Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылын арттыру арқылы пәндік білімдерін тереңдету, ақыл-ойын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, жүйелі түрде өздіктерінен табысты нәтижелі білім алуға бағыттау.
Бағдарламаның міндеттері:
Шығармашылық бағыттағы жаттығуларды кеңірек орындау. Оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу, тапқырлық пен зерделілік таныту, логикалық талдау жүргізу, ақыл-ой операцияларының орындалуын алға қою.
Тапсырмалар орындауда оқушылардың білім деңгейін бақылау, сауалнама сұрақтары түрінде қорытындылап, салыстырып отыру.
Бала дамуының ең жақын аймағына сүйене отырып, оқушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларымен бірге жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешім қабылдауына мүмкіндік беру.
3-сынып. Сағат саны – 34
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1-сабақ (1 сағат)
Кіріспе. «Математика – ғылымдар патшасы»
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Білгенге маржан»
Математиканың адам өміріндегі орны.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Сандар нумерациясы»
1000 көлемдегі сандар. 1000 көлемдегі сандардың құрылу жолдарын түсіндіру, талдау.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қызықты әзіл есептер»
Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту бойынша алған білімдерін жинақтау.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық эстафета»
Кестеден тыс жазбаша қосу және азайту тәсілдерін жете меңгерете отырып, 1000 көлемдегі сандардың құрылу жолдарын талдау.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Оңайдан қиынға»
Логикалық есептер шығарту.
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы. «Баған» - зерделі тапсырмалар
Көп таңбалы сандарды оқу, жазу салыстыру тәсілдерін меңгерте отырып, есептердің шығару жолдарын еске түсіру.
8-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық ғажайыптар» ойыны
Көп таңбалы сандардың разрядтық қосылғыштарының қосындысын, теңдік пен теңсіздік құрамын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |