бет 42/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 11—12-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Ұлттық команда.
Білімділік:
Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тіл- дік коммуникация құру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы ұлттық команда киімі жайлы толық ақпарат бере алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы сөйлесімге түседі, ұлттық команда киімі туралы тың ақпараттар бере алады.
Жаңа сөздер:
Ұлттық нақыш, жанкүйер, өлшем, шақ келді/шақ емес, жарасу/ жараспау.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер , плакат, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, коллаж, диа- лог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында дайындаған слай- дтарын көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендердің ұнататын ұлттық командаларың бар ма? Олар қандай киім киеді? Ұлттық команда киімін сипаттап беріңдерші.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Ұлттық команда киімін сипаттайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-
датады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Суретке қарап, мәтін құрайды.
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, тақырып қояды, жоспар құрады, сұрақтарға жауап береді.
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.
Айтылым. Көршісімен сұхбат құрады.
5. Сергіту сәті. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады. Коллаж дайындатады.
«Қазақстан спортшылары» тақырыбында коллаж дайындайды.
6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Оқу лықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Досымен диалог құрады.
Ә) Оқылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.
Оқылым. Сұхбатты рөлге бөліп оқиды.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.
IV. Бекіту
«Есте сақта!» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдатады.
Сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.
Тексерілді: _________
ОІМ: Байтасова Ш.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: