Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет52/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Электронды кітапханадан Жюль Верн шығармасын оқыдым.

Білімділік:

Қазақ тілінде нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тақы- рыптың аясында оқушылардың электронды кітапхана жайлы ұғымын ұлғайтудың алғышарттарын жасау.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық- танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.




Тәрбиелік:

Оқушыларды ғаламторды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы электронды кітапхананы қалай пайдалануға болатындығын айтады, сұрақтарға жауап береді, сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолдану арқылы электронды кітапхананы, оның тиімділігін сипаттайды, мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді, айтылған ақпараттарды салыстырады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): электронды кітапхананы қолдану жөнінде мәтін құрайды, сыныптастарымен тақырып аясында сұхбат құрады, кесте, суреттер мен сыз- баларда берілген ақпаратты сипаттайды, мәтіндегі көтерілген мәселелер жөнінде өз ойын дәлелдеп айтады.

Жаңа сөздер:

Лажсыздан, тапсырыс, шарлау, туынды, таралым.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, А4 парағы, мар- керлер, плакат, кестелер, суреттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, ассоциаграмма,

«Броундық қозғалыс» әдісі, полилог, «Қосжазба күнделігі», «Оймоншақ» ойыны,

«Ғаламтор әдебі» рөлдік ойыны, «Жеке әңгіме» техникасы .


Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипат-тайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейта-рап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «электронды кітапхана» тіркесіне қатысты ассоциаграмма құрғызады.

Ассоциаграмма құрады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Жазылым. Сөйлемдердің жалғасын жазады, құрамында үстеудің түрлері бар сөйлемдерді анықтайды.




Ә) Жазылым. Айтылым. «Броундық қозғалыс» әдісін пайдаланып, оқулықта

ғы 2-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Электронды кіта- пханадан қанша кітап оқығаны туралы ақпарат жинайды, кестені толтырады.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орын- датады.

Айтылым. Полилог құрады.




3. Тілдік бағдар. Себеп-салдар үстеуін меңгертеді.

Себеп-салдар үстеуін меңгереді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




В) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Әр сөзге етістік- терді тіркестіріп жазады, сөйлем құрап айтады.




4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Қосжазба күнделігі». Мәтін мазмұнына сүйеніп, үш тұжырымға түсініктеме жазады, ретімен жазады.




5. Сергіту сәті. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады. Топқа бөледі.

Әр топтағы оқушылар кезек-кезекпен бір сөйлем айтып, мәтін құрайды.




6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 8, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Викториналық ойын тап- сырмасын орындайды, диалогті то- лықтырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Топтық жұмыс. Рөлдік ойын (10-тапсырма) ұйымдастырады.

Тапсырманың шартын орындайды.

IV. Бекіту

«Ғаламтор әдебі» рөлдік ойынын ұйымдастырады.

Ойын шарты бойынша ғаламтор желісінде қалай сөйлеу керектігі жөнінде сұхбат құрады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет