерийлері ұсынылып, та- қырып бойынша қол жеткізілетін түпкі нәтиже нақты көрсетілді.

Қысқа мерзімді жоспарда сабақтар бойын- ша жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстар нақты көрсетіледі. Әр сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары, оқу материалына сілтеме, бағалау критерийлері, негізгі түсініктер, қолданы- латын материалдар, әдістер мен дерек көздері нақты беріледі. Тапсырмалар бөлігінде сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті, сы- ныпта психологиялық ахуал туғызудан бастап, жаңа сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы талапта- рына сай сатылап дәйектеледі. Онда қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ойтолғаныс, бекіту, бағалау, үйге тапсырма, рефлексия бөліктері бойынша әрбір тапсырма таратылып түсіндіріледі. Креативті ойлауға дағдыландыратын интербелсенді әдіс-тәсілдер не- гізінде ұйымдастырылатын даралық, жұптық, топтық тапсырмалар әртүрлі сипатта ұсынылады.

7-сыныпта оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуге мүдделігін тудыратын мотивациялық сипаты басым тапсырмалар даралық, жұптық, топтық жұмыс түрінде қамтылды. Тілді ұтымды жұмсауға дағдыландыратын жаттығулар жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік, логикалық және дидактикалық ойындар түрінде сараланды. 7-сынып оқушысының жас ерекшелігі- не лайықталған тапсырмалар олардың өз білімін өзі бағалауына мүмкіндік береді. Бұл мұғалімнің ше- берлігіне қарай оқушылардың білімін формативті бағалауға ықпал етеді.

Оқытудың инновациялық жүйесін зерделеген әдіскер-ғалымдардың пайымдауынша, «формативті бағалау оқу үдерісіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының даму жолын бағалай отырып, мұғалімнің оны одан әрі жетілдірудің тетіктерін табуына жол ашатын бірден-бір бағалау жүйесі». Мұнда оқушы өзін-өзі бағалауға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Сөйтіп оқушы алғаш мұғалімнің жетекшілігімен өз

Алғы сөз 3




әрекетін жоспарлай отырып, кейіннен өз бетінше әрекет етуге, шешім қабылдауға, ойын дәлелді жет- кізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушының реф- лексивтік машықтарының жетілуіне жол ашады. Ал суммативтік бағалауды мұғалім тоқсандық, жылдық қорытынды бақылау кезінде қолданады. Суммативтік бағалау оқушының белгіленген уақыт аралығында жинақтаған білім, білік, дағдыларын тест тапсырма- лары, жазба жұмыс түрлері және т. б. арқылы тексеру нәтижесінде жүргізіледі.

Негізгі сатыда формативті бағалаудың «Жалпы сұрақ», «Шағын шолу», «Білемін/Білгім келеді/Не білдім» стратегиясы, «Жеке әңгіме», «Баспалдақ»,

«Ішкі және сыртқы шеңбер» және т. б. тиімді тәсілдер қолданылса, олар оқушылардың пәнге қызығушылы- ғын оятады, өз әрекетін өзі бағалауға төселдіреді.

«Жалпы сұрақ» бойынша мұғалім модульдік та- қырыптарды жинақтап, оқушылармен кері байланыс жасайды. Оларға түрлі сұрақтар қояды.

«Баспалдақ» — оқушылардың тапсырманы я өтілген материалды қалай меңгергенін анықтайтын бағалау тәсілі. Мұғалім алдымен оқушыларға параққа салынған баспалдақтың суретін таратады. Оқушылар өзінің білімін бағалау үшін баспалдақ басқышының біреуін таңдайды. 8—10 аралығындағы басқыш

«5», 5—7 аралығындағы басқыш «4», ал 1—4 аралығындағы басқыш «3» деген бағаны білдіреді. Бұл тәсіл оқушылардың оқу материалын қалай меңгергендіктерін анықтауға көмектеседі. Ал оқу- шылар өзінің материалды қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін біледі, өз білімдерін бағалауға мүмкіндік алады.

«Шағын шолу» — күнделікті сабақ барысында 1 минуттық уақыт аясында балалардың не түсінгенін

білу үшін жүргізілетін бақылау тәсілі. Қазақ тілі сабағында сол күнгі өткен жаңа сөздерді жаздыру үшін әр балаға парақша ұсынылады. Оқушы есінде қалған сөздерді жазады. Сол арқылы өз білімін өзі бағалауға мүмкіндік алады.

«Жеке әңгіме» тәсілін сабақ барысында тілді мең- геру қабілеті төмен немесе енжар балалармен са- ралап қолданған тиімді. Бұл мұғалім мен оқушының арасында түсіністіктің тууына, баланың өзіне және мұғалімге деген сенімділігінің артуына ықпал ететін, психологиялық жағынан ұтымды тәсіл болып санала- ды. Өзге тілді меңгертуде оның маңызы зор. Ескеретін мәселе бұл тәсілді мұғалім оқушының қиындықтан жол тауып шығуына көмектесу мақсатында орынды қолдануы шарт.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» — оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеру деңгейлерін өзара баға- лауды жүзеге асыратын тәсіл. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер түзіп тұрады да, бір-бірі- не сұрақ қояды. Ішкі шеңбердегі балалар жылжып орын ауыстырып, жұптар өзгеріп отырады.

Мұғалім кітабында оқушылардың білімін баға- лаудың жалпыға ортақ үлгісі берілген. Оны өз қала- уыңызбен оқыту мақсатыңызға сай өзгертіп немесе жетілдіріп пайдалануыңызға болады.

Сабақта Сіздің тәжірибеңіз бен кәсіби шеберлігі- ңізге қарай жаңа әдіс-тәсілдер қосылып, оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмалар да, амал-тәсілдер де үнемі дамытылып отырылғаны жөн. Мұғалім кіта- бында беріліп отырған әдістемелік нұсқаулықтар Сіздің ізденісіңізге жол ашу, бағыт-бағдар беру мақ- сатынан туындап отыр.

Іске сәт, әріптес!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет