Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет51/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

3—4-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Онлайн сөздігін қарадың ба?

Білімділік:

Қазақ тілінде берілген мәтіндер негізінде онлайн сөздіктер жайлы ақпараттық ұғымын молайту.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы тіл дамыту жұмыс- тарын жүргізу.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ғаламторды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы онлайн сөздігін қалай пайдалануға болатындығын айтады, сұрақтарға жау- ап береді, сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолдану арқылы онлайн сөздікті, оның тиімділігін сипаттайды, мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді, айтылған ақпараттарды салыстырады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): онлайн сөздікті қолдану жөнінде мәтін құрайды, сыныптастарымен тақырып аясында сұхбат құрады, кесте, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды, мәтіндегі көтерілген мәселелер жөнінде өз ойын дәлелдеп айтады.

Жаңа сөздер:

Қостілді сөздіктер, сапасы, аударма.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Броундық қозғалыс» әдісі, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: -Балалар, онлайн сөздік дегініміз не? Оны қалай пайдалануға болады? Онлайн сөздікпен жұмыс істеу тиімді ме?

Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын- датады.



Жазылым. Сөйлемдердің сыңарын сәйкестендіріп жазады, құрамында мақсат үстеуі бар сөйлемдерді анықтайды.




Ә) Жазылым. Айтылым. «Броундық қозғалыс» әдісін пайдаланып, оқулықта

ғы 2-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Ғаламторда қандай сайттар қолданатынын айтады, кестені толтырады.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орын- датады.

Айтылым. Диалог құрады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым.Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, диалог құрайды.




Б) Оқылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.




В) Айтылым. Оқулықтағы 6, 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді көшіріп жазады, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді, сөйлемді аяқтап жазады, мақсат үстеулерін қолданып толықтырады.




4. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Cөйлемдерді қазақ тіліне аударады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарды жалғастырып, диалог құрады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Өз пікірлерін қорғайды.




«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім әр оқушыға А4 парақ таратады.

Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет