бет 44/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы тақырып. Ұқсатым. Сән. Талғам.
1—2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Киім кию мәдениеті.
Білімділік:
Қазақ тілінде нақты айтылған хабарламалар арқылы киім кию мәдениеті жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушылардың сән әлеміне, сәнге деген қызығу- шылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Сөйлесім барысында тілдік үлгілер арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы , «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде киім кию мәдениеті жайлы ақпарат береді, жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, өз сөзімен киім кию мәдениетін сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра оты- рып жауап береді, мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Сыртқы бейне, ішкі дүние, киім киісі, бойға қонымды, ой тумауы керек, үйлесімді, қорғайды.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар , «Сәндік үкім» («Модный приговор») бағдарламасының бейнебаяны, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, жұптық, топтық жұ- мыстар, Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ын- тымақтастық атмосферасын орнату үшін оқу- шыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында Интерактивті тақтадан «Сәндік үкім» («Модный приговор») бағдарламасының бейнебаянын көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды.
Сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-
ша жаттығу жүргізеді.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-
датады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
Жазылым. А. П. Чеховтың сөзін қазақ тіліне аударады, түсіндіреді.
Б) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсыр- маны орындатады.
Жазылым.Оқылым. Берілген сөздер- ге сұрақ қояды, сөз тіркесін құрайды.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5, 6-тапсыр- маны орындатады.
Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды , жаңа сөздерді табады, қандай сөз- дермен тіркесіп тұрғанын анықтайды, мағынасын түсіндіреді, өз ойын айтады.
Б) Жазылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орын- датады.
Жазылым. Сөйлемдерді аяқтайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Мақалды орыс тіліне аударады, мәнін түсіндіреді.
6. Сергіту сәті. Жарнама жасатады.
Жұптық жұмыс. Оқушылар сән әлемі- не жарнама жасайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіннен жаңа сөздер- ді табады, тиісті қосымшаларды жалғайды, сөйлемдерді аяқтайды.
IV. Бекіту
А) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
Ә) Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: