Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет45/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

3—4-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Еркін киінемін.

Білімділік:

Сөйлесім барысында тілдік тапсырмалар негізінде тақырып жайлы толық ақпарат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.




Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша ұлттық мерекеге қатысты жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрады, достарымен наурызкөже туралы сөйлеседі, қазақша ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша наурыз мейрамына қатысты жаңа сөз- дерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, наурызкөже жайлы сыныптастары- мен сұхбат құрады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, наурызкөженің құрамы жөнінде қазақша мәтін құрай алады, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Еркін сезіну, ыңғайлы, ауа жібереді, ылғал өткізбейді, денеңді қыспайды, қимылыңды шектемейді, қанық ашық түсті.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, диалог, «Сен сән үлгісін білесің бе?» ойыны, жұптық жұмыс, диалог, «Жеке әңгіме» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілек- тер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында тақы рыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер қалай киін- генді ұнатасыңдар? Қазіргі жеткіншектер қалай киінеді?

Слайдтарды көреді, сұрақтарға жау- ап береді, өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, суреттегі киімдерді сипаттап айтады.

Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Киім туралы білетін мақалын дәптерге жазады, мағынасын түсіндіреді.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді- тыңдайды, оқиды.

Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырма- ны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Б Б) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 7-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Оқылым. Сөйлемдерді оқиды, үш нұсқаның ішінен тиісті сөзді таңдап жазады.

4. Сергіту сәті. «Сен сән үлгісін білесің бе?» ойы- нын ұйымдастырады.

Оқушылар қазіргі сән үлгілері туралы өз пікірін айтады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Айтылым.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.



Оқылым.Айтылым. Бірнеше сөйлем құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады

Оқылым. Тапсырманың шартын орындайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады

Жазылым. Айтылым.Тапсырманың шартын орындайды.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы біл- діреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет