Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет54/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

9—10-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Балаларға арналған сайттар.

Білімділік:

Тақырыптың аясында қазақша қарапайым сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пай- далану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша балаларға арналған сайттарға қатысты ақпараттар береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы балаларға арналған сайттар туралы толық ақпарат бере алады, сипаттайды.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып көлемінде қазақша сөйлемдерді құрау арқылы сөйлесімге түсіп, балаларға арналған сайттар жайлы өзінің пікірін білдіреді, жан-жақты ақпарат береді.

Жаңа сөздер:

Сайттар, қажетті.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Ә Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, диалог, кластер, жағдаяттық тапсырма, «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа қызығушылы- ғын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, сендер балаларға қатысты қандай бағдарламаларды білесіңдер?

Қандай балаларға арналған сайттар сендерді

қызықтырады? Сипаттап беріңдерші.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тап- сырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Зат есімдерден сын есім жасайды, себеп-салдар үстеу- лермен қоса сөйлем ішінде қолданып айтады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалог құрады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орында- тады.

Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.




Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 5-тап- сырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, диалогті толықтырып оқиды, қажет деген сөйлем- дерді жазады.




Б) Жазылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Досына хат жазады.




В) Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Өз ойын айтады, диалог құрайды.




4. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын жасата- ды.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазы- лым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін табады, күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін құрап айтады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.

«Балалар сайттары» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім әр оқушыға А4 парақ таратады.

Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет